Дәл осындай тақырыпта Арқалық политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен колледждер арасында қалалық педагогикалық оқулар өтті. Әртүрлі тақырыптағы тың баяндамалар тыңдалған біліктілік артыру шарасына мен де қатыстым.
.jpeg)
Педагогикалық оқулар аясында ережеге сай оқытушылардың жіберген мақалаларының ішінен менің «Өндірістік оқыту сабақтарында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбындағы мақалам үздіктер қатарынан табылды. Білім негізі – сабақ барысында. Оқытушының әрбір сабағы бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыруды және басқаруды жетілдіру қажет. Ол үшін сабақтың әрбір минуты тиімді және білімділік, дамыту, тәрбиелік мақсаттары айқын болуы қажет.
Баяндамамның өзектілігі: сабақ беретін топтарымда теориялық, зертханалық тәжірибелік және өндірістік оқыту сабақтары барысында сабақ жоспарына сәйкес сабаққа бейімдеу үшін әртүрлі психологиялық тренингтер немесе «шеңбер», «сиқырлы орындық», «мен күн сәулесіндемін», «А4 парағы», «газет», «шар», «пирамида», «stem» және т.б. жаттығулар жасатып, түрлі иноовациялық платформаларға сүйене отырып сабақты қызықты, жаңашыл, белсенді өткізуге болады.
.jpeg)
Өндірістік оқыту сабағы барысында инновациялық технологиялар білім алушылардың топтық, жұптық, жекелей жұмыс жасауын қамтиды. Әдіс-тәсілдер тұрғысынан алғанда жиі қолданатын «PPP» әдісін қарастырдым. «PPP» әдісі – рresentation (презентация, танысу), practice (практика, тәжірибе) және production (продукт, қолдану) деген тұжырымнан тұрады. «PPP» әдісін әрбір оқытушы сабақ жоспарын стандартқа сай құру барысында жеңіл түрде қолдана алады.
«Жаңа материалды зерттеу, мәселелерді талқылау және шешу» бөлімінде білім алушыларды жаңа тақырыпқа бейімдеу барысында топпен жұмыс істейді, яғни рresentation (презентация, танысу) алғашқы кезеңінен өтеді. «Оқу міндеттерін шешу» бөлімінде flippity.net, QR код арқылы, берілген тақырыпқа сай жасырын конвертте сурет мозайкасын ұсыну, лупа әдісі, castlots.org., randraw.com, classtools.net, qazmath.net және т.б. түрлі әдіс тәсілдермен жұпқа бөлеміз.
Берілген тақырыпты әрі қарай тәжірибелік жағынан қарастыру үшін нұсқаулық карталар таратылады. Білім алушыларға нұсқау парағы бойынша тәжірибелік жұмыстың бағыттарын түсіндіру. Тақырыпқа сай демонстрациялық түрде үлгісін көрсету. Білім алушылар көрсеткен, түсіндірілген нұсқау парағы арқылы тәжірибелік жұмысты жұппен орындайды. Жұпқа бөлудің ең басты себебі жұп ішінде әр білім алушының әлсіз тұстарын танып, бір-біріне көмектесу мақсатында жұптастыру. Practice(практика, тәжірибе) кезеңінен өтеміз.
«Білімді бақылау және бағалау» бөлімінде әр білім алушы жеке жұмыс істейді. Олар нұсқау парағы бойынша берілген тапсырманы орындап, қатемен жұмыс істейді. Артынша әр білім алушы белсенділігі мен жұмыс нәтижесіне қарай бағаланады. Production (прдукт, қолдану) соңғы бөлімін қарастырып, түрлі әдістермен рефлексия қолданамыз. Сабақты қорытындылау барысында білім алушы өз пікірін білдіреді. Осы аталған әдістің бір түрін өндірістік оқыту сабағында қолданып, барлық білім алушыны толықтай бағалап, сабақты жаңашыл бағытта өткізу арқылы бірталай мақсаттарға жетемін.
Білім алушылардың қызығушылығы артып, мақсаттарға сәйкес қызметтің оңтайлы тәсілдерін таңдайды, тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындайды, тапсырмалардың орындалуын және олардың нәтижелілігін бақылайды және талдайды, жұмысты орындау үшін қажетті ақпаратты табады, сабақ барысында оқытушымен өзара іс-қимыл жасайды, әр білім алушы оқу және өндірістік қызметпен қамтылған, бәсекелестік элементін енгізу арқылы топтар ішіндегі жұмыс белсендіріледі, уақытын үнемдеуді, жеке тұлға болуды және өзін жан-жақты қырынан ашуды үйретеді деп ойлаймын.
Ал, педагогикалық оқулар аясында басқа әріптестер ұсынған баяндамаларынан – цифрлық технологияларды сабақ барысында тиімді қолдану, авторлық бағдарлама және әдістемелік құрал дайындау барысында ұстанатын негізгі ережелер, білім берудегі жаңа тренд, жаңа көзқарас, жасөсіпірімдер арасындағы буллингтің алдын алу мен көмек көрсету жолдары тақырыптары бойынша өзіме көптеген тәжірибе жинадым деп айта аламын.
Нұргүл ӘЛІМЖАН,
Арқалық политехникалық
колледжінің өндірістік
оқыту шебері
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.