Тәжірибені жетілдіруге жетелейді

Выпуск - №42 (590)   :   14.11.2023
556

Жақында, қазан айының 16-сы мен 27-сі аралығында, мектепішілік әкімшілік қолдауымен «Өрлеу» БАҰО» ұйымдастыруымен өткен облыстық мұғалімдер арасындағы біліктілікті арттыру курсына қатыстым.

Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын орталық. Ахмет Байтұрсынұлының: «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөздеріне сәйкес, К.Д. Ушинскийдің: «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады», – деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек.

Курстар тыңдаушыларға дәстүрлі әдістемелер мен өзекті технологияларды біріктіруге, жұмысты өздігінен ұйымдастыруға және жоспарлауға, білім алуға және талдауға, ақпаратты іздеуге және іріктеуге, шешімдер қабылдауға, жобаларды таныстыру дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Бастауыш сынып мұғалімдерінің математика, қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәндері бойынша пәндік құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы оқыту курсы барысында тәжірибесімен бөліскен тренерім Раушан Нұржанова ұстамдылығы мен талапшылдығының, іздемпаздығының арқасында көптеген тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетіп, одан өзіме керегімді ала білдім.

Көптеген сайттардан, платформалардан ойын түрінде, уақытты тиімді пайдалану үшін әдіс-тәсілдер көрсетілді. Логикалық есептер мен тапсырмаларды тез орындауға, сабақ барысында топпен, жұппен және жеке жұмыстарды қалай тиімді жасау керектігін үйрендім. Курстың мaзмұнынa сaй, сaбaқты түрлендiру мaқсaтындa oқытудың түрлi әдiстерiн пaйдaлaнып, игi нәтижеге жетерім сөзсiз. Оған қоса, Гульжазира Смагулова «Lesson study» зерттеу сабағы бойынша алғаш білімімді аша түсті. Курс тыңдаушыларын ынталандыра отырып, сабақты қарапайым тілмен түсіндіре білді.

Болашақта осы алған білімімді өз тәжірибемде қолданамын. Сапалы білім берген «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығына алғысым шексіз. Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ал, осы сапаға қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру – әрбір мұғалімнің басты мақсаты болуы керек деп есептеймін. Сондықтан да, сапалы ұрпақ үшін, сапалы мұғалім болу парыз.


Гүлсім ДОСЫМБЕТОВА,
Абай атындағы мектебі
бастауыш сынып мұғалімі
Рудный қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.