Ыбырай салған ізбенен

Выпуск - №8 (455)   :   26.02.2021
538

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияда Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай педагогтер арасында «Шеберліктен табысқа!» атты пән бірлестіктерінің шеберлік байқауы өткізілді.

Қазақ халқының көгіне шыққан жарық жұлдыздардың бірі, барлық саналы ғұмырын халқының болашағына арнаған ағартушы, ұстаздардың ұстазы – Ыбырай Алтынсарин. Әдебиет сахнасынан, ағарту саласынан ойып орын алатын Ы.Алтынсарин – ұлы дала ұландарына білімнің нәрін берген ұстаз ретінде есте сақталған тұлға. Ыбырай қысқа өмірін өзі жан-тәнімен сүйген халқының бақытты болуы үшін ауадай қажет білім беру, мектеп ашу сияқты шарапаты мол зиялы іске арнады. Қараңғы түнекте қамалған халқын надандықтан құтқарып, көзін ашу, ағарту оның мәңгілік арман-мұраты болды.
Ағартушы Ыбырайдың қалдырған ізі мәңгілік, сондықтан кезінде армандап кеткен, көкжиегінен шұғыла шашқан оқушыларымызға білім нәрін сусындатып, үлгілі тәрбие беруіміз қажет. Міне, биыл ұлы ұстаздың туғанына 180 жыл толады. Осыған орай мектебімізде түрлі іс-шаралар, байқаулар ұйымдастырылып жатыр. Шеберлік байқауын өткізудегі мақсатымыз: ұстаздың педагогтік мұрасын зерделеу, тәжірибе алмасуды және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде іске асыру.
Пән бірлестік мүшелері педагог шығармаларының тәрбиелік маңызын нисихаттай отырып, қазіргі оқыту технологиясы мен Ыбырай шығармаларын байланыстыру шеберліктерін шыңдады. Әсіресе, дене шынықтыру, көркем еңбек пән бірлестік мүшелерінің ұсынған тәжірибелері ерекшеленді. Әділ қазы мүшелері мұғалімнің педагогикалық шеберлігі; Ыбырай шығармаларын байланыстыру шеберлігі; өткізген тәжірибесін талдау жасай алуы, көп мағына аз бөлшектермен жекізу шеберлігі; қойылған мақсатқа қол жеткізу және мәлімделген міндеттерді орындау бағалау критерийлері бойынша бағасын беріп, жеңімпаздары анықтады.
Ұлы ұстаздың салған ізімен жалғасын тауып жатқан ұстаздық жол – білімнің қайнар көзі. Алтынсарин атамыз айтқандай: «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі». Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты дарыны арқылы танылған Ыбырай Алтынсарин шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан.


Гүлжанат ЖҰМАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директордың әдістеме
жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.