Үйрету үшін үйрену...

Выпуск - №49(546)   :   17.12.2022
374

Жылдағы дәстүрге сай «Lesson Study» оқыту тәжірибесін жаңарту тәсілі ретінде» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназияның белсенді және шығармашыл мүшелері үшін ерекше есте қаларлық іс-шара болды.

Аталмыш конференцияның 4 бағытына да ЮНЕСКО қауымдастырылған мектептерінің мүшесі ретінде Би-аға атындағы №7 мектеп-гимназия директоры Қымбат Исланбекқызының және де өзім жұмыстарына жетекшілік пен үйлестіру әрекетін жүргізетін тренерлерім, атап айтатын болсам, Гүлжанат Тынышбайқызы, Нұргүл Қуантайқызы, Светлана Садирбайқызы үшін қыркүйектен бері жинақталған жаңа үлгіде практикасымен бөлісуге өте ыңғайлы серпінді сәт болғаны анық.

Сабақты зерттеу тәсілі ретінде қыркүйек айынан бергі өз фокус топтарымен жұмыс істеуде жаңаша бір ашылымдарын, болмаса жылдағыдай емес, өзгеше бағытта жаңа бір зерттеу мәселелерін әдіснамалық тұрғыда командалық тәртіпте шешу мүмкіндіктері бойынша тұжырымды түйінге іліккен практика облыстың білім беру ұйымдарынан келген өзге де әріптестер үшін өте қызық және ұтымды ақпарат ретінде қабылданғанын әрбір секция модераторларынан келген кері байланыстан назарға ілікті. Әлбетте, жай ғана конференция емес, ғылыми-практикалық конференция болғандықтан жинақталған тәжірибенің ұтымды және басым тұстарымен бөліскен абзал.

«Мұғалімдердің ғылыми-зерттеу практикасы мұғалімдердің кәсіби дамуының тәсілі ретінде» тақырыбындағы 1 секцияға «Барлық оқушыларды оқу және оқыту үрдісіне тартуда графикалық органайзерлерді қолданудың тиімділігі бойынша мұғалімнің кәсіби құзыры» тақырыбындағы практикалық баяндаманы мектептің үйлестірушісі ретінде мен, яғни педагог-зерттеуші Әсемгүл Абуталипова жалпы мектеп-гимназиядағы өткен, өтіп жатқан зерттеу топтамалары бойынша және мектеп тренері, педагог-зерттеуші Нұргүл Ибраева өзінің зерттеу сабақтарының циклы бойынша ұтымды деген әдістер нәтижесіндегі өзгерісті айтып өтсе, «Сабақты зерттеуден бастап балалардың оқуын жақсартуға дейін» секциясында «Оқушылардың оқуын жақсартудағы «3К +5А» жобасы» практикасымен мектебіміздің директоры, педагог-шебер Қымбат Бірманова және директордың оқу-әдістемелік сұрақтары бойынша орынбасары, педагог-зерттеуші Гүлжанат Жұмабаева өзіндік практикалық тапсырманы сол жерде өткізілуін көрсетумен ерекше бағаға ие бола білді.

Мектеп-гимназияның тренері Светлана Айтпенова өзінің фокус тобымен келесі екі секцияға өзіндік жинақталған практикасын ұтымды қорғап шыға білді. «Мұғалімдердің зерттеу дағдыларын дамытудағы мұғалімдердің өзара әрекеттесуінің рөлі» секциясында «Мұғалімдердің өзара әрекеттесуі – зерттеу дағдысын дамытудың бірден бір жолы» тақырыбындағы практикасымен педагог-зерттеуші Светлана Садирбаевна және жас педагог Альбина Жолгасбаева, сонымен бірге «Мұғалімнің зерттеу қызметі: артықшылықтары мен кедергілері» секциясында «Мұғалімнің зерттеу әрекеті: ұтымды және кері тұстары» тақырыбымен мұғалімнің зерттеу барысындағы ұтымды және басым тұстарын кемшіліктерімен бірге көрсетіп, одан шығу жолдарын ұсынумен, өз практикаларында қолданып жүрген, эксперимент ретінде білім сапасының артуына себепші болып табылатын әдіснамалық түйін-тұжырым, пайымдарын бастауыш буын мұғалімдері Гулжазира Джунусова және Қымбат Аманова құзырлы түрде ұсына алды.

Сабақты зерттеу тәсілі республика төңірегіне кіргеніне, жұмыс істеп жатқанымызға алты жылдан асса да, өзге де спикерлердің пайымдауларына қарап, әлі де осы бағытта біршама ағарту жұмыстары мен тәжірибе тарату керектігін байқадым. Осы орайда әрбір мектептің белсенді, шығармашыл топтарын өз ұйымында зерттеу сабақтарын нақты өзекті мәселеге бағыттап, білімді ұлтты қалыптастыруда білім сапасын арттыру мақсатына арнап, жас педагогтерге үлгі болатындай тәлімді, практикалық әрекеттерін белсенді қарқында жүргізу барысында өздеріне тек пайдалы тұстарын алып, кәсіби шыңдала берулеріне тілекшімін.


Асемгуль АБУТАЛИПОВА,
№7 мектеп-гиназия
директорының дарынды
балалармен жұмыс және
бейінді оқыту бойынша
орынбасары, жетекші және
тірек мектеп координаторы,
Рудный қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4