Үздіксіз білім – үздіксіз тағылым

Выпуск - №7 (454)   :   19.02.2021
233

Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының ұстаздары кәсіби шеберлігін шыңдап, үздіксіз білім алуды басты назарда ұстайды. Бұған дәлел – «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығымен бірлесе өткен оқыту семинары.

«Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл артық білуге
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге»
, – деп Абай атамыз айтқандай, кез келген тұлға өзін дамытып, ізденіп, білімін жетілдіріп отырса көкірегі ашылады. Әсіресе, алдына келген шәкіртті тәрбиелеп, орайы келгенде ұтымды сөз бен терең тағылымды білім беретін ұстаздың бүгінгі білгенінен ертең білетіні артыла түсу керек.

Жоғарыда атап өткен семинар «Авторлық жұмыстарға қойылатын талаптар және дайындау ерекшеліктері» тақырыбы аясында ұйымдастырылды. Бұл оқытуға мектебіміздің 30 мұғалімі қатысып, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап таба алды. Авторлық жұмыстың түрлерімен таныстыру, жұмысқа қойылатын талаптарды айқындау, оның өзектілігі мен ғылыми-әдістемелік деңгейі мен бағыттарын саралап тарқатуды көздеген семинар практикалық және теориялық екі бөлімнен тұрды.

Практикалық бөлімде орталықтың жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Ғалия Жусупова авторлық жұмысты таңдау барысында, ең алдымен, жұмыстың тақырыбына, оның өзектілігіне назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар авторлық жұмыста күтілетін нәтиже жөнінде, оған жету барысында бір-екі жылдық практикада қолданылған жағдайда әдістемелік өнімнің жемісті болатынын айтып өтті. Семинардың теориялық бөлімі практикалық бөліммен жалғасын тапты. Бұл бөлімде Зинегүл Джумадиловна өзінің авторлық жұмысымен бөлісе отырып, мұғалімдерге әдістемелік, психологиялық тұрғыда кеңес берді.

Семинар нәтижесінде авторлық жұмысты сараптамалық кеңеске бермес бұрын, авторлық жұмыстың рәсімделу жолына, мақсатына, ғылыми өзектілігіне баса назар аудару керек екендігін түсіндік. Семинар соңында мұғалімдер алған білімдері мен әсерлерімен бөлісіп, келекшекте авторлық жұмыс жазуға қызығушылықтарын танытты. Мұғалім сабағында шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзыретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады.

Нұрзат ЖҮЗТАЕВА,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».