Қостанай қаласында республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының бастамасымен мамандандырылған мектеп директорларының кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесі ұйымдастырылды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен 130 мамандандырылған мектеп басшылары, республикалық және облыстық «Дарын» орталықтарының басшылары мен бөлім жетекшілері өңірдегі озық мектептер базасында бас қосып, заманауи оқыту әдістемелерін талқылады. Аталған алқалы жиынның негізгі мазмұны «Цифрлық дәуірдегі адал азамат: мектептегі тәрбие мен технологияның сабақтастығы» тақырыбына арналды. Семинар алғашқы күні қонақтарды «Озат» мектебінде қарсы алса, екінші күні Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат базасында жалғасын тапты. Іс-шара «Білім-Инновация» лицей-интернатымен бірлескен форматта ұйымдастырылғанын айта кеткен жөн. Басты назар оқу үдерісін цифрлық трансформациялау, STEM тәсілі мен жасанды интеллект құралдарын мектеп практикасына енгізу мәселелеріне аударылды.
«Адал азамат» бағдарламасының тәрбиелік құрамдас бөлігіне ерекше назар аударылып, білім мен тәрбиені кіріктіру, ұлттық құндылықтарды заманауи технологиялармен ұштастыру жолдары нақты тәжірибе арқылы көрсетілді. Қатысушылар алты топқа бөлініп, ұлттық құндылықтар мен заманауи технологиялар ұштасқан ашық сабақтарға қатысты. Түрлі деңгейде үздік деп танылған оқушылардың ғылыми жобалары таныстырылып, өңірдің интеллектуалдық әлеуеті паш етілді. Аталмыш кеңестің соңында қатысушылар Қостанай мектептерінің жұмысына, әсіресе Ыбырай Алтынсариннің мұрасын заманауи білім беру жүйесімен сабақтастыра білу шеберлігіне жоғары баға берді. Республикалық деңгейдегі іс-шара дарынды оқушылармен жұмысты жаңа сапалық деңгейге көтеруге жол ашпақ.
Гүлнәз ӨМІРЗАҚ,
Аружан ҚОНАҚБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ҚӨУ журналистика мамандығының
4-курс студенттері
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.