
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №2 Қашар орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жанар Ембергенова және Жанар Өтемұратова «Әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру мұғалімнің жаңа кезеңге бет бұруы» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
Ж.Ембергенова Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курсқа қатысты. Ол Альберт Эйнштейннің сөзін басшылыққа алып, «Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» деген ұстаныммен, жаңаша көзқараспен әдістемелік көмек көрсету және «Білім беруде жаңашылдыққа ұмтылыс жасай отырып, жаңаша оқытуды өзара талдау» мақсатында «Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру – мұғалімнің рухани жаңғыруы аясында жүзеге асады» тақырыбында, қалалық семинар барысында, қала мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған коучинг өткізді.
Коучинг барысында Рудный мектептерінен 17 жас информатика мұғалімдері қатысып, танысу мақсатында тренинг өткізіліп, ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? деген мақсатта SWOT талдауы жүргізіліп, ұстаздар өз пікірлерімен бөлісті. Мұғалімдерге топтық, жұптық жұмыстарының қалай жүзеге асатынын көрсетіп, шығармашылық жұмыс берілді. Топтық жұмыс барысында «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша бағалау жүргізілді. Жанар Өтемұратова «Үш тілділік» бағдарламасы бойынша курстан өткен. Сол себепті жас мұғалімдерге сабақ барысында үш тілділікті қолданып, мұғалімдерге топтық жұмыс ұйымдастырып, «Шебер сынып» өткізді.
Жас мұғалімдерге ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілдерінде тілек айтудан сабақты бастап, тақырыпқа байланысты бейне ролик көрсетілді. Мұғалімдер топтық жұмыспен постер қорғады. Семинар соңында жас мұғалімдерге әдістемелік көмектің пайдасы мол екендігін, ұнағандығын түсініп рахметтерін айтып, жақсы әсер алғандығы байқалды.
Мәрзия АСҚАРОВА,
№2 Қашар ОМ
математика пәні мұғалімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.