Бүгінгі күн талабына сай білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастыру ғалымдардан оның педагогикалық теориясы мен тәжірибесін терең зерттеуді, заман талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін меңгеруді талап етеді.

Жаңаша білім беру – жаңа білім мен дағдыны меңгерген, шығармашылық қабілеті жоғары, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздейді. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек.
Таяуда Қостанай қаласы ПШО филиалы біліктілікті арттыру орталығында «Баланы ерте дамыту бағдарлары» тақырыбында педагогтердің арнайы білімдерін жетілдіру курстарын өткізді. Арқалық қаласы, Ашутасты ауылы, «Гүлдер» бөбекжайынан әдіскері ретінде ме, Гүлдана Сағынбекқызы және жас маман тәрбиеші Сембаева Акмаржан Базарбайқызы білімдерін жетілдіріп, топты басқарып басшылық еткен куратор Байсахалова Айгул Төлеубайқызына алғыстарын білдірді.
«Біліктілік» деп қандай да бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет. Еліміздің бүгіні мен ертеңі өскелең ұрпақ еншісінде. Ал осы ұрпақты бүгінгі таңда жан-жақты, терең білімді, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – баланы шығармашылыққа жетелеу. Білім – адам сапаларының өзгеруін басқаратын үрдіс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» – маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік – бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік.
Гүлдана АЛМАҒАМБЕТ,
«Гүлдер» б/б әдіскері,
Арқалық қаласы
Ашутасты ауылы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.