Жас маман – жаңашыл ұстаз

Выпуск - №39(486)   :   07.10.2021
547

Мектеп табалдырығын мұғалім болып аттағаннан бастап өмірлік білім алу, үйрену жұмыстары артпаса, кемімейтіні белгілі. Жас маман болып мектепке кіргеннен ұжымдағы мұғалімдер де, тәлімгерлеріміз де психологиялық, әдістемелік жағынан көп көмек көрсетті.

Сол кісілердің көмегі мен кіршіксіз қолдауының арқасында ұжымға тез бейімделіп кеттік. Жас мамандар жетекшісі Гүлжаухар Курманованың тарапынан келген жас мамандарға жаңартылған бағдарлама аясында бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды құрастыруда әдістемелік көмек көрсетілді. Жұмыс барысында Гүлжаухар Даниярқызы тапсырмаларды құрастыру кезеңдеріне тоқталып және тапсырмалар жасауда қажет кеңестерді ұсынды. Сондай-ақ жоспарлау кезеңінде оқу мақсаттарын «Блум» таксономиясы бойынша жіктеуге үлгілер көрсетті.

Мәселен, «құрастыру кезеңі» бағалау критерийлері қойылған оқу мақсаттары негізіне құрылуы керек. Ал «сараптау кезеңінде» тапсырмаларды саралау үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіруіміз қажет. «Қолдану кезеңіне» тоқталатын болсақ, бұл кезеңде біз жоғарыда айтылған 3 кезеңге сәйкес тапсырмалар дайындауымыз талап етіледі. Одан бөлек соңғы кезеңде тапсырмаларға сәйкес нақты және анық құрастырылған дескриптор дайындау қажет екенімізді түсіндірді.

Қорыта айтқанда, әдістемелік көмек көрсету барысында жас мамандарға бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалауды дайындаудағы әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың үлгілері көрсетілді. Еңбек жолын жаңадан бастап жатқан мамандарға бұл үлкен көмек болғаны анық. Енді, осы алған білімнен болашақта оң нәтиже шығарамыз деген сенімдеміз.


Жаңагүл ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
химия пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.