Жас мамандар шыңдалған алаң

Выпуск - №3(551)   :   24.01.2023
472

Рудный қаласындағы Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясында оқу жылының жоспарына сәйкес жас педагогтерге арналған «Жас таланттар вернисажы» мектепішілік байқауы ұйымдастырылды.

Кәсіби шеберлігі жоғары, талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау мақсатында өткізілген байқауда 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар бақ сынасты. Жалпы байқау 2 кезеңнен тұрды. «Визит карточкасы» деп аталған бірінші кезеңде әр жас маман кәсіби тәжірибиесінің көрінісін таныстырып өтті. Екінші кезең бойынша жас мамандарымыз педагогикалық жағдаяттарды шешуі арқылы өздерінің кәсіби шеберліктерін байқатты. Екі кезеңде де қатысушылар жаңашылдығымен, тапқырлығымен, шығармашылығымен ерекшеленді. Жас мамандар өз сөзінде жұмыс барысында көмек қолын созып жүрген тәлімгерлерінің еңбектерін атап, алғыстарын да білдірді.

Байқаудың қорытындысы бойынша үшінші орынға екі бірдей жас маман аяқ тіреді. Олар: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Исламбек және бастауыш сынып мұғалімі А.Жолгасбаева. Екінші орынды химия пәнінің мұғалімі Ж.Құдайбергенқызы жеңіп алды. Ал дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Н.Қабсабыр сайыста оза шауып, бірінші орынға ие болды. Бұл байқау жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, ой-өрістерін кеңейтті десем де болады. Әрдайым ізденісте жүретін жас мамандар үшін бұндай байқаулардың маңызы жоғары. Конкурс барысында әрбір жас маманның дайындықтарын көріп, көздеріндегі жалынды байқадым.

«Мектепті сыйлағандықтан, мамандығын жан тәнімен сүйгендіктен мұғалім ең алдымен, өзінің интелектісін көтеруі керек, дүниеге деген көзқарастарын биіктетуі керек», – деп Қасым Аманжолов айтып кеткендей, ұстаз әрдайым ізденісте болуы шарт. Түрлі байқауларға қатысу да жас мамандардың өз ісіне сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттырмаса, кемітпесі анық. Бүгінде білім – өркениетті елдердің құнды капиталына, сенімді тірегіне айналуда, білім менеджментін дамыту мен үздіксіз білім алуды мақсат еткен, болашақтың құзыретті тұлғасын тәрбиелеудегі зор міндетті жүктеген жас мамандардың болашағына үлкен сеніммен қараймыз. Сөз соңында, жас мамандардың еңбек жолына сәттілік тілегім келеді.


Жаңагүл ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясының
химия пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.