Желтоқсанның 16-17 күндері «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрерменге «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясы ұсынылды. Бұған дейін Ахаң бейнесі көгілдір экранда көрініс таппаған. Сондықтан халыққа жол тартқан тұңғыш көркем фильм деудің жөні бар.

Телехикаяның негізгі идеясы ретінде Ахмет Байтұрсынұлының: «Бай болу үшін кәсіп қылу керек, білімді болу үшін оқу керек, күшті болу үшін бірлік керек һәм осы керектердің жолында әрекет қылу керек», – деген әйгілі сөзіндегі әрекет ұғымы алынған. Менің ойымша, өз елін, өз ұлтын жақсы көретін көрермен, бұл фильмді аса жылы қарсы алды. Себебі, бұл телехикаяда ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, оның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын-қыстау тағдыры баяндала отырып, ұлт мұраты жолында жасаған дамылсыз әркеті насихатталды.
Телехикаяны тамашалау барысында билік пен халық арасындағы сенімнің жоқтығын аңғаруға болады, ол көрер көзге анық байқалып-ақ тұрды. Қазақ ішінде зиялы қауым бар, елін ойлайтын Ахметтей ұлдары болды, бірақ қудалау тоқтамай тұрды. Осыны тоқтату керек. Олардың күшін халық үшін пайдалану керек. Өз сөзінде: «Халықты жаппай сауаттандырамыз. Білім кеңесін құрып, кітап жазумен айналысуымыз керек», – дейді Ахмет Байтұрсынов.
Ахаң ғұмырының жиырма жылын білімге сарп еткен. Білім кеңесін құрды, ол қазіргі Білім академиялары. Өз ұлты сауатты болсын, қыр қазағы сол кездегі Кеңес үкіметі басындағылар айтып отырғандай, тек мал соңында жүрмей, хат танысын деген ниетпен қазақ балаларын өз үйінде жатқызып оқытты. Қазаққа араб емес, төте жазу не латын графикасы керек екендігін сонау XX ғасырдың басында айта білді.
Осындай дана әрі дара тұлғаның келбеті мен бар болмысын бізге актёр Байғали Есеналиев жеткізе білді. Бірақ Мұхамедиярдай алаяқтар Ахаң сынды ғалымға тұзақ құрумен болды. Жалғыз Мұхамедияр емес, тіпті жас Германияда оқып келген Қаппасты да сол жылдардағы үкімет өз ұстазына қарсы қоя білді. Неткен бассыздық, не деген қорлық десеңізші! Өз балаң өзіңе қарсы шыққан болып тұр ғой. Ахметті жақсы түсінген, оның жолын қолдаған, қазақты ойлаған Ахметпен қатар жүрген Міржақып Дулатұлы мен Ғазымбектің образын көрермен жақсы қырынан көре білді. Ғазымбек Ахметті шын жақсы көрген. Қанша азаптың отынан өтсе де, Ахметті сатпадысатпаған жан. Ахмет ұлт ұстазы, реформатор ғана емес, сонымен қатар әнші «Екі жиренді» шырқаған Ахметті көре алдық.

Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газеті арқылы қазақтың мұңын жазған. Басылым айына төрт рет шығып тұрды, ал бір айда төрт нөмірді шығару үшін 800 қой керек екенін осы телехикая арқылы білдім. Осы газетті шығару жолында Ахаңды түсіне білген әрі қолдау көрсеткен, әрине, халық болды. Телехикаяда Ахметті шын сүйген оның адал жары ғана емес, сенімді көмекшісі – Бәдрисафа Мұхамедсадыққызының образын Майя Веронская арқылы көре алдық. Қазақ ғалымының асыл жарын сомдау оңай жұмыс емес. Дегенмен жылдар бойы журналистік қызмет атқарған Майя Веронская Бәдрисафаның бейнесін аша білді деп есептеймін. «Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын. Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін», – деген Ахмет Байтұрсынұлының ұстанымы бүгінгі жас ұрпаққа нағыз азық.
Инеш САҚТАҒАНОВА,
Рудный құрылыс және көлік
колледжінің қазақ тілі мен
әдебиеті оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.