Бағдарламалаудың жаңа мүмкіндіктері

Выпуск - №6 (453)   :   13.02.2021
319

XXI ғасыр – ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезеңі. Ал қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар соның нәтижесі. Әр халықтың өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі – мектеп.


Сымбат ЖАМАЛЕДДИНОВА

Мектептердің білім деңгейін көтеру және интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті нәтижеге көтеру – мектеп ұжымының ең маңызды бағыты деп есептеймін. Елбасы Н.Назарбаев: «Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты STEAM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді», – деген болатын.
Өз басым Қостанай ауданына қарасты Айсары жалпы білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі және «Балалар шығармашылық үйі» КММ қосымша білім педагогі болып қызмет атқарамын. 2020 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Қостанай қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен Балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагогика кадрларына арналған «STEAM білім беру – бағдарламалаудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсына қатыстым. Осыған дейін де бұл бағдарламаны өз сабақтарымда пайдаланып, іс-тәжірибемде қолданып, оқушыларым осы тақырып бойынша ғылыми жобаға қатысты. Жоғарғы оқу орнының аға оқытушылары мен білікті мамандардан STEAM білім беру бағдарламасының түрлі қыр-сырын тереңірек түсіндім.
STEAM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика). Бүгінде көптеген елдерде STEAM – білім беру тұжырымдамасы түрлі білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Қазіргі ақпараттық жаһандану заманында жаңа технологиялардың тез дамуы кезінде машина жасау, ІТ технологиясы, ғылым, өнер т.б. мамандықтарға сұраныс көбейді. Болашақта тіптен елестету қиын мамандықтар пайда болып жатыр. Осындай мамандарды даярлауды мектептен бастасақ, оқушылардың ойлау дағдыларын ерте дамыту, ғылыми зерттеу жұмыстарын, жұптық, топтық жоба жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру, нақты инженерлік, технологиялық нәтижелер шығаруға негізделген. Біздің оқушыларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болуы үшін STEAM кеңістігінде жұмыс істеуге жағдай жасауымыз керек. Түрлі пәндерден алған білімдерін біріктіре отырып қазіргі өмірде қолдануға жағдай әбден жасалғаны жөн.
Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгідегі әртүрлі ақпараттық түрлерімен жұмыс істеуді тездетеді және жеңілдетеді. Бұл оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Келешекте пәндерді оқыту барысында теориялық білімдерін басқа пәндермен ұштастырып, практика жүзінде, жобаларды жасау және модернизациялау барысында қолдану және бекіту өте тиімді болып келеді. STEAM жүйесі бойынша робототехниканың қызықтырарлығы, оқушылар оқу барысында уақыттың көп бөлігін өз жобаларын жасау, программалау, тестілеу, жаңарту үстінде болады. Осыдан кейін сабағымыз оқушыларға тиімді әрі қызықты болып өтері сөзсіз.
Сонымен, мектептегі робототехника негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Осылайша STEAM – білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына әбден мүмкіндік берері сөзсіз. STEAM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEAM – сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату.

Сымбат ЖАМАЛЕДДИНОВА,
Айсары ЖББМ информатика
пәнінің мұғалімі және «Балалар
шығармашылық үйі» КММ
қосымша білім педагогі,
Қостанай ауданы

Реклама

Благодаря профессионализму коллектива редакции и пониманию важности наших тем мы, педагоги, можем представить широкой аудитории региона самые актуальные материалы о своей работе, о достижениях коллег и успехах учащихся. Я считаю, что газета «Учительская плюс» играет ключевую роль в поддержке профессионального сообщества, в развитии образования Костанайской области. И горжусь тем, что могу внести свой вклад в это дело вместе с газетой.

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.