Баламалы энергия көздері – болашығымыз

Выпуск - №№34(481)   :   02.09.2021
267

«Таза болса табиғат – аман болар адамзат», – деп дана қазақ халқы айтқандай, адам әркез табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. 

Ал адамның сол әсерінің салдары табиғатқа зиянды болуы мүмкін. Бүгінгі таңда табиғатты қорғау үшін экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдерде материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында табиғат пен оның байлықтарын тиімді пайдалануға және қайтадан қалпына келтіруге арналған көптеген қоғамдық және мемлекеттік іс-шаралар атқарылуда. Адамның өндірістік әрекетінің экологияға тигізетін жағымсыз әсерін белгілі бір дәрежеде шектеп, табиғи қорларды ұтымды пайдалану ежелден бері адам баласының көкейтесті мәселелерінің бірі болып келді және қазіргі техниканың дамыған заманында ғаламдық мәселеге айналып отыр. Осыған орай көптеген мемлекеттерде «жасыл экономика» саясаты жүргізілуде.

Адамзатқа энергия қажет және жыл сайын оның қажеттілігі артып келе жатыр. Бірақ мұнай, көмір, газ және т.б. қоры шексіз емес. Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: энергоресурстарды үнемді жұмсау және баламалы энергия көздерін пайдалану. Қазіргі заманды электр энергиясынсыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де электр энергиясын алудың шығыны аз, экологиялық таза көздерін табу бүгінгі күннің негізгі мәселесіне айналып отыр. Соңғы кездері экологиялық проблемалар, пайдалы қазбалардың жетіспеушілігі және оны географиялық біркелкі емес таралуы салдарынан электр энергиясын өндіру, жел энергетикалық құрылғыларды, күн батареяларын, газ генераторларын пайдалану арқылы жүзеге аса бастады.

Қабдрахман СҰЛТАНОВ

Қазіргі сүріп жатқан кезеңде немесе уақытта – энергиясыз өмір жоқ. Себебі қазіргі заман – технология заманы. Ал ешбір технология энергиясыз жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар адамның күнделікті өмірінде де энергияның алатын орны орасан зор. Жыл сайын дүние жүзінде халық саны өсуде, сонымен қатар сұраныс та өседі. Сондықтан адамзатқа энергия өте қажет және оған деген қажеттілік жылдан-жылға артуда. Бірақ энергия көзінің өзіндік проблемалары бар. Себебі энергия дәстүрлі және альтернативті болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі энергияға: отын, көмір, газ және т.б. жатады. Сонымен қатар дәстүрлі энергия көзінің экологияға тигізетін зияны өте көп. Осы мәселені шешу мақсатында альтернативті энергия көздері пайда болды. Альтернативті энергия көздерінің түрлеріне: жел, күн, биогаз, су жатады. Бұл энергия көздері дәстүрлі энергия көздерімен салыстырғанда сарқылмайды және экологияға зияны жоқ.

Біздің қолданатын барлық затымыз табиғаттан алынады. Яғни, дәстүрлі отын энергиясы да, альтернативті энергия көзі де табиғаттан алынады. Сонымен қатар біз қанша жерден, қандай затты болсын қолданғанымен, біз оның табиғаттан екенін ұмытпауымыз керек. Себебі адамзат табиғаттан қанша рет өзіне керегін алса да, табиғаттың оны бізге айтатын тілі жоқ демекші, алдымен біз табиғаттың жағдайын бірінші орынға қоюмыз керек. География пәнінің мұғалі ретінде өз сабақтарымда оқушылардың бойына, экологиялық сауаттылықпен қоса қоршаған ортаны қорғау мақсатында түрлі іс-шаралар жүргіземін.

Сабақтың өту барысында өскелең ұрпақты табиғи қорды сақтауға, тиімді пайдалануға үйретемін. Аталған тақырып бойынша былтыр 7-сынып оқушысы Айдар Алиямен бірлесіп жазған ғылыми жобамыз қалалық «Зерде» сайысында жүлделі екінші орынға ие болды. Сондай-ақ «Баламалы энергия көздері – біздің болашағымыз» тақырыбында 6-сынып оқушылары арасында жыл сайын әртүрлі макеттер мен жобаларды қорғау сайыстарын өткізіп тұрамын. Бұның барлығы балалардың таным көкжиегін кеңейтуге үлкен септігін тигізеді.


Қабдрахман СҰЛТАНОВ,
№15 ОМ география
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.