Даналықтың дәні кітапта

Выпуск - №25(522)   :   30.06.2022
1042

Қоғамдық өмірдің басқа да салалары секілді, кітап әлемі – өз алдына керемет дүние. Кейіпкер бейнесі, шығармада біте қайнасқан адамның тіршілік-әрекеті, болмысы, бейнелі сөз құдіреті арқылы сөз айшықтарымен бедерлеп оқырман жүрегіне жақын керемет өнер туындысы көркем шығармалардан көрініс табады.

Ғаламтордағы біз тез іздеп табатын ақпараттың өзі – кітаптың электронды нұсқасы. Қазіргі кітаптардың мұқабасы жаңарған, дизайны өзгерген. Балаңызды қызықтыра алу да оңай. Кітаптың отаны – ормандай оқырман. Сөз саптау, ой мен ұғым кемелдік астарына толы. Сөз қадірін қайта жаңғырту керек. Қазіргі экономикалық дамудың локомотиві – ғылым болса, сол ғылым деп отырғанымыз кітап беттеріндегі ақпарат, терминдер. Сөздік қордың жұтаңдығы қазіргі ана тілімізде шорқақ сөйлейтін, ойы таяз оқушының, оқырманның азаюы, қатты қынжылтады. Ал ана тіліміздің өлшеусіз молдығы, лексикалық қорының байлығында еш шүбә жоқ.

Рухани зияткерлік жағынан не жетістікке жеттік? Ой-өрісіңнің кеңдігі, ақпарат түсінігі көзі ашық, көкірегі ояу болуымен байланысты. Белгілі бір мақсатқа бағытталған болсаңыз ғана таңдаулы кітаптарды оқыған дұрыс. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – осы кітап. Тілді дамыту үшін жан-жақты әрекет етуіміз керек. Ол үшін санамызда қалыптасқан бұрынғы көзқарастан арылуымыз керек.

Кітап оқу дегеніміздің арғы жағында сауатты ұрпақ, ел болашағы, тіл тағдыры тұр. Адам баласының үмітке толы өміріне нәр беріп тұрған үш күре тамыр бар. Олар: «кеше», «бүгін» және «болашақ» деп аталады. Бұл үшеуі бірігіп тарихты құрайды. Тарихты түзетуге, әрлеп-әспеттеуге, мінеп-күзеуге болмайтыны сынды таңбаланған игі бастамалар мен ізгі жұмыстар тізбегі тізіліп жеткен және жетпеген биік белестер сараланады. Мәңгілік аксиома: білімді ел ғана бәріне қабілетті.

Кітаптың іші сырлы әлем. Кітап пен тіл ажырағысыз ұғымдар. Қалың оқушы, қалың оқырман қазақ тілінде білім алып жатқан оқушылар, кейіннен кітап оқымайды дегенді орыс мектептерінде білім алып жүргендер де осындай ой түйіндейді. Жас буынға қажет кітаптар қалай іріктелмек? Қазақ тілінің мәртебесін құрметтейтін қазіргі жас буын болуы тіс. Егер де қазақ мектептері көп болса, аралас мектептерді таза қазақ мектебі етсек, онда қазақ кітабының да, оқырманының көбейгені. Біз кітап арқылы білім алып, сауатымызы ашып, танымымызды кеңейтіп келеміз. Кітап арқылы зияткерлігіміз ұлғая береді, ұлттық сана біліммен өстік. Тілді сақтау үшін кітап керек, ал мемлекетті сақтау үшін тіл керек.


Кішкентай бүлдіршіндерге кітап сыйға тартып жатқан ата-аналар қарасы азайған. «Кітап – қазына» деуші еді бұрынғылар. Арымыз да, барымыз да ана тіліміз. Ендеше, қазақ тілінде оқитын оқырман, болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелегеніміз жөн. Қазір мектептерде эссе жазуда көп бала кібіртіктеп жалаң сөзбен жазып жатады. Оны да жоққа шығара алмаймыз. Сөз – барша дүниенің болмысын бейнелейтін, оған жан бітіретін, оның сырын, қырын ақтарып көрсетететін тілдің құдіретті сиқыры. Кітап мың күндік, келер ұрпаққа өткенін білу үшін, рух пен тынысын танып-сезіну үшін, бәрібір сол кезеңнің ақпаратын парақтап ақтарасың. Іздегеніңді содан табасың, орайлы ойлар кітаптан шығады.

Көркем дүниелер терең арнаға тоғысқан, бүкпесіз ауыл көрінісі арқылы кітапты оқып отырып, соның ішіне еніп кетесің, тартымды шығармалар сені де тереңінен толғауға үйретеді. Ұлттық сипатта ұлт болып ұйып отырудың кілті – тіл мен діл. Тіл төңірегінде айтылып жүрген ой-пікірлер көп. Қазір де оңды талпыныстар бар. Барды бар, жоқты жоқ деп атауды үйренелік. Қазақ сөзінің мәйегіне образды ойлау жүйесіне қазақ тілі жанашырларындай үңілетіндер некен-саяқ. Қазақ тілінің нағыз уызын сақтай отырып, дамыған шығармалар қазіргі жас буынға аса қажет.

Көркем шығарманы талдау екі түрлі аспектіде жүргізіледі. Бірі – формасын тану және айқындау болса, екіншісі – мазмұны мен мәні. Сондықтан да оқушы сауатты талдау үшін, ең алдымен, шығарманы оқып, түсіну керек. Қазақтың маңдайына біткен ұлы тұлғаларының шығармаларын қазіргі қазақ әдебиеті оқулықтарынан табу қиын. Бірінші мәселе – мұғалімнің оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мектепте «Қазақ әдебиеті» пәні көркем әдебиетті, әдебиет тарихын, әдебиет теориясын, әдебиет сынын қамтиды. Асыл сөздің зергерлерінің мұрасын әдебиеттен таныспыз. Олардың шығармалары теңдесі жоқ асыл мұралар.


Қазақ қаламгерлерінің сөз кестесі мен өрнекті сөз мәйегі даралығы, парасаттылығы, халықтылығымен құнды. Қай шығармалары болмасын, үлгі-өнеге алып, түйінді шешім қабылдап, өзіндік ой қорытар мағыналы маржан сөздер, ұлағат емес пе? Әдебиет қашанда електен өткізіп таңдаулыларын ғана жеткізеді. Сондықтан да өз заманының озық ойлы парасатты кемеңгерлерінің мұрасы бәрінен бұрын қолымызға тиетіні рас. Бар асыл қазына, рухани азық кітапта екеніне ешкім шүбә келтіре алмас. Бүгінде кітап оқитын бала – табысты оқушы, ал ертең – қалыптасқан тұлға!

Білім ордаларының қабырғаларында ұйымдастырылатын тақырыптық кітап көрмелері өзінің ең қызықты мәліметімен құнды. Көрмеге көркем әдебиет өкілдерінің портреттерін қою, көз тартарлық әдемі безендірілген кітаптармен таныстыру, қыры мен сыры мол өмірді бейнелеген шығармаларды ұсыну арқылы оқырмандардың әдеби шығармаларға қызығушылығын оятуға болады. Көрме ұйымдастыруда оқушының жас ерекшелігі де ескеріледі, әсіресе төменгі сынып оқушылары ерекше анық түсті бояулармен көркемделген кітаптарға қызығушылық танытып, кітаптың ішіне көз жүгірте бастайды. Көзі ашық, көкірегі ояу, ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал – балалардың кітап оқуы. Себебі рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды.

Жаңа заман талабына ілесу – әр кітапханашының міндеті. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі. Міне, осы асыл қазынаны оқу көрсеткішінің деңгейі қазіргі таңда төмендеп отыр. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі, ең алдымен, сол ұлттың өзіне керек. Осыны ұмытпағанымыз абзал. Өз ұлты керек қылмаса, өзге ұлттың қажетсінуі бірталай.

Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу міндеті тұр. Тарихта əлі күнге есімі ел есінде келе жатқан тұлғалардың бəрі де жастай ерінбей-жалықпай оқуды өздеріне əдет еткендер. Айталық, «Артық ғылым кітапта – ерінбей оқып-көруге», – деген шоқтығы биік Абай атамыз жас кезінен қаладан ауылға қатынаған адамдардан қоржын-қоржын кітаптар алып оқуды өзіне əдет еткен. «Кітап оқымаған адам ойлауды да қояды» дейді ғалымдарымыз.

Кітап оқыған адамның білімге, өмірге деген құштарлығы, талпынысы күштірек болады. Ғалымдардың пікірінше, кітап оқитындардың жүйке жүйесінің шаршауы, үлкен мидың қартаюы болмайтындығын дәлелдеген. Себебі кітап оқу, біріншіден, адамның ойын дамытады. Оған дәлел, бұрын-соңды сөзге шорқақ адам, қолына кітап ұстап, кітап оқи бастаса болды, ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге жетеді екен. Оқығаныңызды іштей талдай бастасаң, ойлау қабілетің дами түседі. Кітап оқу, кітапқа қызығу – адамдарды жақындастырады, есте сақтау қабілетін арттырады.Қалалық кітапханаларда әр бұрышта кітап оқып отырған оқырмандарды, өз жобаларын талқылап отырған жастарды кездестіруге болады. Әлеуметтік желіде де кітапты жақсы жарнамалап, тренд қалыптастыра білу маңызды. Қазіргі жастар ден қойып, көркем шығарманы ғаламтор арқылы тапсырыс бермегенмен, бастапқыда экономика, сұлулық жайлы кітаптарды тапсырысқа бере бастағаны қуантады. Кейін кітап оқуды әдетке айналдыратыны сөзсіз.Көркем шығармаларды оқи отыра, құс қанатының сусылы, желдің қоңыр лебі, судың сылдыры, жапырақтың сыбдыры есітіліп тұратынын кітап оқу арқылы сезінесің, тұшынасың. Дәл солай көз алдыңа табиғаттың тамаша көрінісі келеді. Әңгіме, прозалардағы қаламгердің шеберлігі тамыры тереңге бойлаған аса терең мағыналы, даралық келбетін жақсы аңғартатын және жазушының өзіндік қолтаңбасы айқын көрініс табады.

Шығармаларында бар болмысыңмен біте қайнасып отырасың. Ол – мәңгілік. Себебі кітап адамзатқа игі қасиеттерді бойға сіңіртуге, жақсы мен жаманды ажыратып, саралаудың тағылымды жолын ұсынады.Кітап құдіретінің бір ғажабы: парақтап оқыған сайын оқиғаның өрбуі шарықтауында да ішкі сезім түйсігімен барша жан дүниеңді баурап алады. Санаңды сәулендіреді. Кітап сонау оқиғалар, өзгерістер орын алғанын тарих парақтары растайды, ғажайып құлшыныспен, терең тебіреніспен айтылған айшықты да асыл мұралары еш көнермейді. Ойланып қарасақ, бүгінде әр күніміз әлеуметтік желіге байлаулы. Бос уақытымызда кітап оқуға емес, телефонға үңіліп, әлеуметтік желілерді шарлап кететініміз белгілі. Дегенмен кітапқа деген құштарлығын сақтап қалған замандастарымыз да бар. 

«Көркем шығарма – оқырман оқушы – ой-талғам» тақырыбында оқыған кітаптары бойынша челендж, кітапты нсихаттау, оқыған кітап туралы қысқа әңгімелеу, әдеби комикс, сурет салу, пазл құрастыру, т.б. тапсырмалар арқылы оқырман оқушыны қызықтыруға бағыт алынды. Ақылды кітап қашан да адам тәрбиесіне қызмет еткен. Сондықтан да кітапқа деген ынтаны жоғалтып алмау, кітап таңдағанда қандай кітап екеніне мән беру керек.

Қымбат БІРМАНОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.