Әлемде сан түрлі мамандық бар екені баршамызға белгілі. Алайда соның ішінен өзіңізді, өз жолыңызды қалай табуға болады? Осы таңдау дилеммасына қалай нүкте қойып, аяқасты шешім қабылдамас үшін не істеу керек?
Мамандық таңдау мәселесіне келгенде, мамандық әлеміндегі хабардарлық, бағдар, таңдалған мамандықтың беделін болжай білу, оның қазіргі әлемдегі қажеттілігі мен өзектілігін ескеру, оны жан-жақты ойластыру қажет. Ал адамның ішкі жан қалауының ескерілуі ең басты талаптардың бірі. Көптеген мамандықтар жайлы естіп, білім жүрсем де, олар жайлы толық ақпарат бере алмасым анық. «Шымшықты сойса да, қасапшы сойсын» дейді емес пе. Сондықтан өз мамандығым – психология саласына тоқталып өткім келіп отыр.
Естігенім бойынша емес, жиырма жылдан астам уақыт бойы осы психология саласында қызмет істейтін және оны өзінің кәсібі деп санайтын адам ретінде баяндамақпын. Менің ойымша, адам бойындағы жеке қасиеттер психологтың кәсіби жетістігінің негізі болып табылады. Оның қатарына ашықтық, оптимизм, эмпатия, мінез-құлықтың икемділігі, қайырымдылық, адамдарға деген құрмет, сезімталдық, жауаптылық, альтруизм, адамгершілік, интеллегенттілікті жатқызар едім. Кәсіби құзыреттілік пен кәсібилік те маңызды. Кәсіби шеберлік практикалық психологтың жетістігін алдын ала анықтайды, оның психологиялық білімді нақты іс-әрекетке, әдіс-тәсілдерге, психологиялық «техникаларға» айналдырып, практикада қолдана білуі маңызды.
Психологтың жұмысындағы кәсіби және жеке өмірі өзара тығыз байланысты. Жеке тұлға болу қиын, бірақ кәсіби қызметте мүлде өзгеше. Оның жеке басының коммуникативті қасиеттері практикалық психолог үшін аса маңызға ие. Бұл тұрғыда басқа адамдарды түсіну және оларға психологиялық тұрғыдан дұрыс әсер ету қабілеті маңызды. Сондықтан адамдармен жұмысы барысында маманның психологиялық білімі ғана емес, кейіпкерлерді түсінуі, психологиялық интуициясы да болса жөн.
Психолог мамандығына апаратын жол әркімде өзінше: біреу ата-анасын татуластыруды, олардың авторитаризмін жеңуді армандады, біреу фобия мен қорқыныштарынан арылғысы келді, біреу ойланып, өзінің сезімдері мен тәжірибелерін түсінгісі келді. Алғашқы махаббат, жауапсыз махаббат, жұптар арасындағы қарым-қатынас. Бірақ, менің ойымша, тек жеке мәселелерді жеңу арқылы, өзіңізді түсініп, тану арқылы ғана психолог маман басқаларға пайдалы бола алады. «Бақытты адам ғана басқалардың бақытты болуына көмектесе алады» дейді емес пе. Бұл ой психолог мамандығына қаратып айтылғандай.
Психолог мамандығын таңдаған кезде тәжірибелік не теориялық бағыттың бірін бірден анықтап алған маңызды. Теориялық психологтар дегеніміз – адамның психологиялық механизмдерінің белгілі бір заңдылықтарын зерттейтін, зерттеу жүргізетін және гипотеза ұсынатын ғалымдар. Тәжірибешілер қолданбалы ғылыммен айналысады, яғни олар психологиялық көмек ұсыну мақсатында белгілі бір қызмет саласында білімді қолданады. Тәжірибешілердің арасында клиникалық, балалар, спорт, тәрбиелік психологтар бар. Тәжірибеші психолог адамдармен сөйлесуі керек, ал теоретик ғылыми компонентке қызығушылық танытады. Мен практик-психологпын және адамдарға пайдалы болуды маңызды деп санаймын.
Әр мамандықтың өзіндік қиындықтары бар екені белгілі. Тәжірибемді талдай отырып, жас әріптестеріме ескерту жасағым келеді: Сіз сиқыршы емессіз, сізде «сиқырлы техникалар» жоқ және керемет емдеу мүмкін болмауы мүмкін. Психологтың тек бағыт беруші екенін ұмытпаған ләзім және әрбір адамның өмірлік қиын жағдайды жеңу үшін өзінің ішкі ресурсы бар. Психологтың міндеті – осы ішкі ресурстарды көруге көмектесу және оны қалай пайдалану керектігін үйрену. Кәсіби психологиялық біліммен адамдардың мінездері мен темпераментін түсінуге үйренесіз. Шағын очеркімнің соңында бір данышпанның «Мамандық таңдау – өз өміріңді таңдау» деген сөзін еске алғым келеді.
Айгүл ЕРЖАНОВА,
№2 ерекше білім берілуіне
қажеттілігі бар балаларға арналған
«балабақша-мектеп-интернаты»
педагог-психолог,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.