Мен таңдаған мамандықтың сыры

Выпуск - №1-2 (498-499)   :   14.01.2022
512

Биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Сол сияқты менің де ұстаздық жолды таңдап, қолыма ақ бор мен қалам алып, туған жерімдегі қасиетті де тарихы мол 65 жылдық тарихы бар Жаңа ауыл мектебінің табалдырығын атағаныма 30 жыл.

Өмірімнің ел болашағымен бірге өріліп, қатар өскеніне қуаныштымын. Арманым жетелеп мұғалім болдым, қазіргі таңда 30 жылдық тәжірибесі бар ұстазбын. «Кез келген адам мұғалім бола алады, ал ұстаз болу – қасиет» десем, қате айтпаған болар едім. Менің жасымдағы адамдар үшін ұстаз бейнесі асыл да дархан, мейірімді де данышпан, ақылшы да дана. Сондай жандарға қарап, өмірді таныдым. Біздің кезімізде ақпараттар аз болатын, сондықтан өмірді осы кітап, ұстаз арқылы білдім десем кателеспеймін.
Мұғалім мамандығын – жүрегіме жақын істің бірі болғандықтан таңдадым. Шындығында мұғалімнің қызметі баламен жұмыс істеу арқылы оны келешек өмірге дайындау, бұл – менің өмірлік ұстанымдарымның негізгісі. Еліміздің келешегін қалыптастырар саналы ұрпақ дайындау мен үшін игі әрі үлгі жасар іс. Сондықтан да бұл мамандықтың иесі болуды біраз жылдар армандадым және қол жеткіздім. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Расымен де ұстаздан тәрбие алмайтын жан жоқ. Оның берген тәлімі мен тәрбиесі әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ іспетті. Сол балалық шағымнан арманға жетелеген қазақ тілі мен әдебиетінің майталман ұстаздары Балғанша Тұрғаналина, Көкенаки Әбділдин, Жанат Қалмағанбетова еді.

Ұстаздың жетістігі шәкіртінің жеткен биігімен өлшенсе керек. Сөздің құдіретін түсінетін шәкірттерімнің еңбектері елеулі. Олар: Қостанай меценаттар клубының «Шабыт» сыйлығының лауреты Бауыржан Бөгенбаев, қазіргі таңда «Евразия» телеарнасының тележүргізуші; Астана театрының белді актёрі Дастан Әлімов; қаламы жүйрік журналистер Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хабар» агенттігінде қызмет атқарып жатқан Гаухар Төлекбаева; «Евразия» телеарнасының тележурналисі Айғаным Кәкіміш; «Қостанай таңы» газетінің журналистері Айтолқын Айқадамова, Қымбат Досжанова; «Қазақстан даусы-2014» сайысының жүлдегері, «Жұлдыз-ФМ» радиосының тележурналисі Шахаризат Сейдахмет. Ұстаздық жолды қуған қаншама шәкірттерім бар.
Әр мамандықтың қызық та қиын тұстары болады. Алайда, жауапкершілігі мол әрі жан-жақтылықты қарастыратын ұстаз қызметіне кімнің болмасын айтар алғысы көп деп ойлаймын. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбексүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл-білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Мұғалімнің әрбірі дерлік өз оқушыларының жетістікке жетуі жолында адал қызмет етіп, жетсітігіне қуанып, қателігін түзетіп отырады.
Менің түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі – жылы, көңілі – дарқан адам. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатындай болуы қажет деп ойлаймын.
Жан-Жак Руссоның: «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаздық жолы дан қалауыммен таңдадым және маман ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу. Ұстаздық қызметте, шәкірттермен қарым-қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік және мәдениеттілік бірінші кезекте тұру керектігіне көзім жетті. Сондықтан бүгін білім берудің сапалы болуы үшін: ұстаздың жан-жақты академиялық білімінің болуы, мұғалімнің өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілігінің және ешқандай дипломмен бірге берілмейтін шығармашылық қабілеті, балаға деген кіршіксіз адамгершілік қасиеттері болуы шарт.
Елімізде қалыптасқан мұғалімдік мамандыққа мектепте негізінен орташа оқыған білім алушыларды қабылдап, олардан орташа маман дайындап, артынша білім ұяларына жіберетін құрсаудың бұзылып, ұстаз мамандығы нағыз мықтыларды жинаған, ең жоғары еңбекақы төленетін үздік мамандыққа айналса деп армандайтынмын. Өйткені, жаңа ғасырда ғылымның, техниканың, өндірістің қарқындап өсуі білім берудің барлық жүйесін дамытуды талап етіп отыр. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін іргелі өзгерістер керек.
Қазіргі таңда ұстаз мамандығына деген талаптың күшейіп, мәртебесінің өсуі қуантарлық жағдай екені белгілі. Жаңа типті мектептер салынып, пайдалануға беріліп жатыр. Дарынды балалармен жұмыс бағдарламасы да жүзеге асу үстінде. Жастарды шет елдерде оқытуға мүмкіндік алдық. Жаңа буын оқулықтар, электронды оқулықтар білім беру ісіне ене бастады. Бірақ өз пәнін сүйетін, оған шынайы берілген мұғалімнің орны қашан да бөлек деп ойлаймын.

Нұрлыгүл ЖАНДИЛЬДИНА,
Жаңа ауыл ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Амангелді ауданы

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.