Өмірлік қиын жағдайдан шығу жолы

Выпуск - №14 (461)   :   08.04.2021
446

Кейінгі жылдары өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау көкейтесті мәселелердің біріне айналуда. Бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар.


Ұзақбай ӘБДІҒАЛИ

Әрбір бала өмірінің түрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, тіпті өзінің қалауынсыз қиын жағдайларға тап болып, түрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И.Кузина «өмірлік қиын жағдай» ұғымын, «адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым-қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан «күрделі» деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар» деп қарастырады.
Ал Н.Осухова болса, бұл ұғымды «сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді» деп түсіндіреді. «Өмірлік қиын жағдайлар» ұғымын анықтаудағы түрліше көзқарастар мен ұстанымдарды зерттей және саралай отырып, оның нақты белгілерін ажырату мақсатында келесі анықтаманы қарастыруға болады:
Өмірлік қиын жағдай, бұл – адамның қалыпты және қауіпсіз өмір сүруіне зардабын тигізетін және оның бұл жағдайдан өз бетінше шығып кетуі екіталай, белгісіз болатындай күйге түсуіне жеткізетін күйзелісі. Бұл жағдайда адамға міндетті түрде көмек керек. Әсіресе, қанаты қатая қоймаған балалар көмекке аса мұқтаж болады. Олар үшін, қиын жағдайлардан шығудың мүмкін жолдарын табу өте күрделі мәселе болып табылады. Бұл фактілерді ескере отырып, әлеуметтік-педагогикалық қолдау барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларға көмек көрсетудің барынша тиімді жолдарын табу мен болжау аса қажет-ақ.
Бала өміріндегі көптеген мәселелер отбасы және білім ордасы атты екі институттың әсеріне байланысты. Әлеуметтік институт ретінде, отбасының бала өмірі мен тәрбиесі үшін қажет жағдайларды қамтамасыз ете алмауы – өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың пайда болуына әкелетін басты факторлардың бірі саналады. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген.
Қиын жағдайға тап болған бала проблемаларының бірі – әлеуметтенудің төмен деңгейі, яғни мобильділіктің шектеулігі, құрдастар және ересектермен қарым-қатынастың кедейлігі, табиғатпен байланысудың және мәдени құндылықтарға қолжетімділіктің шектеулігі және т.б. Қазіргі мектептерде әлеуметтендірушіден гөрі, білім беру қызметіне басты рөл беріледі. Мектеп қоғамға толыққанды кіруге керекті қасиеттер жиынтығымен балаларды қамтамасыз ете алмайды. Мектеп әрекетінің шектеулігі көптеген оқушылардың тұлға ретінде өзін көрсетуге мүмкіндік бермейтін осы тәрбие институтына жағымсыз қарым-қатынасты тудырады.
Мемлекеттік деңгейде өмірлік қиын жағдайға ұшыраған балаларға көмек көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламалардың үнемі қабылданып жүзеге асырылатынына қарамастан, мемлекеттің ғана күші жеткіліксіз. Бұндай балалардың өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдайларды жасау бойынша міндеттердің көпқырлығы, күрделілігі мен ауқымдығы бұл жұмыста балалардың жанындағы тұлғалардың барлығының толық қатысуын талап етеді.

Ұзақбай ӘБДІҒАЛИ,
Н.Мейірманов атындағы
ЖББОМ педагог-психологы,
Амангелді ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.