Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры

Выпуск - №16 (513)   :   28.04.2022
530

Ұлттық дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, ата-бабамыздан қалған насихат мұраларды балалардың санасына сіңіре білу – ата-ананың міндеті болса, ұстаздың міндеті – бойында ұлттық санасы қалыптасқан, жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеп өсіру.

Кезінде Кеңестік жүйенің шырмауынан шыға алмай, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата-бабамыздың бай мұрасы, асыл қасиеті салт-дәстүрінен ада қалған, өз ана тілін мүлде ұмытқандардың өкініштен өзегі күні бүгінге дейін өртенетініне куә болып келеміз. Ел тарихында өшпестей дақ, жазылмас дертке айналған мұндай мәнгүрттікке ендігі жерде жол берілмеуін қадағалау ертеңгі ел болашағы, бүгінгі жас буынды туған елін, жерін, ана тілін жан-тәнімен сүйетін, ұлтжанды етіп тәрбиелеу – бүгінгінің өзекті мәселесі.

Адамзат тарихында біздің өркениетке дейін де сан алуан өркениеттердің өшіп, жоғалғаны құпия емес. Мысалы Майя өркениетінің жер бетінен жойылып кетуінің негізгі себебі оның рухани күйреуімен тығыз байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Олар тіліне, дәстүріне, салтына, ұлттық тарихына халықтың тағылымына өгейлік көрсетуінің салдарынан түбегейлі жер бетінен жойылғаны мәлім. Ал қазіргі ең қорқынышты да апатты жағдайға, қазақ халқының болашағына төніп тұрған дағдарысқа бұдан әрі селқос қарауға болмайды.

Олай дейтінім, қазіргі қазақ тілі құлама жардың шетінде тұр. Себебі әр мемлекетте өмір сүріп отырған қазақтар, яғни Моңғолия қазақтары моңғол тілінде, Қытайдағы қазақтар қытай тілінде, Түркиядағы қазақтар түрік тілінде сөйлесе, Қазақстандағы қазақтар орыс тілінде сөйлеп, есінен танып жүр. Міне, өз тілімізден, ана тілімізден оқшауланып, ұлттық санаға жете алмау себебіміз осында. Сондықтан бұл жағдайға ата-бабадан қалған басты құндылық – туған тілімізді қорлап жүрген, менсінбей жүрген өзіміз кінәліміз. «Шырақтың сөнуі мен шөлмектің сынуы оңай» дегенмен, қазақ халқының шырағы да, һәм шөлмегі де ана тілі екендігі дәлелдеуді қажет етпейді.

Халық даналығында «Бала тәрбиесі тілден басталады», «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» деп бекер айтылмаса керек. Келешек ұрпағына қиямет жасағысы келмейтін ел нәрестенің тілін тек ана тілінде шығаруды бұлжытпай орындауы тиіс. Саналы ұрпақ келешекте сөйлейтін тілінің іргетасын ана құрсағында жатқанда қалауы керек. Қазіргі қазақ жастары оның ішінде қазақ келіншегі жүкті кезінде ағылшын, орыс тілінде өлең тындап, сөйлеп, теледидарды орыс тілінде қосып, үйде де, дүзде де орыс тілінде сөйлегендіктен қазақ балабақшасына, қазақ мектебіне берген балалары өзара орыс тілінде сөйлеуге қалыптасып кетеді. Міне, осылайша, келешек ұрпағымызды ата-баба зердесінен айырып қана қоймай, түп тамырына да балта шауып жүргенімізді ашып айтқым келеді.

Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ана тілін, дінін, салт-дәстүрін жалғастыратын саламатты да саналы ұрпақты тәрбиелеу әрі рухани бай адамды қалыптастыру. Ежелден балажан қазақ халқы баланы «жүректің миуасы», болашағым деп қарайды, көңілдің гүлі, көздің нұры деп түсінеді. Сондықтан да тәрбие – адамның тағдырын шешетін ұлы іс. Ал сол істің қайнар көзі – отбасындағы тағылым мен үлгі-өнегеден бастау алатыны баршаға белгілі.


Зайгүл ХАСЕНОВА,
Н.Құлжанова атындағы
Торғай гуманитарлық
колледжінің оқытушысы,
Арқалық қаласы

Реклама

«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.

Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.