Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Биыл егемен ел болғанымызға 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік – біздің ең қастерлі құндылығымыз. Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде әлемге танымал болды.

Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік. Мемлекеттілігімізді нығайту үшін бір ел болып еңбек етіп жатырмыз. Егемендік дегеніміз – жалаң ұран мен жалынды сөз емес. Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Сондай-ақ халықтың тұрмыс сапасының жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы. Барлық бастамамыз осыған бағытталуда», – деп атап айтты.
Үстіміздегі жылдың бірінші қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында еліміздің дамуына қатысты аса маңызды мәселелерге тоқталды. Әлем бойынша барша адамзаттың басына түсіп отырған пандемияның әсерінен халқымыз экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және рухани қиындықтарға тап болды. Соған қарамастан мақсаттарымызды айқын белгілеп, соның жолында нақты қызметтер атқарып жатқанымызды атап көрсетті.
Нәтижесінде осындай қиын кезеңнен аман-есен өтіп, жарқын болашаққа нық қадамдар жасап келеміз. Мысалы, бір ғана әлемдік індетке қарсы күресте Қазақстан озық елдермен бәсекеге түсе отырып, «QazVak» вакцинасының сынақ мерзімінен нәтижелі жетістікке жеткенінің арқасында елімізді ауыр дерттен аман сақтап қалудың әрекетін жасап отырмыз. Барша халықтың денсаулығы, олардың амандығы – мемлекеттің маңызды мәселесі.
Мемлекеттің басты байлығы – адам капиталы екені белгілі. Дені сау ұрпақ өсіріп, оны біліммен қаруландыра отырып, мемлекеттің дамуын дұрыс жолға қою, өркениетке ілесу – біздің қасиетті борышымыз. Мемлекет басшысы осы тұрғыда денсаулық пен білім саласына ерекше көңіл бөліп, ұстаздар мен дәрігерлерге мейлінше қолдау көрсетіп, ғылымның дамуына айрықша назар аудару керектігін тапсырды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, сондай-ақ, жетекші ғалымдарымызға лайықты жағдай жасаудың нақты жоспарларын ұсынды. Ал ғылыми-зерттеу институттарын дамыту үшін олардың сапалы да қажетті жобаларын дұрыс іріктеп, қаржыландыруды құзырлы органдарға тапырып, бұл саланың дамуына айқын әрі ашық ережесін дайындауды міндеттеді. Кез келген өркениетті елдердің дамуы ғылымның әр саласындағы жетістіктерімен өлшенеді. Сондықтан ғылымға жол ашып, оның дамуына жағдай жасалса, еліміздің барлық бағытында оң өзгерістер болатынына еш күмәніміз болмауы керек. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тағы бір тапсырмасы халықаралық олимпиядаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, еліміздің даңқын шығарып жүрген жеткіншектерге тиісті қолдау көрсету туралы болды. Мектеп оқушыларынан халықаралық олимпиада жеңімпаздарына арнайы мелекеттік гранттар бөлінетінін атап өтті. Бізді ерекше қуантқан жағымды жаңалықтырдың бірі осы болды.
Иә, Президентіміз сапалы білімге баса назар аударды. Ендігі кезекте, қаңтар айынан бастап педагогика саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейетінін жеткізді. Алдағы үш жылда осы мақсатқа тағы 1,2 триллион теңге жұмсалатынын да атап өтті. Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетіп, нақты шешім қабылдауға, бұл бағытта жұмыс істеу керектігін ескертті. Мемлекет басшысы бұл тұста біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуы тиіс екенін жеткізді. Ұстаздардың курстан өту үшін өз қалтасынан ақша төлеуіне жол берілмейтіні де айтылды.
Жалпы, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырды. Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді. Жаңа оқу жылының басталуымен үндес болған бұл Жолдауда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа тың серпін, жақсы рухани қолдау берді. Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және қанымызға тән қайсар мінезімізбен мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенім білдіріп, бұл жолда Мемлекет басшысын қолдаймыз!
Жұмабике НҰРСЕИТОВА,
Шолақсай ОМ директоры,
Науырзым ауданы
Сберечь природу в наших силах
Сила единства и результатов: итоги работы профсоюзных организаций Карасуского района
Маленькие исследователи
Праздник профессионализма: выбраны лучшие педагоги-психологи области
Обмен опытом и расширение возможностей
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».