Дүрмекке толы дүние дүбірі жүріп өткенмен, тарихи дәуірдің шежірелік ізі сайрап жатыр. Сәулелі үміттей жоғалмай, дәуірімізге жеткен құнды мұралар сыры кеткенімен сыны кетпеген сырлыаяқ сынды. Түпкірінде қым-қуытты тарих сілемдері із қалдырған.
Елім деп емірене алатын әр адамның жүрегіне Ахмет Байтұрсынұлы етене жақын. Ахмет Байтұрсынұлы – даналық пен даралықтың тұтас бір әлемі. Түркі шайыры Жүсіп Баласағұнның: «Кімде кім жапырақтан алмаса тәлім, оны оқыта алмас ешбір мұғалім», – деген парасатты пікірі ойға оралады. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында даналардың данасы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Кесек-кесек еңбектер жазып, ұлттық руханиятымызға қажет өте құнды зерттеулер, оқулықтар жазды. Еңбегі ерен, білімі терең, халықтың зор борышын арқалаған заңғар тұлға.
Көркем шығарманың қасиетін, ой түйінін танытуда әдебиет теориясының рөлі айрықша. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әдебиеттануының алып бәйтерегі еді. Алаштың арда ұлының арын мазалап, азаматтық үнін айқындаған ана тілінің тағдыры туралы мақалалары, толғаулары, жазбалары, ұлт тамырымен тұтасқан өзгеше екені даусыз. Тілі жоғалса ұлты да жоғалатынын терең түсінген Алаш ардақтысы қолына қалам алып, елінің абыройын ойлаған. Осылайша саналы ғұмырын тіл тағдырына, ұлт аманатына арнады. Бұған сын сардарының: «Тән көмілер, көмілмес еткен ісі», – деген өз сөзі дәлел.
Ғалымның «Тіл танытқыш» атты лингвистика ғылымы саласында ғаламат құбылыс ретінде қалдырып кеткен жасамсөздерін атамай кету – қазақ тілі туралы сөз қозғап отырған бізге сын болар еді. Мысалы, септік жалғаулары, сөз таптары, жұрнақ, жалғау, салалас-құрмалас, сабақтас-құрмалас, анықтауыш, толықтауыш, бастауыш,баяндауыш, септік, үстеме және т.б қазақтың өз төл сөзінен жасамсөз жасаудың бұдан артық үлгісі бола ма? Қайраткерлік, ұлтты ұйыта білетін ізгілікті қасиеті мықтылығы емес пе? Ұлтын сүюдің, оған қызмет етудің үлгісіне айналған қазақ даласына білім шамшырағын жаққан Ыбырай Алтынсариннің, данышпан Абай Құнанбайұлының, қазақ сөз өнері арқылы олардың рухани жолын жалғаған Алаштың ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, т.б еңбектерінен адамдық борыш пен парыз, өрелі ой, философиялық мән, өрісті тұжырым, жаңа идеялар мен туындылары зияткерлік тұлғаларының әлеуетінің көрсеткіштері.
Ұлтымыздың жоғын жоқтап, қатардан қалмаудың қамын ойлап, іргелі ел болудың іргетасын қалауда қылышына қан тамған озбырлықтарға қарамастан «Қазақ» газеті арқылы маңызды мәселелерді жариялап, арпалыса ат салысты. Қазақтың жан айқайы сол газет беттерінде ұлылар жариялаған туындылары айғақтап тұр емес пе? Қараңғылық түнегінен жарық сәулені өмірге қазақ балаларының білім алуына, оқуына қаржылай көмек көрсеткені, келер ұрпаққа кемел білімдерін жеткізіп кеткені өз алдына. Ұлт мұраты жолында бастарын қатерге тігіп, тар жолда намысты қолдан бермей, тәлкекті тағдырға душар болды.
Ахметті тану – қазақты тану
Бабалардың дара жолы өнегелі өмірі мен өрісі биік таланты бір кезде қандай жарқын да жанды қасиеттерімен көрініп, қазақ мәдениеті тарихында айқын із қалдырса, қазір де сол асыл да абзал ерекшеліктерін өз бойында толық сақтауда. Мұның өзі заңдылық, өйткені, әрбір ұлы тұлға адамзатпен бірге жасайтын өшпес, ескірмес идеяларды көтереді. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының арман-мүддесін, ескіліктен, надандықтан құтқаратын құралы – оқу-білім, өнер, ғылым, адал еңбек, әділдік, адамгершілік үшін күресу екенін ұға білдірді. Өлеңдеріндегі тереңдік пен бөлек иірім өзіндік астарлы өлшеммен, аса шеберлікпен береді.
Қазақ елінің бақ жұлдызы – Ахмет Байтұрсынұлын заманында үлкен-кіші атын толық атамай, Ахаң десіпті. «Жазығым не?» деп қоғамға сұрақ қойған, ақыры саясат құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлы бір тұлғаға емес, мың тұлғаға жол бастаған кемеңгер. Оның еңбектері қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытқаны мәлім. Сөз өнерінің үздік үлгісі де, сөз маржандарын еркін төккен жырларымен, тіл тағдыры, ой салар шығармалары ғасырлар қазынасын шежіре еткен, сол кезеңнен мағыналы тәрбиелі ой естіледі. Барды бағаласақ, ардақтау, әрқайсымыздың перзенттік парызымыз ғой.
Ахмет Байтұрсынұлы − бәрімізге ортақ тұлға. Тарих ортақ, тұлға ортақ, олай болса ғұлама Ахаң – қазақ деген қасиетті халқымен бірге жасайтын әдеби мұрасы мәңгілік жазушы. Оның ғибратты ғұмырынан сабақ алу тек бізге ғана емес барша қазақ баласына керек. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін аямай жұмсаған аса үздік ойдың тұлпары, парасат иесі. Қай шығармасын оқысаңызда талғамының соншалық биіктігіне таңғаласың. Ойы – озық, сөзі – нық, ісі – тындырымды. Арада қанша уақыт өтсе де, ұлы ақын ның дүниетанымы, әдебиеттану деңгейі керемет. Іргелі халық үшін талант қанша болса да, көптік етпейді.
Қаламының сиясы тамған әр парақ-қазақ баласы үшін, ана тілі үшін болашаққа жөн сілтер темірқазық әрі өткен күндерінің өшпес белгісі. Түркітанушы шығармалары жігеріңді жанып, намысыңды оятатын, ел болудың жасампаздығын, орамды ойларымен жарқырата жазған еңбектері арқылы ел жақсысы, ұлт ұстазы – Ахмет атанғаны ақиқат. Алаштың арда ұлының тылсымға толы өмірінен сыр шертіп, өлеңдерінің астарына үңіліп, оқырман ретінде жанымызға сүйеу, кез келген көзі қарақты қазақ іркілмей шығармаларын атап та айта алады, жатқа да біледі.
Поэзия – санадан биік құдірет дейді ғой бұрынғылар. Ең алғаш қалам тербеп, поэзиядан бастауы да тегін емес. Іс-әрекет, мінез құлық, ой-өрісін баяндау арқылы сол кездегі қоғамның шындығын, өмір шындығының бетпердесін ашады. Ұлт ұстазының ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін алдына мақсат етіп қойды: бастысы – халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері мен тіл тағдыры. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары куә. Өзінің өнегелі өмірі, тынымсыз ізденісі, жан-жақты таланты арқылы танылған Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орны орасан. Сөз өнерінің үздік үлгісі де, сөз маржандарын еркін төккен. Той қарасаңында барша атырап жаңғыртып жеткізіп жатырғандай.
Мөлдірлік тұнған тазалықтан, адалықты тоғыстырған Ахмет атамыздың ақындық табиғатын аңғартатын поэтикалық бейне. Заман тынысын сездіретін өлеңдері, ғылыми ізденістері, өлең тілі бедеріндегі іздерін айшықтау мен ақын тілінің бүгінгі күннен қалай ерекшеленетіні, жалпы қазақ ақындарының тілін саралауда, ғылыми ізденіске ден қоюда қайта-қайта ұстаз-ғалым Ахмет Байтұрсынұлына жүгінуге тура келеді. Өлеңдерінде айтылған сөздер ой теңізінің тұңғиық түбінен терілген, өлшемдік бітімі, идеялық табиғаты, тілдік қуаты әбден пісіп, айқындалып барып өмірге келген маржан сөздер. Дала бесікте тербелген жырларында, нақылға айналған сөздерінің астарында айтпас ойы, жасалған пайымды пікірін оқырман еншісіне қалдырады. Бір сөзбен айтқанда, бүгінде барша қазақ халқының аса зор құндылықтарына айналған оның асыл мол рухани мұралары ұрпақ игілігіне қызмет ете берері сөзсіз.
Кемеңгерліктің көкжиегі
Ахмет тілі – оның ой парасатының шешен шежіресі. Шығармасының қай-қайсысын алып талдасаң, сол жерден тілді тазартатын, сананы ашатын, ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке жетелейтін патриоттық сезім көрініс табады. Осы жыл Ахмет Байтұрсынұлы бар ғұмырын тілімізге арнаған ана тiлiмiздiн жылы болғалы тұр. Мәдениеттiң күшi – тiлде. Бұл ұлт ұстазының бізге қалдырған аманаты. Яғни, дамыған әдеби және ғылыми тілі бар ұлттың болашағы айқын. Түрлі аумалы кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуі тиіс.
«Ұлттық тіл – әр халықтың өзіне тән ой-санасын, парасатын, бүкіл болмыс-тіршілігі мен сезім-түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр». Ғалымның сындарлы еңбегін, терең тағылымы мен ұлағатын бағасын білгенге аз мұра емес. Зерттеулері іргелі ғалым үшін де, ынталы жас үшін де бағалы ақпарат көзі, ғұламалық ғибрат. Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген қазақтың шоқтығы биік тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытқаны мәлім. Жазушылық құдіретінің бір ғажабы шығармаларын оқыған сайын оқиғаның өрбуі шарықтауында да ішкі сезім түйсігімен барша жан дүниеңді баурап алады. Ұлт жанашырың ел басын біріктіру тұрғысында халықтың келешегі үшін қазақтың көзін ашып, сауаттандыру, жалпы халық ағарту жұмысы, халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы жаңашыл істері. Оған оның барлық іс-амалы мен бізге қалдырып кеткен мұралары дәлел.
Түптеп келгенде, халықтың бiртұтас тағдыры үшiн, ұлттың бiртұтас арман-аңсары үшiн дүйім дүниеге мәшһүр тұлғалы Ахмет атамыздың ірiлiгiн көре аламыз.Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету Ахмет атамыздың негізгі ұстанымы болды. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты. Еңбектерінің тамыры тереңге бойлаған аса терең мағыналы, даралық келбетін жақсы аңғартатын және ұлы ғалым-ұстаздың өзіндік қолтаңбасы айқын көрініс табады. Қараңғыда найзағай болып жарқ еткен Ахмет атаның даналығы, нақыл сөздері мен өлеңдері, зерттеулеріндегі ұлт болмысы, тұрмыс тіршілігі, дүниетанымы, діні, ділі, тілі, рухы баса назар аудартады.
Рухы биік алты алаштың барша түркі жұртының ардағының жазған еңбектерін оқығанда қазақтың бар байлығы тілінде тұрғандай көрінеді. Осы орайда Ахмет атамыздың поэзиясы тілінің де өзіндік сипаттары мол. Оның поэзиясының тілі бай, ең бір таңқалатыны оның осыдан 150 жыл бұрын дүниеге келгені онша байқалмайды. Ақын арқылы қазақтың поэзиясы, қазақтың лирикасы кең өріске шығып, шырқау биікке көтерілді. Ақын өлеңі елдің санасын ояту, енжарлық, кертартпалық, қараңғылықтан арылту, тұнып тұрған тұп-тұнық, түпсіз терең ой. Ана тілінің тағдыры, шындық, білім іздеу, жақсыдан үйрену, жаманнан жирену, өз ісінің білгірі болу, еңбек ету, мақсатқа жету жолында өзін-өзі жетілдіру, көп білуге ұмтылу керек, қандай іс істер болсаңыз да, игілігін көріп, рақатына бөленуді мақсат тұту болып жатуы табиғи нәрсе.
Жырларының қай-қайсысын алып талдасаң, сол жерден тілді тазартатын, сананы ашатын, ізгілікке, адалдыққа, адамгершілікке жетелейтін патриоттық сезім көрініс табады. Өлең – еркін сөйлейтін жай сөздер тіркесі емес. Ырғағы мен ұйқасы белгілі бір тәртіпке бағынған нақышты сөздер тізбегі. Бүгінгі таңда да аталы сөздер өз құнын, мән-мазмұнын, маңыздылығын жойған жоқ. Қайта жасара, жаңғыра түсті. Бұл ретте, оның санасы сергек, танымы терең, мақсаты айқын. Осынау ойдың орамы ақын Ахмет атаға ғана емес, сонымен бiрге ғалым-ұстазға, аудармашы-ағартушыға, домбырашы-сазгерге, әдебиеттанушы-тілшіге де тiкелей қатысы бар. Ол поэзияда қандай дара болса, аудармада да, әнде де, ғылыми зерттеулерде де, ана тілін ұлықтауда да сондай оқшау.
Адамзатты білім жолына үндеуші. Рухы биік айбыны асқақ. Ал рухты қалай биіктетеміз? Рух көзі – білім, ғылымда. Білім, ғылымның қайнар бастауы – кітап. Кейінгілерге жеткен асыл қазына кітап арқылы игілігімізге айналды. Өйткені, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері рухани өсиет, рухани мұра. «Ұстаным ұлағатқа ұластырады», – деген міне, осы шығар?! Ұлтының қайсар ұлының еңбектерінің алғы шарты – шеберлік. Шеберік дегеніміз – ой, тіл, сезім ғой. Шұрайлы тіл, оралымды ойлар, ұмытыла бастаған қанатты тіркестер, қазақи болмыс, өмір талқысына төзе білген рух мықтылығы, сөздің көркем кестеленуі арқылы қисынын келтіріп терең ой тастайды.
Ғылыми еңбектерінің терең тағылымы, пәлсапалық ғибраты, ұстанымы асылы бағасын білгенге бұл аз мұра емес. Өйткені, ол өнеріміз бен мәдениетіміздің, руханиятымыз бен ғылымымыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосқан бек данагөй тұлға. Ғылыми сындарлы еңбектері, қанатты сөздері, өрелі ой түйер өлеңдері, қалың кітаптары мен ғылыми зерттеулері құнды ойға, елдік сипатқа толы. Қазақтың арда ұлының есімі – ғылым-білімнің символы. Шынымен де әлемдік деңгейде өрелі ой айтқан тәлімдік-тағылымдық негіздері тереңде жатыр. Алаш идеясын еш өзгерпеген тұлға. Қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы мұқалмаған қайрат-жігерін ұрпақ та, тарих та ешқашан ұмытпайды. Бүгінгі жас буын өрісті де ойлы дүниелердің көмбесін ұлы тұлғаның мұраларынан алатыны сөзсіз.
«Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек», – деп халық ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы бекерден бекер айтпаған. Қазақ ұлтына қызмет ететін болашақты тәрбиелеу жолында аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістер орын алғанын тарих парақтары растайды. Рухани биіктік, парасат биігі, тазалық биігі, шындық биігі, ұлтты ұйыстырар тіл биігі, елдік рух биігі артында ұлағаты қалған ұлы ақын Ахметке ғана тән. Терең тебіреніспен айтылған айшықты, асыл сөздеріне үңіле отырсақ, шөлдеген жанға бұлақ, адасқанға – шырақ. Қазақ деген халық барда мәңгі жасай беретін кемеңгер Ахмет бар.
Қымбат БІРМАНОВА,
Бейімбет Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.