Ұстаз – Google, тәрбиеші – Youtube

Выпуск - №9 (456)   :   05.03.2021
253

Бүгінде қолына кітап алып, беріліп оқып отырған жандарды сирек кезіктіресің. Отбасындағы үлкендердің барлығы қауырт тірліктен босамағандықтан, «отбасылық оқу» деген түсінік біз үшін тіпті жат болып кетті.


Әрине, бұрын теледидар, компьютер, планшеттер әр үйде болмайтын. Кешке адамдар бос болатын және бір кітапты отбасы болып оқитын. Ал қазіргі жағдай ішті қынжылтпай қоймайды. Отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз істерімен айналысады. Біреуі теледидар қарап, екіншісі компьютерде ойын ойнап, кітап оқуға уақыт таппайды-мыс. Баламыз әріп танып, кітап оқуды үйренгенде бір қуанатынымыз хақ, алайда бала кітап оқып беруді сұраса: «Сен енді өзің оқи аласың ғой», – деп жауап беріп жатамыз. Ата-аналар баланың ұзақ және мәнерлеп оқи алмайтынын жиі ұмытады. Сол себепті ол оқыған мәтіннің бір бөлігін ғана түсінеді. Ең бастысы, ол кітап оқығаннан еш ләззат алмайды, таныс емес көп сөздерден тез шаршайды да, кейін ол кітапты қолына алғысы да келмейді.
Артынша ата-аналар баласының неліктен кітап оқығанды ұнатпайтынын түсіне алмай дал болып, баланы кітап оқуға мәжбүрлейді. Ондай жағдайда баланың кітап оқығанды мүлде жек көріп кетуі ғажап емес. Егер күніне уақытыңыздың 20-30 минутын балаға уақыт бөліп, оның кітапқа деген қызығушылығын оятуды дағдыландырсақ, осындай жағдайдың алдын алуға болар еді. Балаға оқудың қызықты болуы үлкендерге байланысты. Сондай-ақ бала кітапты оқу барысында оның мағынасын толық түсінбеуі мүмкін. Нәтижесінде шығарманың бар мәнін дұрыс ұқпаған бала оқығаннан тез жалығып кетеді. Содан кейін ол кітапты тағы да қызыға қолына ала ма?
«Отбасылық оқу» деген түсініктің бізге жат болып кеткендігі соншалық, кітап оқу деген ұғымның орны ойсырап қалғандығы жасырын емес. Әттең, уақыттың жетпейтіндігін сылтау етіп алғанбыз. Қолымыз қалт етсе Google қараймыз, Youtube көреміз. Боларға да, болмасқа да таба алмай жатқан уақытымызды соларға сарп етеміз. Бізге кітап оқуға уақыт емес ниет жеткіліксіз болатындай көрінеді. Ең өкініштісі, баламыз бізден емес, сол ғаламтордан тәрбие алып жатыр. Дамыған заманда көштен қалмау керек деп өзімізді тағы да ақтап алып жатамыз. Алайда «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбайұлы айтқандай, кітап оқып, білімді – кітаптан, тәрбиені – ата-анадан алған ұрпақ өсіруіміз керек емес пе?
Баланы жастайынан кітап оқуға баулу жан-жақты қамтылу керек. Мұғалім әріп танытып, оқуға үйретеді. Ата-ана, өз кезегінде, баланы кітап оқуға қызықтырып отырса, кітапханашы қызықты кітаптармен таныстырып отырса, бала өздігінен кітап оқуға қалай әдеттеніп кеткенін де байқамай қалады. Кітап оқып өскен баланың өмірге деген көзқарасы ерекше, ортасында зерек, ой-өрісі кең, тапқыр, сөздік қоры бай, ойы жинақы келеді. Елімізде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамасымен «Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы қолға алынды. Министр қазақстандықтар кітап оқуға аса белсенділік танытпайтынын мәлімдеп, балаларға ғана емес, ересектерге де кітап оқуға кеңес берді. Асхат Аймағамбетов өз сөзінде: «Қазақстанда балалар аз оқиды PISA зерттеулерінің нәтижелері бойынша Қазақстанның оқушылары оқу сауаттылығы бойынша ЭЫДҰ (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдеріндегі құрдастарынан едәуір артта қалып отыр. Өкінішке қарай, 16-55 жас аралығындағы қатысушыларды қамтитын PIAAC халықаралық зерттеуі де осындай көңілсіз көріністі көрсетіп отыр», – деп жазады.
Аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында, отбасымен бірге оқығанның балаға оң әсерін беретінін алға тартып, 5-6 сыныптар аралығында «Отбасымен бірге оқимыз» атты акция ұйымдастырдық. Кітап оқудың адамға көп қырлы және белсенді әсер ететінін ескерсек, адамның тұлға болуы мен қалыптасуына да маңызы зор екені тағы бар. Мүмкін бізге де балалармен бірге, отбасымен кітап оқуды дәстүрге айналдыру керек шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

Арай ЕЛМҰРАТОВА,
Дм.Карбышев атындағы
№14 ЖББМ кітапханашысы,
Рудный қаласы 

 

Актуально

Реклама

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».