Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың атасы. Ұстаз – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс көп мағыналы сөз деп ойлаймын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаз – өзінің шәкірті білімді, жан-жақты дамыған, адамгершілігі мол шәкірт болып өсуіне қаншама тер төгіп, аянбай еңбек етеді.
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі әрі қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Сонымен қатар адамның өмір бойы білім алып, оны шәкіртіне жеткізе білу – ұстаздық қасиеттің ең жоғарғы жетістігі саналады. Мәлік Ғабдуллиннің сөздеріне сүйенсек, мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімі де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді екен. Әрине, әр ұстаз өз ісіне жауапты болғандықтан барынша еңбек етеді. Сондықтан қазіргі таңда еліміздің сан-салалы өміріне белсене араласатын жас ұрпақты тәрбиелеу – білім саласында қызмет етіп жүрген ұстаздарға зор міндет жүктейді. Оның өзіндік себептерін күнбе-күн өмір талабы көрсетіп отыр, яғни тәуелсіз мемлекетіміздің дүние жүзінің алдыңғы қатарлы дамыған елдерімен иықтас көріну үшін білімді терең меңгерген, белсенді, қабілетті, ізденген ұстаздар қажет екені мәлім. Осыған байланысты білім беру саласында білім беру мазмұнын жетілдіру, жаңа оқу жоспарына көшу, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу сияқты жетістіктерге қол жеткізіп отыр.
ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Қашан да білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егемен еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Ал социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының және көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс.
Білім беру үрдісін заман талабына сай жақсартудың тағы бір жолы – инновация яғни, білім алудағы жаңалықтарды үйрету, қабылдау, бағалау, қолдану үрдісін басқару. Қазіргі таңда заман талабына сай пән мұғалімі ғана болу аз, мұғалім – ұстаз иноватор, иннотехник болуы тиіс. Мұғалім өзі иннотехник дәрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеруі керек, содан кейін пән бойынша қандай тақырыпта пайлану керектігіне тиімді зерттеу жүргізеді. Яғни, әрбір инновациялық технологияларды меңгереді, меңгергеннен соң сабақ барысында қолдану өткізеді. Сабақ – ұстаздың ізденісінен, еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма. Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, түрлі жағдайлар кездеседі. Шебер ұстаз соның бәріне төтеп беріп, ешқандай әрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыру керек.
Қазіргі қоғамдағы мұғалім –жеке көзқарасы бар, соған қарай жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық, шығармашылық қасиеті бар әрі оқушысын осы қасиеттер арқылы өз бетінше оқып, ізденіп, кеңейтілген білім алуға үйрете алатын маман болуы тиіс деп ойлаймын. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыры мен сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған.
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, – деп жырланғандай, «Ұстаз – аты биік әрі мәңгілік», – дей келе, ұстаз еңбегін құрметтеп, бағалай білейік. Алдағы Ұстаздар күні мерекесімен мен өзімнің ұжымымды, барша шәкірттерге аянбай білімдерін беріп жүрген мұғалімдерді шын жүрегімнен құттықтаймын!
Батырхан КАРАШИНОВ,
№10 жалпы білім беретін
мектептің тарих және география
пәндерінің мұғалімі,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.