Адам бойына рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытатын пән – өзін-өзі тану. Ол оқушыға өзінің қадірін біліп, сана-сезімін жетілдіріп, өмірдегі бағытын анықтап, шешім қабылдауға жауапкершілік сезінуге тәрбиелейді.
Өзін-өзі тану пәнін оқу бағдарламасына «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева енгізген болатын. Сабақ барысында оқушылардың «Нұрға бөлену» сәтінде бар жылулықты күннің жылуын беру арқылы бір-біріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік «менін» қалыптастыру, бойындағы күш-қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін жеке тұлға ретінде сезінуі – «өзін-өзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге, ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басының қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу, мектеп өміріндегі үздіксіз оқу-тәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, мінез-кұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.
Өзін-өзі тану пәні басқа пәндерден алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке, мейірімділікке, кішіпейілділікке баулиды. Бұл пәннің әр сабағы балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі күнделікті сабақ «Нұрға бөлену» сәтінен бір-біріне деген сезімдерін білдіріп, қуанышпен бөлісуден басталса, дәйексөздің мәнін түсіндіре отырып, сабақтың тақырыбын ашу, әңгімелесе отырып мәтінді түсіндіру, осы кезде мұғалім сыйын ұйымдастыруға болады. Мұғалім сыйы сол күнгі тақырыпқа байланысты тақпақ, өлең немесе аңыз әңгіме айтып беруге болады. Осындай әдіс-тәсіл арасында оқушыларға қаншама игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол қайталанбайтынын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді.
Әрбір сабақта адамға қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай болуға тырысады. Қоршаған ортаның әсемдігін көріп, оның сұлулығын сезе білген адамзат баласы жақсылыққа ұмтылады. «Өзін-өзі тану» пәні біздің бойымызға татулық, бірлік қасиеттерді ұялатып, жан-жағындағыларға тек жақсылық тілеп, жанашырлық танытатын, кез келген ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастырады. Өзін-өзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады.
«Өзін-өзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Нұрға бөлену», «Үй тапсырмасы тексеру», «Дәйексөз», «Әңгімелесейік», «Мәтінмен жұмыс», «Мұғалім сыйы», «Шығармашылық жұмыс», «Топпен ән айту», «Үй тапсырмасын беру», «Тыныштық сәтімен» аяқтау балалардың дамытушы ортасын құруға ықпал етеді. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», – депті Ақан сері. Олар жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.
Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жастайынан дарыту жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. Рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын. Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам табиғатта тіршілік етеді, оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, әсем де ерекше жыл мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі – осы өзін-өзі тану пәні десек, қате емес. Туған ел, туған жер, өскен орта туралы түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі мақсатының бірі.
Өзін-өзі тану пәні сабағында көзделген мақсат – әрбір баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани түсу және аша білуге, өзінің эмоциялық көңіл-күйі мен мінез-құлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай білуге мүмкіндік туғызу. Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға, баға бере білуге, өзінің сезімін, мінез-құлқын, әдет дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас таныта білуге үйретуді көздейді. Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге болады.
Жанар СӘКЕНОВА,
№15 ОМ өзін-өзі тану
пәнінің мұғалімі,
Қостанай қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.