Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
15/03/26 Воскресенье

Әдістемелік кеңес – кәсіби дамудың сатысы

Выпуск - №14 (461)   :   08.04.2021
523

Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін дамыту және мектептегі барлық жұмыс жүйелерін біртұтас етіп біріктіретін жүйе – әдістемелік жұмыс жүйесі. Мектебімізде дәстүрге сай әдістемелік кеңес өткізілді.

Педагогикалық тәжірибені ілгерілерту, оны жаңа технологиялар негізінде дамыту мәселелерін пән бірлестік мүшелері әдістемелік кеңесте, бірлестік отырыстарында әр тоқсан сайын жұмыс жүйелерін саралап, дамытып отырады. Дәстүрлі әдістемелік кеңеске барлық әдістеме бірлестік мүшелері қатысты. Күн тәртібінде бірлестік мүшелері өз бірлестік мүшелерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасай отырып, алдағы уақыттағы түзету жұмыстарының барысына жан-жақты саралау жасады. Өз бірлестігінің нәтижелерімен ерекшеленген қазақ тілі мен әдебиеті, математика, жаратылыстану бірлестіктерін ерекше айтып өтуге болады. 

Одан әрі қарай директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары Г.Жұмабаева мектептің әдістеме жұмыстарының бағыттарына тоқталды. Пән мұғалімі ретінде қашықтан оқыту барысында білім платформаларын өз сабақтарында тиімді қолдана алған және өз тәжірибелерін қала, облыс көлемінде таратқан пән мұғалімдерін атап өтті. Сонымен қатар, өз кезегінде, кәсіби байқауларға қатысып, кәсіби шеберлігін шыңдай білген жеңімпаздарға да тоқталды. Осы бағытта 3-тоқсанда педагог-сарапшы пән мұғалімдері қатысқан бір айлық ашық сабақтар декадасының қорытындысы жарияланды. Байқау ережесіне, бағалау критерийіне сай деңгейде өткізілген пән мұғалімдері мадақтама грамоталармен, шағын сыйлықтармен марапатталды.

Нәтижесіне 1-орынға қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жүзтаева, 2-орынға математика пәнінің мұғалімі С.Бекмұратова және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Г.Бекмырзаева, ал 3-орынға орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Баранова, бастауыш сынып мұғалімі Ә.Шылтиева ие болды. Әдістемелік кеңесте нәтижелер ғана айтылып қойған жоқ, сонымен қатар әр бірлестік бойынша кемшіліктер де талқыланып, ұсыныс жасалды. Пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейін дамыту, өз жұмыстарына сыни көзқараспен қарау, жүргізілген жұмыстарды саралау, алдағы жұмыстарды бірлесе жоспарлауда әдістемелік кеңес жұмыстары ұстаз қауымы үшін аса маңызды.

Гүлжанат ЖҰМАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназиясы
директордың әдістеме
жөніндегі орынбасары,
Рудный қаласы

 

Реклама

Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.

Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.