Соңғы жылдары мектеп жасына дейінгі балалардың бойында сенсорлық бұзылысының байқалуы үлкен мәселеге айналып, қоғамды алаңдатып отыр. Сондықтан, осы мәселеге қатысты жұмыстарды жүйелі түрде қолға алу қажет.
Сенсорлық бұзылыс бұл төмендегі жағдайларда айқын байқалады: есту, көру, тактильді тітіркендіргіштерге жеткіліксіз немесе шамадан тыс сезімталдық; тілдің кеш немесе мүлдем шықпауы; өз ойын толық жеткізеу алмауы; ортамен еркін араласа алмау; қозғалыс белсенділігінің тым төмен немесе жоғары деңгейі, бұлшықет тонусының бұзылуы; бала солға, оңға шатастырады, оқу мен жазуды үйренуде қиындықтарға тап болады; әлсіз моторлық үйлестіру, ебедейсіздік, дезинфекция; шамадан тыс импульсивтілік, зейінді шоғырландыру қиындықтары, тез шаршау; ас құралдарын, қайшыларды, қарындашты дұрыс ұстамау және т.б. Бұл сенсорлық бұзылысы бар балаларда байқалатын айқын көріністердің бір қатары ғана, мұны әрі қарай толықтыруға болады.

«Сенсорика» латын тілінен аударғанда «сезім мүшелері арқылы орындайтын қабылдау» деген мағынаны береді. «Сенсорлық жүйе» (лат. «organum sensuum», яғни «organon» – мүше, ағза; «sensuum» – қабылдау, сезу) – ішкі және сыртқы ортаның түрлі әсерлерін қабылдайтын сезім жүйесі талдағыштардың (анализаторлардың) шеткі бөлігі, яғни рецепторлар. Оған дәм сезімі, иіс сезімі, сипап сезу, көру, есту және тепе-теңдік сақтау рецепторлары жатады. Сенсорикада саусақ моторикасы жұмыс істейді. Жалпы сенсорлық дамудың алғашқы белгілері әріден басталады. Мәселен, сәби шыр етіп дүниеге келісімен өзінің қарны ашқанын, жаурағанын білдіріп жылайды. Ана сүтін татқан соң оның тәтті, дәмді екенін сезеді. Қолын ербендетіп айналасындағы затттарды ұстап көреді. Осы тектес баланы өмірге қызығушылығы, бәрін көріп-білгісі келетіні баланың сенсорлық дамуының қажеттілігінен туындаған іс-әрекет түрі.
Айналадағы заттардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі бәрін зерттеп, ұстап көру, дәмін тату арқылы бала сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіреді. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие – мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы саналады. Сенсорлық даму бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойы дамуының іргетасын құрайды, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тануы басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету қабылдау негізінде құралады. Сондықтан, қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.
Дипломалды практика барысында Рудный қаласындағы Б.Майлин атындағы №7 гимназияның мектепалды даярлық А сыныбында өту кезінде балалардың сенсорлық бұзылысын дер кезінде анықтап-түзету жұмыстарын жүргізу үшін көптеген сенсорлық жаттығулар ұйымдастырып, өткізген болатынмын. Балалардың барлығы да белсенділік танытты. Қорыта келе, сенсорлық бұзылысы бар балалармен үздіксіз коррекциялық жұмыс жүргізілсе, баланы әлеуметтендіруге бейімдеу және дамудағы бұзылыстарды түзеуге айтарлықтай қол жеткізуге болады.
Индира ЖАЙЛАУБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
РӘГК-нің арнайы
пәндердің оқытушысы,
Перизат ҒАНИБЕКҚЫЗЫ,
«Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту» мамандығының
4-курс студенті
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.