«Бастауыштағы» тәрбие – бала болашағының нәрі

Выпуск - №49(496)   :   25.12.2021
302

«Бала дүниеге келгеннен бастап өзін-өзі дамытуға және жеке адам ретінде қалыптасуға қабілетті. Оның ішкі жан дүниесінде ерекше күш бар, ал үлкендердің міндеті сол энергияның жұмсалуына жағдай жасау», – дейді Мария Монтессори. 

Күллі адамзат ғұмырының мәні, маңызы – бала. Ол өмірдің қайнар көзі, тіршіліктің жалғасы. Отбасындағы кішкентай нәресте ес біліп, өз-өзін басқара алатын жасқа жеткенде мектеп атты алтын ұяның есігін ашады. Бұл ордада біз, мұғалімдер, әр баланың болашағына жауаптымыз. Неліктен? Себебі, мұғалім бұлақтың көзін ашып, оның әрі қарай бағытын көрсетіп, дұрыс жолды нұсқайтын періштесі іспеттес!

«Бала тəрбиесі – мемлекеттің маңызды міндеті», – деп Платон айтып кеткендей, әр ел мектепке жауапты істі тапсырған. В.Сухомлинскийдің: «Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей», – деген ойында үлкен мән бар. Кішкентай баланы өз ойын жеткізе алатын, жан-жағына сенімділікпен қарап, қоғамға араласып, алдағы баспалдақтарға нық қадам басатын жан етіп тәрбиелеуде мұғалімнің рөлі өте маңызды.

Бүгінде бастауыш сынып оқушыларын оқытуда түрлі әдістемелер бар. Әлемдік тенденцияға сай олар да көштен қалмай келеді. Бұл сыныптарда балалар ойынды ұнатып, сабақ оқуға құлшынысы аз болып тұрады. Сондықтан мұғалім әр сабақты түрлі ойын элементтері арқылы өткізіп, баланың білім алуға құштарлығын оятып алуы тиіс. А.Макаренконың: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ол ересектердің қызметінде, жұмысында, қызмет бабында қандай мәнге ие болса, мұнда да сондай мәнге ие болады. Бала ойнағанда қандай болса, есейгенде жұмыста да көп ретте сондай болады. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеу, ең алдымен, ойында басталады», – деген сөздері қазіргі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің күнделікті ұранына айналуы тиіс.

Бастауыш сынып методикасының қызықты жері де осы. Балаға үлкен әлемді таныстыруда оның әлемінде сөйлеу мұғалім шеберлігін білдіреді. Қазіргі таңда балалар 5 жасынан бастап мектеп партасында отырады. 6-7 жасында бірінші сынып табалдырығын аттап, бастауыш мектепке бет бұрады. Бұл кішкентай баланың: «Мынау не? Бұл кім? Неліктен? Қандай? Қайда?», – деген сынды басқа да сұрақтарына жауап іздейтін кезі. Кішкентай оқушының үлкеннің іс-әрекетін қайталап, сөздерін жаттап алып, өзінше «рөлдік ойынға» кіретін уақыты. Дәл осы сәтте балаға үлгі болатын жан кім? Әрине, мұғалім!

Әйгілі психолог Дейл Карнегидің: «Жас балалардың үлкендердің әңгімесін тыңдауды ұнататынын ұмытпаңыз. Сондықтан әрқашан балалардың қасында тұрып, дөрекі сөйлемеңіз», – деген сөздері жоғарыдағы ойдың айқын дәлелі. Мұғалім өз сөзін әрдайым ой елегінен өткізіп сөйлегені дұрыс. Оның қолында жап-жаңа қағаз немесе ешқандай дауыс жазылмаған құрылғы тұр делік. Қағазға бас әріптен бастайтын да, құрылғыға алғаш сөзді жазатын да – өзі.

Бастауыш сыныптың соңғы жылдарына қарай сізде төрт жыл бойы білім алған оқушы есейеді. Оның мінез-құлқынан, сөйлеген сөзінен өз келбетіңізді көресіз. Орта буынға қадам басқалы тұрған оқушыда қателіктер де болуы мүмкін. Жақсы мұғалім бұл сәтте: «Ата-анаңды шақырамын, тізімге ілігесің», – деген сөздерді айтып, айқайлап тәрбиелемеді. Баланы қорқытып, өзінен алшақтатпайды. Бүлдіршін қоғамды, ортаны танығалы сізге қарап келді. Жүрегінің түкпірінде сізді жақсы көреді. Ал, енді, жасап қойған бір қателігін бетіне басып, айқайлап мұғалім баланы тәрбиелей алмайды. М.Монтессори: «Қателік жіберген баланы құрметтеңіз. Сол кезде ғана ол қатесін түзете алады», – деген екен. Ол балаға үйде ата-анасы да ұрысып, айқайлары анық. Ал оған сіз басқа көзбен қараңыз. Сонда ғана бала кішкентай кезінен бастап, өзінің қоғамдағы маңызды рөлін сезіне бастайды.

Бастауыш сыныптағы тәрбие мен білім – әр адамның өміріне өшпес із қалдыратын алғашқы баспалдақтардың бірі. Сондықтан, құрметті ұстаздар, жарқын болашақ пен кемел келешектің кілті біздің қолымызда! Ендеше болашақтың есігін «зақымдамай», «соқтықтырмай» дұрыс жолдармен ашып, бізге сеніммен тапсырылған бүлдіршіндердің қанатын қатайтуға ат салысайық.

Аманкүл КАЛЕНОВА,
Д.М. Карбышев атындағы
№14 ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4