Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Себебі ақпараттық технологиялар сабақтың ерекше өтуіне ықпал етеді.
«Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Оны қолдануды іске асырудың негізі компьютер болып табылады. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әр түрлі кестелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады
Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдануға педагогтің еңбек өтілі мен білімі маңызды емес, оның ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеруге ықыласы мен ұмтылысының болуы маңызды. Неге десеңіз жұмыс барысында компьютерлік технологияларды қолдану педагогке үлкен көмегін береді: енжар тыңдаушыларды белсенді түрде қызмет етуге тартады, оқыту қызметінің одан да көрнекі әрі жедел болуына, балалардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға, танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға, тәрбиешінің өзін тәртіпке шақырып, оның жұмысқа деген қызығушылығын арттырады, ойлау процесін жеделдетеді.
Тәжірибем барысында көз жеткізгенімдей, жоғарыда сөз етіп отырған технологиялардың тиімділігі зор. Өз басым Microsoft Word, Power Point, Excel, Active Inspire, Kahoot, Quizlet және т. б. қолданамын. Нәтижесі де жаман емес, білім алу деңгейінің ілгері қадам басуы байқалатынын айта кеткен ләзім. Осы тұста аталған технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсатыма тоқталып өтсем:
Біріншіден, ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу. Яғни сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы студенттің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау; оқыту процесінің сапасын арттыру; пәнаралық байланысты тереңдету; қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
Екіншіден, студенттерді заман талабына сай жан-жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау: коммуникативтік қабілеттерін дамыту; өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау; мультимедиа технологиясын пайдалану, видеороликтерді көрсету, сабаққа айланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру; пәнаралық байланыс орнату; ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Сабақтарымда Active Inspire бағдарламасын көбірек қолданамын. Аталмыш бағдарламаның тиімділігі сол – қажетті мағлұматтарды жазуға болады және балабақшаларда әр әдістемелер бойынша ойындарды құрастыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны балабақшада қолдану – қазіргі кезеңдегі мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселесі болып отыр. Компьютерлік технология біртіндеп мектепке дейінгі білім беру жүйесіне білім берудің аса тиімді тәсілі ретінде бірте-бірте еніп келе жатыр. Бұл заманауи әдіс оқуға деген қызығушылықты арттырып, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеп, интеллектуалды қызметін дамытады, қазіргі заманның рухында дамуға жол ашып, мектепке дейінгі білім беру мекемесінің оқу-тәрбие жұмысын сапалы түрде жақсартуға мүмкіндік туғызып, оның тиімділігін арттырады.

Ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, ақпараттық технологияны сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Ақпараттық технология арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады.
Ақбола АБЖАНОВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің оқытушысы,
Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту бөлімі
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.