Білім сапасын көтерудің үлкен көрсеткіші – бағалау. Ал бұл жүйедегі маңызды нәрсе – оқу үрдісінің өзі. Сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді.

Оқушылардың оқу үрдісі кезінде олардың оқуын жақсарту үшін мұғалім өзінің сабақтарында қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отырады. Бағалаудың бір түрі – қалыптастырушы бағалау. Аталмыш бағалау түрін оқушылардың оқуда жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы деп қарастырсақ болады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушы сабаққа белсене араласып, одан қандай нәтиже күтілетінін түсінеді. Сонымен қатар жұмыстарын өздері бағалап, өзгені де бағалауды үйренеді. Қалыптастырушы бағалаудың әдіс-тәсілдерін мұғалім өзі ұйымдастыра алады. Яғни бұл бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдері өте көп, ол мұғалімнің шеберлігі мен фантазиясына байланысты. Атап айтсам «Бағалау ағашы», «Карусель әдісі», «Жетістік баспалдағы», «Ыстық орындық», «Сұхбат алу», «Өрмекшінің өрмегі», «Қол шапалақтау», «Смайликтер тарату» және басқалары.
Қалыптастырушы бағалаудың нәтижесінде:
– Оқушылар бір-бірін әділ бағалауды меңгере алады;
– «Ата-ана мен мұғалім», «Ата-ана мен оқушы», «Мұғалім мен оқушы» байланыстары нығая түседі;
– Оқушылар оқу барысы кезінде өз пікірлерін, идеяларын ашық айта алады;
– Оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, тапсырмаларды орындауда ізденіп, жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды.
Жалпы айтқанда, оқушыны бағалау артықшылықтары – оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі, сонымен бірге оқушыға өзінің оқу барысындағы білімділік, біліктілік деңгейі анық көрініп тұрады, білім берудің сапасы артады. Сондықтан да қазіргі күн сайын уақыт ағымына сай жаңарып, өзгеріп жатқан заманмен қоса жаңарып, дәстүрлі бағалауды жойып, уақыттың көшінен қалмауға тырысайық.
Самал АХМЕТБЕКОВА,
Алтынсарин ОМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Қамысты ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.