Ұстаздың кәсіби шеберлігін арттыруда әдістемелік бірлестіктің орны айрықша. Әдістемелік бірлестік – мұғалімдердің тәжірибе алмасып, өзара қолдау көрсетіп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, білім сапасын арттыру жолдарын бірлесе іздейтін кәсіби орта.
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі «Балдәурен» бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі де осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Бірлестік жұмысы барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, коучингтер, семинарлар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырады. Әр педагог ізденісі мен тәжірибесін ортаға салып, әріптестерінен жаңа идея алады. Мұндай бірлескен жұмыс педагогтің кәсіби дамуына ғана емес, оқушының оқу жетістігіне де оң ықпал етеді.
Мектебіміздің ағартушы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталуы ұстаздар қауымына үлкен жауапкершілік жүктейді. Ұстаздың «Кел, балалар, оқылық!» деген ұлағатты үндеуі бүгінгі білім беру жүйесімен де үндеседі. Бүгінгі ұстаз білім беруші ғана емес, ізденуші, зерттеуші, жаңашыл болуы қажет. «Балдәурен» әдістемелік бірлестігі мұғалімдері сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыратын заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануға тырысады. Топтық және жұптық жұмыстар, ойын элементтері, зерттеу тапсырмалары, шығармашылық жұмыстар және цифрлық ресурстар оқушының сабаққа қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Заман талабына сай жасанды интеллект құралдарының білім беру саласына енуі де мұғалім жұмысына жаңа мүмкіндіктер ашуда. Мұғалімдер сабаққа идея әзірлеу, көрнекілік дайындау, шығармашылық тапсырмалар құрастыру сияқты жұмыстарда цифрлық мүмкіндіктерді орынды қолдана отырып, өз уақытын тиімді ұйымдастыруға ұмтылады. Әдістемелік бірлестіктің басты құндылығы – тәжірибе алмасу. Әрбір мұғалімнің өзіндік әдісі, тәжірибесі мен шығармашылық ізденісі бар. Бірлестік отырысында осы тәжірибелер ортаға салынып, талданып, тиімді тұстары басқа әріптестердің жұмысына енгізіледі.
«Ұстаз жалғыз дамымайды, ұстаз ұстазбен бірге дамиды» деген қағиданы ұстанған ұстаздар қауымы әр жетістікті ортақ қуаныш деп қабылдайды. Ыбырай Алтынсариннің білім мен тәрбиені қатар қойған педагогикалық мұрасы – біздің жолымыздағы маңызды бағдар. Ал жаңашылдыққа ұмтылу – бүгінгі күннің талабы. «Балдәурен» әдістемелік бірлестігінің мақсаты да – осындай бірлік пен ізденіс арқылы білім сапасын арттырып, болашаққа сенімді қадам жасайтын білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Булбул КУМАРОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы білім беретін мектептің бастауыш
сынып мұғалімі,
Федоров ауданы
«У страны с сильной прессой – большое будущее», – сказал Мыржакып Дулатов. Действительно, роль СМИ на пути роста сильного общества велика. С каждым годом становится всё больше и больше грамотных читателей со своим видением и потребностями. И это радует. Издание «Учительская плюс», вестник сферы образования нашего региона, заряжает педагогов творческим вдохновением. На протяжении нескольких лет в этой газете публиковались мои статьи, написанные с целью популяризации имён и достижений талантливых учителей и студентов Рудненского социально-гуманитарного колледжа им. И.Алтынсарина. В последние годы я начала писать небольшие произведения. И именно «Учительская плюс» впервые представила мои рассказы. Для меня это издание занимает особое место. Верю, что и в дальнейшем газета «Учительская плюс» со сформированной читательской средой продолжит процесс духовной поддержки творческих и талантливых педагогов.
Нам есть, о чём рассказать и самое главное – есть, где это опубликовать. «Учительскую плюс» читает не только Тогузакская школа, но и школы района, области, и поэтому наш опыт, успехи становятся известны коллегам, руководству образования. И, конечно же, нам интересно, что творится в других школах: методические новинки, необычные мероприятия. Я выписываю газету и публикуюсь в ней очень давно, потому что это важно, нужно не только для меня, но и для всего нашего коллектива. Да и вообще, нам нравится ваша газета, нравится то, что вы публикуете всё то, что актуально для учителей.