Блум таксономиясы бойынша сұрақтар дайындау

Выпуск - №35 (431)    :   04.09.2020
3216

«Бақыт жолы тек білімнен табылар», – деп Ахмет Иүгнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек – білім. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы – оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты.

Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі – білім беру саласы. Бағдарламаның мақсаты – оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай тұлға болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс.
Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы (конструктивті) оқытуда керісінше, мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, талқылап, достарымен пікір алмасып, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.
Дегенмен әр мұғалім сабақ жоспарлағанда пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ тілі сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту Блум таксономиясына негізделіп жоспарланады. Таксономия құрылымның (сабақ жоспарының) жүйелілігін білдіреді. Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум. Ол сабақ құрылымын алты деңгейге бөліп қарастырады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау. Сабақтың жалпы мақсатынан басқа әр деңгейге мақсат пен күтілетін нәтиже, сондай-ақ әр деңгейдің тапсырмасына критерийлер мен дескрипторлар қойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, білім деңгейін бақылап отыру үшін қажет. Мысалы, қазақ тілі сабағын жоспарлағанда білу деңгейінде тақырыпты оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5 минуттық бейнероликтер көрсетуге болады.

 

Блум таксономиясы бойынша сұрақтар


Американдық профессор Бенджамин Блум

1. Қарапайым сұрақтар – бұл сұрақтар нақты деректерді еске түсіріп, жауап беру үшін қойылады.
2. Анықтауышы сұрақтар – алған ақпаратты аңықтау үшін бағытталған «яғни сенің ойынша, бұл...», «мен сені дұрыс түсінем, онда...»
3. Тәжірибелік сұрақтар – «Сіз қалай орындар едіңіз?» Одан не істеуге болады? «Егер сіз кейіпкердің орында болсаңыз қайтер едіңіз?»
4. Интерпретациялық сұрақтар (түсіндіруші) – белгілі бір мәселерді шешу барысында жаңа идеяларға итермелеуі мүмкін және түсініксіз іс-әрекеттердің себебін анықтауға көмектеседі (неліктен?) «Неге?», «Не үшін?»
5. Шығармашылық сұрақтар (болжам) – «Не болды, егер де...?» «Не өзгерер еді?», «Осылай болса қайтер еді?», «Қалай ойлайсыз, оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?»
6. Бағалаушы сұрақтар (салыстыру) – ойлаудың эмоционалды жағын арттыру үшін бағыттылған «Сіз қалай ойлайсыз?» «Неге мынау жақсы, ал мынау нашар?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді?».

Мысал келтірсек


Деңгей

«Туған өлкем – тұғырым» тарауы бойынша тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы «Елтаңба мен ту туралы жыр».
Бұл сабақтың негізгі мақсаты:
– Мәтінді түсініп оқиды, оның мазмұнын ұғынады, Қазақстан рәміздері туралы білімдерін топпен бірлесе отырып талқылайды;
– «Пырақ» пен «қыран» сөздерінен диалог құра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
– Балалар еліміздің рәміздерін, олардың тарихын білуге, қастерлеуге үйренеді. Елге, жерге деген патриоттық сезімі оянады.
Енді осы тұста ойлау деңгейлеріне тоқталып өтсек.
Білу мақсаты: Бұған дейінгі оқушылардың мемлекеттік рәміздер жайлы білетінін анықтау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Әр топ бейнелері қайда орын алған? ҚР рәміздері туралы мен не білемін?
Бағалау: Смаилик арқылы бағалау
Түсінуі мақсаты: Білетіндерін әңгімелеу. Мәтінді оқу, талқылау. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Мәтінді «ЖИГСО» әдісі арқылы оқып, постер құрайды,әр топтан елшілер постерді қорғайды.
Бағалау: Топтар бірін-бірі бағалайды(бағдаршам) әдісі.
Қолдану мақсаты: Қисынды ойлауға әкелу. Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Пырақ пен Қыран сөздерінен диалог құрастыру.
Бағалау: Жұлдызша беру арқылы
Талдау мақсаты: Бұған дейінгі білімін зерделеу.
Тағы бір тапсырма – «Ауызша волейбол» ойыны. Ойын шарты бойыфнша жүргізуші мақалды бастап, допты екінші балаға лақтырады. Допты алған оқушы мақалды аяқтайды. Өзі мақалды бастап, келесі оқушыға лақтырады. Әр аяқталған мақалға 1 ұпай, егер аяқтай алмаса 1 ұпай алынып тасталады.
Жинақтау мақсаты: Оқушыларды өз ойын жинақтап айтуға итермелеу.
Тапсырма: Мақал-мәтелдерді сатылай кешенді талдау. Жетонмен немесе фишкалармен бағалау. Толық талданған мақалға 5 ұпай. Бұл тапсырманы орындау барысында.
Бағалау мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін бағалай алуын бақылау.
Түрткі сұрақ, тапсырма, жағдаяттар: Гүлнұр Оразымбетованың «Туған өлкем» әнін тыңдау. Осы әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар? Сен өз еліңнен жырақта жүрсің, сағынышыңды қалай білдіресің? «Туған елге сағыныш» тақырыбында эссе жазу. Бұл тапсырманы оқушылар өз ойын ашық бейнелей алуы арқылы мені таңғалдырды. Сабақ барысындағы рефлексияда оқушылар «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы ойларын ашық айтты. Өзім бағалауда оқушылардың сабақ бойында алған формативті бағаларын есептеп, қорытынды суммативтік баға бердім.
Сабақ соңында балалардың бір-бірімен пікір алмасып, сабақтың қызықты өткендігін айтып ой бөлісіп жатқандығын естідім. Дегенмен оқушылардың топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыланбағаны сабағымның кемшін тұсы болды. Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалар оқушылардың ойлау деңгейлеріне қиындық туғызды. Себебі дәстүрлі сабақтарымда жабық сұрақтарды көп қойып, ал оқушыларым оған еш қиналмастан оқулықтан қарап жауап беретін. Оқушылардың логикалық ойлау деңгейлері төмендеу болғандықтан, оларға эссе жазу да қиынға соқты. Олар әлі де қиялға берілуге жаттықпаған. Сондықтан келесі сабақты жоспарлағанда оқушыларымның ойлау деңгейлерін есепке алдым.

Қалыптастырушы бағалау

Білу деңгейінде көбінесе қалыпстраушы бағалауды қолданған жөн. Себебі, қалыпстраушы бағалау оқушыны білім алуға, өз бетінше жұмыстануға ынталандырады. Мысалы. «Екі жұлдыз, бір тілек», «Бағдаршам», «Қолмен белгі» т.б әдістер мен «бәрекелді, өте жақсы, жарайсың» деген сөздермен бағалауға болады. Одан әрі оқушы танып, білгенін, тақырыптың мазмұнын түсіну мақсатында Блум таксономиясының түсіну деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Түсіну деңгейінде оқушы тақырып бойынша өз бетінше немесе топтасып бір тұжырымға келеді. Яғни, тақырыптың не туралы екендігін түсінеді. Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін критерийлер мен дискрипторлар қоямыз. Тапсырмаға қойылатын критерии мен дискрипторларды құрастыруды бірінші оқушылардың өзіне де ұсынуға болады. Критерий мен дискрипторларды мұғалім өзі құрған жағдайдың өзінде де, оны оқушыларға таныстырып, оқушылардың да көзқарасын білуі керек. Блум таксономиясының үшінші деңгейі қолдану. Ендігі кезекте, түсінген білімін күнделікті өмірмен ұштастырып, дәлелді мысалдар келтіріп, қолдану аясы туралы жазып не айтып беруі керек. Оқушы ойлана білу, ойын жеткізудегі тосқауылдарға кездеседі. Олар: сөздік қорының аздығы, жазу сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығының сәйкес келмеуі. Яғни, бір бала ойын жазып жеткізсе, ал енді бірі ауызша жеткізеді. Қазақ тілі пәнінің ерекшелігіне байланысты өзге ұлт баласына қазақ тілінде ауызша сауатты жауап беруге, сөздік қорды дамытуға негізделгендіктен, критериидің жоғары ұпайы сөздік қор мен ауызша жауабына қойылады.
Осы алғашқы білу, түсіну, қолдану деңгейлері пәндік деңгей болып саналады. Одан әрі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді, тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді. Оқушы жинақтау деңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация, Венн диаграммасы т.б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды. Блум таксономиясының соңғы деңгейі бағалау. Бұл деңгейде әдеттегісінше, оқушыны мұғалім бағаламайды, керісінше, оқушы өз жұмысының нәтижесі туралы рефлексия жасайды. Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай жоспарлау керектігін біле алады. Осы мақсаттарға жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Ол үшін түрлі сергіту сәттерін, тренингтер өткізуге, жаймен сазды әуен қосып қоюға болады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.

Жангүл ЕРДЕНОВА,
Бөрлі ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қарабалық ауданы

 

Реклама

Трогательное суеверие заключается в том, будто благодаря знанию всё большего числа фактов человек приходит к знанию действительности. Сотни разбросанных, не связанных друг с другом фактов вбиваются в головы учеников; их время и энергия заняты заучиванием всё большего и большего числа фактов, так что для мышления остается мало времени и сил. Несомненно, мышление без знания фактов остаётся пустой фикцией; однако одна только «информация» может оказаться таким же препятствием для мышления, как и её отсутствие.

Я никогда не учу своих учеников, я пытаюсь только обеспечить условия, в которых они смогут учиться. Учителю необходимо узнать об интересах ученика, увидеть в нём потенциал и бросить все силы на его развитие. Причём сделать это так, чтобы ребёнок хотел учиться и мог это делать.