
Қазіргі әлемде оқушылардың оқуға деген қызығушылығының күрт төмендеуі, сөздік қорының аздығы, соның салдарынан сауаттылықтың төмендеуі, өз ойларын сауатты және қисынды түрде жеткізе алмау мәселесі бар.
Бала жан-жақты дамуы үшін, білім алып, кітап оқуы қажет. Ал, оның кітап оқуға деген қызығушылығын қалай дамытуға болады? Балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруды ертегілерді оқытумен бастауға болады. Ертегі – баланың ең сүйікті әдеби жанры. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады. Ертегілерді балалар қызыға оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Әсіресе, балалар жануарлар туралы ертегілер, фантастикалық ертегілер, батырлар туралы ертегілер оқығанды ұнатады.
Халықтың ауыздан-ауызға тараған ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, әділеттілік пен әділетсіздік қатар бейнеленеді. Арамдық пен жауыздық апатқа ұшырап, жеңіліп, жақсылықтың үнемі жеңіске жетуі халықтың бақытты бейбіт өмір аңсағанын көрсетеді. Ертегіні оқыту барысында қандай қиыншылық болса да, қарсы тұра білу, еңбек адамының қадірлеу биік адамгершілік қасиеттер дәріптеледі. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту барысында «бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ, жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау оларды көңілдендіреді, армандауға үйретеді.
Оқушыларға кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің берер пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте айқын белгілерді көрсететін, анық, түсінікті болып келеді. Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жақын үлгімен жазылады, мазмұндалады. Ертегі бойынша оқушыларымен сабақта қолдануға болатын тәсілдер сан түрлі. Сондай тәсілдің бірі – ертегіні сахналауды – өз жұмысымда қолданамын.
Рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналау оқушыларымның үлкен қызығушылығын тудырады. Олар декорацияны, костюмдерді әзірлеп, сахнаға дайындық барысында қуанады. Негізгі эпизодтарды сахнада қою оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, дикциясын дамытады. Олар өздері ойнайтын кейіпкерлердің образдарына кіруге тырысады және мәтіндерді жаттайды. Осындай сәттерде өзіне өзі сенімсіз, ұяң балаларға сахнада ойнау қиын тудыруы да мүмкін. Бірақ, жақсы таңдалған сахналық рөл баланың ішкі қабілетін ашып, шешендік өнерге баулиды, есте сақтау қабілеттерін жақсартады.
Ертегімен жұмыс істеудің осы әдісі оқу процесін қызықты етіп, мектеп оқушыларының сөйлеуі мен шығармашылығын дамытады. Қазақ ертегілері – ана тілі мен әдебиетін ойын түрінде меңгерудің сарқылмас бұлағы. Олар балаларды ерте жастан кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді және оларды жағымды халықтық құндылықтар негізінде өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады.
Гульжан НУРКЕШЕВА,
Ново-Троицк ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қарабалық ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.