Функционалдық сауаттылық бастауы

Выпуск - №6(603)   :   15.02.2024
498

«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғында ЮНЕСКО құжаттарында пайда болып, кейін зерттеушілер арасында қолданысқа енді. Оның негізі негізі бастауыш мектепте қаланады.

Себебі, дәл осы бастауыш сыныпта жазу мен оқу, сөйлеу және тыңдау бойынша қарқынды оқыту жүзеге асырылады. Қазіргі қарыштап жатқан заманда мұғалім оқушының ақпарат ағымында адасып кетпеуі үшін, оған ойлау тәсілдерін үйретуі керек. Әр мұғалім осыны ескере отырып, қосымша әдістемелік материалдарды құрастырады. Мен 1-сынып үшін «Оқы, сана, ойла» атты жұмыс парақшаларды құрастырдым. Бұл – «Әліппеге» қосымша жұмыстар болып табылады.

«Әліппе» және әрі қарай «Ана тілі» сабақтарында балалардың кітапқа деген қызығушылығын, оқуға деген сүйіспеншілігін дамытып, өмірге және одан әрі өмір бойы білім алуға пайдалы іскерлік пен дағдыны қалыптастыру үшін сабақтарда шығармашылық қызықты тапсырмаларды пайдалану қажет. Әр баланың сөз сөйлей білу, сөзді түсіну, әр қырынан қарастыру қабілеттерін дамыту қажет. Оның ішінде лексика, фонетика, морфология және синтаксис бар. Тілдің заңдылықтарын практика жүзінде түсінуге, интеллектуалдық ізденіспен айналасуға мүмкіндік беру де маңызды.

Өкінішке қарай, мұғалім қанша тырысқанмен, сыныпта оқу қабілеті нашар оқушылар тобы кездеседі. Олар үшін, түрлі себептерге байланысты кітап оқу – өте ауыр жүк саналады. Кейін оқығысы келмей қалып, оқудан үлгермейді. Бұған жол бермеу үшін үш топқа бөлінген арнайы жаттығуларды орындау керек. Олар: визуалды қабылдау, айтылу және оқығанын түсіну. Жұмыс әрқашан оқушылардың дұрыс отыру, үйретуден басталады. Бірінші топ визуалды қабылдау жаттығуларын дұрыс, тез оқуды дамытуға арналған. Ол үшін әріп, буын және сөз – жақсы материал. Мысалы: «Қандай әріп, буын немесе сөз артық?», «Сөздердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?», «Теріс сөздерді оқы» және тағысын тағы.

Екінші топ айтылуын жақсартуға бағытталған. Мұнда дикция мен тыныс алумен жұмыс істеу керек. Дикция жаттығуларына артикуляциялық жаттығулары, яғни тіл ұстарту, дауысты және дауыссыз дыбыстарды жаттықтыру, жаттықтырылған дыбысты дауысты дыбыспен біріктіруге арналған жаттығулар, жаңылтпаштар қолданылады. Мысалы, артикуляциялық жаттығуға қатысты оқушылар терең тыныс алып, шығарғанда «А» дыбысы қанша рет жазылса, сонша айтады. Бұл жаттығуды кез келген дауысты дыбыспен жасауға болады.

Үшінші топта оқушылар оқығанын түсінуі қажет. Мысалы: «Ортақ атауын ата», «Сөздерді топтарға бөл» тапсырмалары, кейін мәтіндермен жұмыс істейді. Жартылай көрінетін мәтінді оқиды, сұрақтарға жауап береді және басқа да қызықты тапсырмаларды орындайды. Осылайша 6–7-жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында ең бастысы – балаларды кішкентай болса да, өздігінен жаңалық ашуына жол көрсету. Қанша дегенмен, бастауыш білім – функционалдық сауаттылық дағдылары бойынша жұмыстың бастамасы ғана екенін ұмытпау қажет.

Жанна КАЗАНБАЕВА,
Естай Есжанов атындағы
№9 ЖББМ бастауыш
сынып мұғалімі,
Жітіқара қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.