Қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі

Выпуск - №49(646)   :   13.12.2024
1019

1


Қостанай ауылшаруашылық колледжінің ветеринария мамандығының 1-курс студенттері тарих пәнінен «Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» атты ашық сабаққа қатысты.

«Қазақ қоғамында әлеуметтік жіктелу жүйесі негізінен үш топтан тұрды: ақсүйектер (байлар), орта тап және жарлылар. Бұл жүйе көп жағдайда дәстүрлі әдет-ғұрыптарға сәйкес өмір сүрді», – деген А.Диваевтың сөзін негізге ала отырып, жаратылыстану-гуманитарлық пәндер бойынша әдістемелік цикл комиссиясының апталығы аясында өткен сабақ барысында әлеуметтік жіктелу мәселесі қарастырылды.

Қазақ қоғамында басты әлеуметтік топтар ретінде би мен батырлар, ру басылары, ақсақалдар және қарапайым халық ерекшеленді. Әрбір топтың өз міндеттері мен жауапкершіліктері болды. Мысалы, би мен батырлар әділдік пен қайсарлықты, ал ақсақалдар ақыл мен парасаттылықты жоғары бағалады. Бұл әлеуметтік құрылым арқылы қазақ халқының дәстүрлері мен құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілді. Сабақ барысында оқытудың бірқатар әдіс-тәсілдері қолданылды.

2

Оның бірі – «Болжау» әдісі. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуі туралы тақырыпты бастамас бұрын, оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылды. Олар өз болжамдарын айта отырып, жаңа тақырыптың мазмұнын анықтайды. Бұл әдіс оқушылардың ойлау қабілеті мен тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттырады. Ал, оқушылардың білімін тексеру мен тереңдету үшін, сондай-ақ материалды дұрыс түсінуіне және меңгеруіне «Қатені тап» әдісі септігін тигізеді.

«Ой талқысы» әдісі арқылы оқушылар тақырыпқа қатысты өз пікірлерін білдіріп, бір-бірімен пікір алмасады. Бұл әдіс оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, олардың пікірлерін негіздеп айтуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын терең түсінуге көмектеседі. Ал, жаңа тақырып материалын бекітуге «Синквейн» әдісі тиімді. Бұл әдіс білім алушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығы мен материалды жүйелі түрде жеткізу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы оқушылар қазақ қоғамындағы әлеуметтік топтардың жауапкершіліктері мен міндеттерін талқылайды. Әлеуметтік әділеттілік, өзара құрмет пен көмек көрсету дәстүрлері бүгінгі күні де қоғамда үлкен маңызға ие екенін түсінеді. Қазақ қоғамы әрқашан тәрбиеге және әлеуметтік тәртіпке ерекше мән берді. Әр әлеуметтік топтың міндеттері мен құқықтары болған және өзара қарым-қатынаста әділдік, бірлік және көмек көрсету маңызды рөл атқарған.

«Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері» тақырыбын тарих сабағында оқыту барысында қолданылатын әртүрлі әдістер оқушылардың білімін тереңдетіп, сыни ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етіп қана қоймай, қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, тәрбиелік мәні зор тапсырмалар арқылы тұлғалық дамуға ықпал етті.

Гүлжаухар ДОСОВА,
Қостанай ауылшаруашылық колледжінің тарих
пәнінің оқытушысы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.