Қазіргі ақпараттар легі көп, тәжірибе аз уақытта педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерген, күнделікті жұмысында инновациялық тәжірибені жетік қолданатын педагогтер қажеттілігі туындауда. Сондықтан динамика мен өзгерістерге толы осы замандаәр педагогтың негізгі мақсаты – өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отыру.
Lesson Study, яғни сабақты зерттеу тәсілі – сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады. Lesson Study әдісінің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейтіп, оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете аламыз. Алынған мәселе мынадай: қаланың ерекшелігіне сай оқушылар күнделікті өмірде күрделі мәтіннен шағын сөйлем құрастырып өз сөздерімен жеткізуге қиналады. Алдымен нысанаға алынған сыныптың ахуалы, ерекшелігі зерделенді.
Сабақты зерттеу – мұғалімнің кәсіби мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар жүзеге асыратын үйлесімді, әрі тиімді жүйені ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тамаша үдеріс. Өзіміздің зерттеу мақсатымызды басшылыққа ала отырып, оқу әдістері мен мен формаларын бірлесе анықтадық. Атап айтсақ: сауалнама, бақылау, талдау, әртүрлі жанрда аналитикалық жазба жаттығулары, т.б. әдістері белгіленді. Артынша аудиал, кинестет және визуал оқушылар анықталды. Осылайша зерттеу тақырыбы ретінде «7 «В» сынып оқушыларының еркін сөйлеуі мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру» таңдалды. Ал зерттеу аспектісі: графикалық органайзерлер. Яғни, зерттеу жүргізудегі мақсатымыз – графикалық органайзерлердің көмегімен нысанаға алынған сынып оқушларының өз ойын жазу мен еркін сөйлеулерін қалыптастыру.
Практиканы жүзеге асыру барысында графикалық органайзерлердің тиімділігі көрініс табады.
Графикалық органайзерлер көлемді мәтінді аз уақыт ішінде түсініп жазуға не айтуға мүмкіндік беретіндігін көрсетті. Көлемді мәтінді ықшамдауда идеяларды жинақтап, мақалада сөз етіп отырған графикалық органайзерлермен перефраза жасауды үйренді. Графикалық органайзерлер оқылым үдерісін жүйелеу, ойды тізбектеу үшін қажет. Нәтижесінде мұғалім оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылықтарын басшылыққа алу қажеттілігін ескерді. Одан бөлек мұғалімнің өз практикасына бірнеше өзгерістер енгізу сипаттамасы көрініс тапты. Мұғалімдердің бақылау, дерек жинау дағдылары қалыптасып, командада бірлесе жұмыс істеу арқылы шешім қабылдауға дағдыланды. Сәйкесінше оқушыда өз ойын жазуда шағын мәтін құру білігі артты, графикалық органайзерлердің көмегімен ойын жүйелі жазуға, жеткізуге дағдыланды. Сонымен қатар оқушы үнінің маңыздылығын түсініп, ойын ашық айтуға үйренді. Және де оқу бағдарламасының тілдік дағдылары жазылым және айтылым оқу мақсаттарына жету көрсеткіші артты.
Оқылым мәтіндерімен жұмыс істей отырып, білім алушылардың бойында қажетті дағдылардың қалыптасуына және табысты болуына жол ашады. Көлемді мәтінге жылдам шолу жасап, қажетті ақпаратты тиімділікпен іздеп табуға машықтанады. Осынай бірлескен жұмыстың нәтижесінде, көлемді мәтіндерден ықшам мәтін жасауда оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында оқуға деген белсенді іс-әрекетінің жақсартылып, зейіннің шоғырланғандығын байқауға болады. Зерттеу тәжірибесінде оң нәтижелерге қол жеткізіп, жақсы тәжірибе алу үшін пән мұғалімдерінің ортақ мақсат аясында жұмыс істеудің маңызы зор екенін баса айта кеткен жөн.
Сөзімді қорытындылар болсам, сабақты зерттеу – шын мәнінде кәсіби, педагогикалық уәждемені арттыруға, білімді одан әрі жетілдіруге ықпал ететін әдіс-тәсіл. Іс-тәжірибемізді түйіндей отырып, фокус тобы үшін өзін көрсетуге және шынайы деңгейде дамуға жағдай жасалған тамаша мүмкіндік дегім келеді. Lesson Study сабақты зерттеу тәсілі – қазіргі мектептердегі жағдайды түбегейлі өзгерте алатын әдістердің бірі және оның тиімділігін өз тәжірибемізден нақты көрініс таба алды. Сабақты зерттеу нәтижелері тек топ мүшелері үшін ғана құнды емес, ол сондай-ақ педагогикалық білім қорының толығуына да ықпал етеді.
Қымбат БІРМАНОВА,
Б.Майлин атындағы
№7 мектеп-гимназияның
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.