Мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл – «Lesson Study». Бұл тәсіл ХІХ ғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған.
Мұғалімдер жаңа оқыту әдістемесін талқылап, оны нақты сабақтарға бекіте бастады. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс әрекеттегі зерттеу. Бұл әдістің балаларды оқытуда тиімділігіне көз жеткізу үшін және мектептің болашағын дамыту мақсатында Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдер тобын біріктіріп, «Lesson Study» зерттеуін өткізуді жөн көрдік. Бастауыш сынып мұғалімдерінен фокус топ құрылып, «Lesson Study» жоспары жасалды. Топқа бастауыш сынып мұғалімдері Ж.Е. Алтынбаева, Л.А. Абдуахитова, К.Т. Утеулина, Б.М. Байсаматова бекітілді.
«L.S.» жобасын зерттеу нысаны ретінде 4 «А» сыныбы және жаратылыстану пәні таңдалып, «Ақпараттық-коммуникациялық технология арқылы сабақ материалын меңгерту» тақырыбын мақсат көзі ретінде пайдалануды жөн көрдік. Тізбектелген сабақты өткізбес бұрын, зерттеу нысаны ретінде таңдалып алынған сыныптың ішінен білім деңгейі әр түрлі үш оқушыны анықтап алу мақсаты тұрды. «L.S» тобының мүшелері бірлесе отырып сыныптың және оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі сауалнамалар және білім деңгейін көрсететін тест жұмыстарын өткізді. Осылайша сауалнама қорытындысын назарға ала отырып, зерттелетін А, В, С деңгейіндегі оқушылар анықталды.
Үш деңгейлі оқушылар анықтап алынғаннан соң, оқушылардың cыни ойлayына итермелей алатынын, сабақ барысында АКТ қолдануын ескере отырып, орта мерзімді жоспарға сәйкес қысқа мерзімді тізбектелген сабақ жоспарларын жасадық. Әртүрлі үш санаттың өкілі болып табылатын үш оқушыны оқытуға басым назар аударылды. Мұғалімнің құзіреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеріп және оны тиімді шебер қолдануда. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті – көрнекілік-образды. Сондықтан оларды оқытуда көптеген сапалы иллюстрацияларды қолдануда АКТ-ның үлесі зор. АКТ-ны басшылыққа ала отырып, тізбектелген сабақтар топтамасында «Plickers», «Quizizz», «Kahoot» платформалары арқылы үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың меңгерілуін тест шешу арқылы қарастырылды.
АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындай алғанын, бір саты болса да оқушы деңгейі көтерілгенін байқадық. Сабақтардан кейін үш деңгейлі оқушылармен сұхбат алынды, сұхбат нәтижесінен оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы, ынтасы, білім деңгеі арттыра түскенін көрінді. Сабақты қадағалау барысында жиналған деректер бойынша талқылау жүргізілді. Пікірталас кезінде оқушылар оқу мақсатына жетті ме, сабақты қалай жетілдіруге болады және бұл тәжірибеден қандай сабақ алуға болады деген мәселелерге назар аударылды. Сабақты талдау барысында зерттеу тобы сабақты қайта қарау жолдарын анықтап алынды. Нәтижесінде «Lesson Study» тәсілі – оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі саналатынын түсіндік.
Жақында «Өзін-өзі басқару жас мұғалімнің шығармашылық дамуының негізі ретінде» деген тақырыпта мектебімізде география, биология және химия пәнінін мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Тәжірибе алмасу арқылы шеберлігіміз шыңдала түсті. Жас мамандарға 4-сыныпта жаратылыстану пәнінен өткізілген зерттеу сабағы туралы тәжірибемізбен бөлістік. Шебер-сабағымыз тәжірибені жетілдіру үшін «Lesson Study»-ді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер арасында көрсетуді көздеді. Шебер-сабақ өткізу арқылы мұғалімдерді «L.S» әдісімен таныстырып, осы әдісті пайдалану нұсқаулығы жазылған кітапша таратылып, қосымша мәліметтер берілді. Шебер-сыныпта семинарға қатысушылар топқа бөлініп, өздерінің беретін сыныптарында оқушыларда кездесетін қандай проблемалары барын анықтап, сабақ жоспарларын құрды және постер арқылы қорғап берді.
Шебер-сабақ барысында мұғалімдер «Lesson Study» үдерісін оқытуды жетілдіру және онын сапасын арттыру құралы ретінде мектептерде «Lesson Study»-ді пайдалану үшін әріптестермен қалай ынтымақтастық орнатуға болатынын білді; Lesson Study кезінде әріптестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын түсінді, «Lesson Study» циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алды. Семинар соңында «Lesson Study» әдісі тиімді екенін әріптестерімізден кері байланыс жасау арқылы білдік.
Жалпы қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім шәкірттеріне ғана емес, жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Ал бұл тұста «Lesson Study» – оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десек те, артық етпейді.
Жанар АЛТЫНБАЕВА,
Кумусай УТЕУЛИНА,
Ә.Бөкейхан атындағы ЖББ
мектебінің бастауыш
сынып мұғалімдері,
Қостанай қаласы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.