Қостанайдағы №16 бөбекжайда «Кіші топ тәрбиеленушілерін мамандықтармен таныстыруда ойын технологиясын қолдану» атты қазақ тілінде оқытылатын ерте және кіші топ тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі өтіп, балабақшамыздың тәрбиешілері тәжірибелерімен бөлісті.
Қазіргі заманда білім – қоғамның басты қозғаушы күші. Әлем күн сайын өзгеріп, жаңарып жатқан кезде, сапалы білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Сапалы білім – бұл жай ғана көп оқу емес, алған білімді өмірде қолдана білу, сыни ойлау, дұрыс шешім қабылдау және жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Білімді адам – саналы адам. Болашақ мамандық таңдау да осы сапалы білім мен саналы ойдың жемісі. Әр адам өзінің қабілетін, қызығушылығын және қоғамға қажеттілігін ескеріп мамандық таңдауы керек. Өйткені сүйікті ісімен айналысқан адам ғана өз ісінің шебері бола алады. Ал нағыз маман болу үшін – ең алдымен, сапалы білім қажет.
Кіші жастағы балалардың қоршаған ортамен танысып, күнделікті өмірде кездесетін адамдардың еңбек қызметін тануы – олардың дүниетанымын кеңейтуде аса маңызды. 2-3 жас аралығындағы балалар еңбек ұғымын толық түсіне қоймағанымен, өзінің айналасынан көретін мамандықтарға қызығушылық танытады. Сондықтан педагогтің алдында тұрған ең негізгі міндет – мамандықтар туралы ақпаратты балаға жеңіл, түсінікті және қызықты түрде жеткізу. Кіші топтағы балалардың ойлау қабілеті көрнекі-бейнелі сипатта болатындықтан мамандықтарды түсіндіруде нақты сурет, зат, құрал және көрнекілік басты рөл атқарады.
Балаларға олар күнделікті көретін, өз өмірімен тығыз байланысты кәсіп түрлерін таныстырған жөн. Мысалы: дәрігер – балаларды қарайды, емдейді; аспаз – тағам дайындайды; құрылысшы – үй тұрғызады; жүргізуші – көлік айдайды; тәрбиеші – балаларға қарайды, үйретеді. Ал түсіндіру қысқа, нақты, түсінікті сөйлемдермен берілуі тиіс. Таныстыру кезінде көрнекіліктерді пайдалана отырып, кіші топта «Дәрігер», «Асхана», «Дүкен», «Құрылыс алаңы» сияқты қарапайым рөлдік ойындарды ұйымдастыру өте тиімді. Рөлдік ойын арқылы бала өзін белгілі бір мамандық иесі ретінде елестетіп, еңбек әрекетінің мәнін түсінеді. «Дәрігерге барамыз», «Құрылысшылар кірпіш қояды», «Жүргізушілер жолға шықты» қимылды ойындары балалардың белсенділігін арттырып, мамандықты тану қызықты процесс болуына ықпал етеді.
Балалар бөлмесін жинау, ойыншықтарды орнына қою, гүл суару сияқты қарапайым әрекеттер арқылы баланың «еңбек» ұғымына қызығушылығы артады. Осылайша олар кез келген мамандық еңбекті қажет ететінін түсіне бастайды. Әрине, мамандықтармен таныстыру барысында балалар жаңа сөздерді біледі: «емдейді», «пісіреді», «жөндейді», «тұрғызады», «сатады». Сөздік жұмыс нәтижесінде баланың тіл байлығы кеңейіп, сөйлеу мәдениеті қалыптаса бастайды. Сондай-ақ бұл жолда ата-анамен бірлескен жұмыс тиімді нәтижесін береді. Мысалы, «Ата-анамның мамандығы» фотокөрмесі; қарапайым бейнеролик немесе сурет көрсету; ата-ананың мамандығымен таныстыру сабағы (қонақ ретінде шақыру) және т.б. іс-шаралар балаға жақын адамдардың еңбегін бағалауға әсер етеді.
Кіші топ балаларын мамандықтармен таныстыру – олардың әлеуметтік орта туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыратын маңызды педагогикалық процесс. Қарапайым, анық, көрнекілікке толы түсіндіру баланың санасында оңай қабылданады. Рөлдік ойындар мен көрнекі материалдар мамандықтар әлемін жақындатып, балалардың қызығушылығын оятады. Ал балалардың еңбек адамдарына деген құрметі мен түсінігі осы кіші жас кезеңінен басталады. Сондықтан тәрбиеші балаларға мамандықтар әлемін қызықты, түсінікті, жағымды етіп таныстыруы қажет.
Асель НАКЕНОВА,
Мөлдір МАНАТОВА,
№16 бөбекжайдың тәрбиешілері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.