Оқушының бойындағы функционалдық сауаттылығы пен өмірге қажет құзыреттіліктерді дамытуға басты назар аударылып отыр. Соның ішінде тарих сабағында мәтінмен жұмыс істеу әдістері оқу сауаттылығын дамытудың негізгі бір құралы екенін айта кеткен жөн.
Оқушылардың жазба мәтіндерді түсініп қана қоймай, оны қолдануы, мәтінмен танысу барысында ой толғауы, жаңа білім игерудегі әдіс-тәсілдерді қолдануы, әлеуметтік ортаға бейімделуі: осының бәрі де оқу сауаттылығының анықтамасы. Яғни, мақаламызда сөз етіп отырған оқу сауаттылығының негізі – мәтінмен жұмысты толық қалыптастыруға келіп тіреледі. Ал белсенді оқу стратегиялары мен тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда оқу сауаттылығының тиімділігі де арта түседі. Белсенді оқу оқушының ойлау қабілетін және оқу сауаттылығының дағдыларын дамытады. Сөзім жалаң болмас үшін, тәжірибеме сүйене отырып, тарих сабағында оқушылармен жүргізілетін мәтінмен жұмыс істеу тәсілдерін талдап көрелік.
Мектебімізде тарих сабағы 6-8 сыныптарда біріккен түрде өтеді. Олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, өмірге қажет қасиеттерді бойына сіңіру үшін мәтінмен жұмыс істеудің рөлі зор. Осы тұста әдістердің мәтінмен қандай байланысы бар екендігіне тоқталып өтейік. Ең алдымен, мәтін оқыған кезде ауызша мәтін, электронды мәтін және жазба мәтін ұсынамын. Сол мәтіндерді оқудың да бірнеше әдістері бар. Олар: түртіп алып оқу, тізбектеп оқу, іштей оқу, дауыстап оқу, кейде хормен оқу және болжай отырып оқу. Мәтінмен жұмыс оқушылардың оны оқып шығып, болжауынан басталады. Артынша мәтінді әдістерге салуды ұсынамын.
Сабақ барысында «Сын тұрғысынан ойлау», «Попс», «Фишбоун», «Рафт», «5-5-1», «Птмс», «Кластер», «Синквейн», «6 қалпақ», сонымен қатар кесте толтыру, ми шабуылы, эссе жазу, сәйкестендіру, т.б әдістерді қолданамын. Сондай-ақ жазу стратегиялары, сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, жұптық оқытуда «Сағат дос», «5,5,5…», постер құрау әдістерін, сынақ, өздік жұмыс, тірек-сызба, кесте, хронологиялық кестелер құрастыру, тірек-конспектілер жазу, Венн диаграммасы, тарихи диктант, тест түрлері арқылы оқыту, термин сөздермен жұмыс, тарихи тұлғаларды тану сынды әдіс-тәсілдер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруда таптырмас құралдар.
Қазіргі уақытта ең тиімді технологиялар: сыни тұрғыда ойлау және ойын технологиясы деп есептеймін. Ойын технологиясын 5 пен 6-сыныптар аралығында қолданып, сабақты ойын түрінде жүргіземіз. Бұндағы мақсат: оқушының жаңа сабақты қабылдау деңгейін барынша жеңілдету. Одан бөлек бұл технология әртүрлі жағдайларды модельдеуге, одан шығу жолдарын іздестіруге ықпал етеді. Аталған әдістер оқушының өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, әр баланың жеке қабілеттерін аша түседі; бір-біріне көмектесіп қана қоймай, білім алуға деген талпынысын тудырады; істеген жұмысын тексеріп, өзінің білім беңгейін бағамдуға ықпал етеді. Оқушылар кластер, кесте құрған кезде мәтін бойынша терминдерді немесе жаңа сөздерді жазып алып, сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Немесе берілген мәтін бойынша ақпаратты толықтыру, деректерді тауып алу, датамен жұмыс жүргіземіз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаймыз.
Мәтінмен жұмыс істеу әдістері өте көп. Оларды қолдана отырып, оқушы мәтіндегі қажет мәліметтерді анықтайды, мазмұндайды, сұрақтарға да жауап береді. Мәтін бойынша жоспар да құрып, қорытынды жасайды. Топпен, жеке, ұжыммен жұмыс істейді. Осылайша бір-бірін тексеріп, бағалайды. Айтылған әдістердің нәтижесінде балалар еркін сөйлеуге, бір-бірін тыңдауға, кез келген мәселені шешіп, қиындықты жеңуге үйренеді. Тарих сабағында көбінеки мәтінмен жұмыс істейміз. Кітапта ақпарат аз болғандықтан, қосымша мәтін аламыз. Оқушылар мәтін бойынша қосымша ақпарат іздеп, толықтырып, бір-бірімен ақылдасып, пікірлерін білдіруге үйренеді. Бұл тұста баланың ерекше тұстары байқалатыны рас. Әдістер көп болғанмен арасынан тиімділерін таңдап алып, сабақ барысында қолдану жақсы нәтижеге әкеледі деп сеніммен айта аламын.
Шынар РАХПАНОВА,
Лаврентьев НОМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.