Оқу-тәрбие үрдісіндегі технологиялар

Выпуск - №31-32 (427-428)   :   25.08.2020
492

Қазіргі ақпараттандыру дәуірінде ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құзыреттілігін арттырып, оқыту барысында пайдаланудың маңызы зор. Білім алушыны белгілі бір біліммен ғана қамтамасыз ету аздық етеді.

Білім алушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар ізденімпаз, тапқыр, ой-өрісі жоғары, пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы – қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық-коммуникативтік технологияларды құзыреттілігін арттырып, пайдалану маңызды болмақ.

Ақпараттық-коммуникативтік технология (АКТ) арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Аталмыш технологияларды пайдалану арқылы мұғалім оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізеді. Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізу барысында тақырыбыма арқау болып отырған ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану өте тиімді.

Интернет – АКТ-ның негізгі құралы. Бастауыш білім беру мамандығының студенттері заманауи сабақ талаптарына сәйкес білім берудің ақпараттық коммуникативтік технологияларын педагогикалық оқу-өндірістік тәжірибе барысында қолдану арқылы, сапалы сабақ түрлерін көрсетуде. Атап өтсем, bilimland.kz, imektep.kz, itest.kz, trіventy.com. Қосымша ретінде студенттер негізгі пайдалы wikipedia.org, google.com, gmail.com, youtube.com және т. б. интернет ресурстарды пайдаланады.

Аталған сайттар өте пайдалы және жұмыс істеу барысында ыңғайлы болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар сабақтарда әр түрлі тақырыптар бойынша бейнематериалдар, деңгейлік тапсырмалар, тест тапсырмалары әзірленген. Студенттер осы сайттарды күнделікті сабақ барысында және одан тыс уақытта қолдануға тырысады. Себебі онда оқушылар үшін пәнге деген қызығушылықты арттыратындай көптеген дидактикалық материалдарды, әр түрлі деңгейдегі тест тапсырмалары, үлестірмелі материалдарды қолдануға мүмкіндіктер бар.

BilimLand, iMektep сайтын күнделікті сабаққа қолдану машықкерлер үшін өте тиімді. Жаңа сабақ өткенде жәнеде үй тапсырмасын тексергенде көп қолдану арқылы студенттердің білім, білік дағдыларын арттырумен қатар функциялық сауаттылығын қалыптастырады.

Айымгүл БОХАНОВА,
Қостанай педагогикалық
колледжінің оқытушысы,
педагогика кафедрасы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.