Сабақта белсенді оқыту әдістерін қолдану

Выпуск - №7 (555)   :   16.02.2023
2226

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану оқушының шығармашылығын арттырады. Ол үшін сабақ мақсаты нақты әрі қолжетімді болуы керек. Себебі, қойылған дұрыс мақсат пен күтілетін нәтижелер маңызды.

Дұрыс қойылған мақсат күтілетін нәтижелерге жету жолында нақты іс-әрекетке жетелейді. менің мақсатым: қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы белсенді әдіс-тәсілдердің тиімділігін нәтижеге бағыттауға болатындығына көз жеткізу. Білімді оқушы – болашақтың бір кірпішін қалайды. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашыл, дарынды, жан-жақты болуы шарт. Сабақтың нәтижесінде оқушының сауатты, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету мақсаты назарға алынады. Осылайша оқушының дарынды, шығармашыл болып қалыптасуына көмек боларлық әдістердің тиімділігін байқату. Бұдан еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын дарынды, шығармашыл тұлға қалыптастыру көзделеді.

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы дарындылыққа қалай жетелейміз? Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында белсенді оқыту әдіс-тәсілдері сыни тұрғыдан ойлауды жүзеге асыруда өте тиімді. Бұл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар өз ойын, пікірін жүйелі жеткізе біледі, тереңінен салыстыра отырып ойланады, өзіндік идеяларын ұсынуға дағдыланады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалары сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыру, негізгі дереккөздерді бағалау және соларға сәйкес сұрақтар қою, дереккөздерді салыстыру және толықтыру әдістерін пайдалану оқушылардың сыни ойлауына мүмкіндік жасайды. Оқушылардың пәнді терең түсіну қабілеті дамиды, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде және кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді.

Мақсат-міндеттерімді жүзеге асыру үшін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, төмендегідей тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ барысында пайдаланып келемін. Сабақта белсенді орта құру – белсенді оқу әдістері арқылы жүзеге асады. Менің белсенді әдістерім – пән бойынша тақырыптың мазмұнымен анықталған. Мысалы, «Оқиға тауы» әдісі шығарманың жанрын анықтау, шығарманың сюжеттік даму желісін баяндау дағдысын дамытуда шығарма мазмұнының реттілігін біледі. Себебі, оқушылар топта шығарманы талдай отырып жұмыс істейді, мәселенің шешімін табуды үйренеді. Осылайша шығармамен тиянақты жұмыс жүргізіледі.

«Хикая картасы» әдісі сабақ мақсатына сәйкес, нақтылыққа үйретеді. Себебі, оқушы мәтіндегі нақты ақпаратты пайдаланып, оқиға тізбегін жазады. Бұл әдіс арқылы жазылым алдындағы тапсырмада білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті артады. Ал «Зерттеу» әдістері зерттеу саласына қолданылатын жүйелі және теориялық талдау арқылы қорытынды жасау үшін мәліметтер жинауға, сұрақтар құрастыруға және жауап беруге арналған. «Ой сүзгі» әдісін шығарманы қорытындылау кезеңінде қолданған тиімді. Мысалы, А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесін оқып, талдап, төмендегі жүйе бойынша өз жұмыстарына рефлексия жасайды.

Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері – сабақ үстінде оқушыға мынадай мүмкіндіктер беретенінін анықтадым: өзінің білім беру қызметін өздері басқарады; білім мәдениеті мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға; жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, ізденіп, белсенді орындауға; білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып, ұжымдасып, мұғалім көмегенсіз атқаруы; мәлімет алумен ғана шектелмей, сабақ барысында өз пікірін ашық айтып, сұхбат жүргізуге; ой-өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін дамытып, тәрбиелей алады.

Оқытудың белсенді әдістерін сабақ үстінде қолдану барысында төмендегідей тиімділіктерге қол жеткізуге болады:

– Сенімділікке тәрбиелеу;
– Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру;
– Өз пікірін қалыптастыру;
– Оқушының дүниетанымының кеңіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.

Жалпы оқытудың белсенді әдістерін сабақта тиімді қолдану – баланың танымдық белсенділігін, дарындылығын арттырып, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.


Арайлым АХМЕТЖАНОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы
Обаған ЖББ мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Алтынсарин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.