Шығармашылық қабілетті арттыру мақсаты

Выпуск - №30-31 (477-478)   :   19.08.2021
223

Әрбір мұғалім өзінің оқытатын пәні бойынша білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуы мәселесіне тап болады. Осы тұста «Оқушылардың пәнге қызығушылығын қалай ұстартуға болады?» деген сұрақты өзіме күн сайын қоямын.

Сабақта тірек-сызбаларды мен кестелерді пайдалану – менің жұмысымның мазмұнды жағы деп есептеймін. Өйткені қазіргі уақытта оқушының аса құнды шеберлігі – ақпараттың алып көлемінен ең негізгісін алу, түрлі тақырыпта ой бөлісу үшін қисынды тізбектерді құрастыру. Егер де бала осы қасиетті игермесе, оның сауаттылығы, тілдік дамуы тоқтатылады, бұдан әрі ойлау, өз сезімдерін білдіру және өзінің көзқарасын дәлелдеу қабілеттері дамымайды. Бұл тұста балаларға қандай жәрдем бере аламыз? Оларды ойлауға, ойымен бөлісуге, салыстыруға, өз бетімен айқын қорытындыларын жасауға қалай үйретуге болады? Педагог ретінде, мен оқушыларға жасалған жұмысын жандандыру, теориялық мәліметтерді тәжірибесінде пайдалану қабілетін қалыптастыру жағынан жәрдем бере аламын.

Шығыс халқының «Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақтарда көрнекіліктерді пайдалануға арнап айтылған сияқты. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тірек-сызбаларын және кестелерін пайдалану арқылы оқушылардың тілдік қоры молаяды. Тірек-сызбаларды және кестелерді үздіксіз жүйелі қолданудың нәтижесінде білім алушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны байқалады. Тірек-сызбалар мен кестелер жаңа тақырыпты тез түсінуге, оны есте сақтауға көмектеседі. Оқушылар кесте бойынша сөз тіркес, сөйлем құрастырып, пікірлерін айтып, ойын анық жеткізуге тырысады, сондай-ақ сабаққа қызығушылығы артады, еңбектенуге талпынады.

Барлық сызбалар шартты түрде көркемдік және абстрактілі болып екі түрге бөлінеді. Көркемдік сызбалар тірек сигналдары мен пиктограммаларға бөлінеді. Абстракті сызбалар объектілік, бағыттаушы және ұйымдастырушылық-іс-әрекеттілік болып бөлінеді. Тірек сигналдарына нақты заттар мен құбылыстарды бейнелейтін, белгілі бір детализация дәрежесі бар көркем суреттер кіреді. Тірек сигналдар әдістемесін В.Ф. Шаталов әзірледі және ол оқушылардың оқу материалын есте сақтау және меңгеру үшін қызмет етеді. Мұндай тірек сигналдарға міндетті түрде қысқа тірек конспект қосу қажет. Тірек сигналдары мен тірек конспектісін сабақта қолданудың да өзіндік ерекшелігі бар және оны әрбір педагог тәжірибесіне қарай икемдейді.

Пиктограммалар – бұл  түрлі заттарды, адамдарды, олардың көңіл-күйін, объектілерді бейнелейтін арнайы суреттер, шағын белгішелер. Адамдардың көпшілігі пиктограммаларды әлеуметтік желілерде смайликтер түрінде пайдаланады. Бұл ақпарат жеткізу әдісі қоғамдық орындарында және қоғамдық көлікте жиі пайдаланылады, адамдарға инфроқұрылым объектілерде бейімделуге көмектеседі. Пиктограммалар түсінікті, танымал және өте қысқаша болу қажет. Сабақта осы сызбалардың түрлерін біз көбінесе оқушылардың көңіл-күйін анықтау үшін қолданамыз.

Объектілік сызбалар объектілерді бейнелейді және жаңа білімді түсіну мен ұғынуға арналған. Шын мәнінде барлық объектілік сызбалар құрылымдық болып табылады. Білім беруде мұндай схемалар ақпаратты блокпен ұсыну қажет болғанда, мысалы, сабақтарында тақырыпты енгізу, білімді жинақтау немесе жүйелеу барысында қолданылады. Мұндай схемалардағы элементтері белгілердің, символдардың немесе сөздердің көмегімен белгіленуі мүмкін. Мысалы, қазақ тілі сабағында грамматикалық ережелерді өткен кезде осындай схемаларды пайдалануға болады.

Ақпаратты бейнелеудің тағы бір түрі – кестелер. Оқу материалын түсіну мен өз бетінше білім алуда олардың маңыздылығын ұмытып, бағаламауға болмайды. Оқыту барысында болатын процестерге қатысты ақпараттық кестелерді құру осы үрдістердің бүтіндігі мен толықтығын және оларды тиімді басқару үшін толтырылуы қажет білімдердегі олқылықтарды көруге мүмкіндік береді. Кестелерге семантикалық карталар, перфокарталар, тақырыпқа сәйкес құрастырылған кестелер жатады.

Мұндай схемалардың негізгі принциптері: ортасынан сурет салуды бастаймыз, түрлі өлшемдегі нысандарды қолданамыз, түстер мен суреттерді қолданамыз, 5-7 тармақтан артық емес, кем дегенде сөздер, көбірек шығармашылық жасау керек. Көбінесе мұндай схемаларды жасау үшін бағдарламалық қамтамасыз ету қолданылады, бірақ қолдан да жасауға болады. Майндкарталар шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ойлау тиімділігін арттыруға және жадыны жақсартуға мүмкіндік береді.

Схемалардың келесі түрі – бағыттаушы. Сыртқы түрі бойынша бұл схемалар объектілі сызбаларға ұқсас, өйткені бір стильде орындалған, бірақ мақсаты, құрылу уақыты мен мазмұны бойынша ерекшеленеді. Бағыттаушы схемалардың мақсаты – өз бетімен білім алуға қатысушылардың назарын талқылауға бағыттау, образдар, сөздер, ұғымдар арасындағы байланысты іздеу және өзара түсіністікке келуге көмектесу.  Бағыттаушы схемалар жалпы тапсырманың үстіндегі топтың еңбек кезеңінде ұжымдық еңбек процесінде құрылады. Талқылау барысында қандай да бір мәселені шешу кезінде қағаз бетінде топта болып жатқан нақты жағдайды көрсететін таңбалы-символикалық бейнелер тіркеледі – схема пайда болады. Топтың әр мүшесі мәселені  шешу жолдарын іздеуге қатысады және дұрыс я дұрыс емес барлық табылған шешу жолдары схемада көрсетіледі. Осылайша, қорытынды нәтижеге және схеманы жасауға топтың барлық қатысушылары қатысты.

Схемалардың келесі түрі – ұйымдастырушылық-іс-әрекеттілік. Олар жеке немесе ұжымдық субъектілердің қызметін ұйымдастыруға және реттеуге арналған. Мұндай схемалар да өз құрылымы, өзара байланысы және қатынасы бар объектілерді білдіреді, бірақ олар білімді емес, бір тақырыпты немесе бүкіл бөлімді игерудің ұжымдық немесе жеке бағыттарын көрсетеді. Қазақ тілі мен әдебиеттін оқытуда осы әдістің пайдалануы анық нәтижелерді береді. Бұл – оқу материалдарын жақсы меңгеріп, баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді, тұлғаның мәтінмен жұмыс істеу, оның бойында өздігінен ойлау біліктілігі мен ізденімпаздығы, көңілге қонымды ойларын баяндау сияқты қасиеттері қалыптасады.

Ғалия БЕКТҰРҒАНОВА,
Алтынсарин ЖББМ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.