Тәрбие мәселесі: сынып жетекшінің рөлі

Выпуск - №31-32 (427-428)   :   25.08.2020
571

Тәлім-тәрбиенің мазмұны негізінен адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық сезімдеріне келіп тіреледі. Сол себепті сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны зор екендігіне тәжірибемде көзім жетті.

Тәжірибем барысында байқағаным – сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі. Жаңартылған білім аясында сынып жетекшінің артықшылығы – адами қасиетті бойға дарытушы, рухани тәрбие беріп, мәдениетке шақырушы болып табылады. Ол ең биік шыңында жеке тұлға қалыптастырады. Міне, осындай биікке жету үшін алдымен сыныпта жағымды ахуал қалыптасуы тиіс. Оқушы бойындағы өзін-өзі тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін жоспарлы тәрбиелік шараларды жүйелі түрде өткізу уақыт өте келе өз нәтижесін береді. Осы орайда бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, достасуға, қайырымдылыққа үйретіп, ұлы адамдар өмірінен мысалдар келтірдім.

Қатыгездікке, құқық бұзушылыққа қарсы тұруға, өз тәртіптерін, істерін бағалай білуге барынша үйреттім. Сынып оқушылары бір үйдің баласындай тату болу керектігін санасына құйдым. Нәтижесінде сынып ішінде бұл күндері «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» принципі қалыптасты. Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқап, дер кезінде қателігін түзеуге тырыстым. Өткен оқу жылы «Жан-жақты дамыған, кез келген қиындыққа мойымайтын, өзін-өзі бағалай білетін тұлға қалыптастыру» тақырыбында бірталай жұмыстар атқарылды.
Мақсатым – жас жеткіншектердің бойында азаматтық пен Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәмізін құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі бағытында үштік одақтың тығыз байланысын жандандырып, «Отбасы. Қоғам. Мемлекет», «Менің жан дүнием...» тақырыбында әңгімелер өткізілді. Директордың ТЖ жөніндегі орынбасарына кейбір шешімі қиын мәселелер төңірегінде жүгіндім. Көмегі тиді, ол кісі өз ұсыныстарын айтып, сол бойынша мәселе шешілді.

Жалпы жұмыстың қорытындысына тоқталсам. Мектепте өткізілген іс-шаралар мен сынып сағаттары, сонымен қатар тәрбие сағаттары оқушылардың тәрбиелік деңгейінің артуына септігін тигізді деген ойдамын. Үстіміздегі жылы сыныбыммен кейбір облысымыздың тарихи жерлеріне саяхат жасағым келеді. Сондай-ақ «Мың рет өсиет айтқаннан бір рет өнеге көрсеткенің артық» дегендей, мектепте ер азаматтардың ұйымдастыруымен «Әкелер мектебі» жұмысы ашылса деген ниетім де бар. Әр тоқсан сайын сынып сағатын ұйымдастыру барысында тиым сөздер, жеті ата, салт-дәстүрді ата-аналар тарапынан түсіндіруді қолға алмақшымын.
 

Айткүл СЕЙТҚАЛИЕВА,
№28 Құсмұрын ОМ
тарих пәнінің мұғалімі,
Әулиекөл ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.