Тәртіптің маңызды мектебі – отбасы

Выпуск - №000(000)   :   25.08.2020
267

Жасөспірімнің жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі ретінде құқық тәрбиенің маңызы зор. Оған құқықтық білім беру, құқықты қалыптастыру, құқықтық мәдениетке тәрбиелеу жатады.

Адами тәрбиенің жетіспеушілігі тұсында құқықтық тәрбиеге басым назар аударудың қажеттілігі туындайды. Қазіргі кезде елімізде ұрпағымыздың өсіп-өнуіне, қалыпты жағдайда өмір сүруіне кедергі жасап отырған келеңсіз жағдайлардың бірі – тәртіп бұзушылық. Мектебімізде сондай оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында бірқатар тиімді жұмыстар атқарылып, оқушылар арасында түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы тәрбиесі – қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы саналады. «Тәрбие табалдырықтан басталады» деген нақыл сөз өмірден алынған шындық. Сондықтан да бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борышы – сәбиінің саналы тұлға болғанға дейінгі тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Отбасында бала тәрбиесінде теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан да аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Мұның бәрі әке мен ананың бала тәрбиелеудегі үлгі-өнегесіне тікелей байланысты болмақ.

Ата-анасы баласының бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жете көңіл бөліп, қадағалап отырса, оларды әр түрлі іс-шараларға қатыстырып, әдеби шығармашылық оқуға жастайынан дағдыландырса кейін өкініш әкелуі мүмкін оқиғалардың алдын алуға әбден болады. Алайда бала тәрбиесіне салғырт әрі немқұрайды қарап, баласының немен айналып жатқандығына алаңдамай жүретін отбасылар да жиі кездеседі. Ата-аналар да маскүнемдікке салынып, қоғамға қайшы әрекеттер жасап, бала тәрбиесіне, айналасына деген көзқарасына кері әсерін тигізіп, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс мен құқық бұзушылықтың орын алуына әкеп соқтырады. Әр мәселенің түп-төркінінде баланың кішкентайында көрген жағдайлары себепкер болады. Сондықтан әр нәрсеге саналы түрде қараған ләзім.
 

Гүлшат КАРБОЗОВА,
С.Ерғалиев атындағы ОМ
әлеуметтік педагогі,
Б.Майлин ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.