Тіл дамыту – ой дамытудың негізі

Выпуск - №22(670)   :   11.07.2025
945

1

Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда оқушылардың қазақ тілінде ойлау қабілетін дамыту – бүгінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл жұмыс ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Қазақ тілі пәні мен «Тіл дамыту» бағыты бойынша жүргізілетін сабақтарда мәтінді оқу, сөз тіркестері мен сөйлемдермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың жазбаша және ауызша тілін дамытуға ерекше назар аударылады. Мұндай сабақтардың басты мақсаты – оқушылардың ақыл-ойын, сөздік қорын байыту, ойын жүйелі әрі дұрыс жеткізуге, қазақша еркін сөйлеуге үйрету. Бастауыш сынып бағдарламасында балалардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар мен жаттығулар жүйеленіп беріледі. Тіл дамыту жұмыстары көбінесе мәтін мазмұнын әңгімелету, сұрақтарға жауап беру, рөлмен оқу арқылы жүзеге асырылады.
Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі – жаңылтпаш пен жұмбақ. Жаңылтпаштар баланы шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ал жұмбақтар – ойлау мен тіл байлығын жетілдіруге үйретеді. Сонымен қатар, жұмбақ шешу арқылы балалардың қоршаған орта туралы түсінігі артып, сөздік қоры молаяды. Оқушылардың сөйлеудегі қателіктерін түзету мен дұрыс сөйлеуге үйрету – үздіксіз жүргізілетін жұмыс нәтижесінде іске асады. Оқыған шағын кітаптарын, көрген мультфильмдер мен түрлі оқиғаларды қазақ тілінде айтып үйренуге баулу – тіл дамытудың тағы бір тиімді тәсілі. Бұл олардың ойын байланыстырып жеткізу дағдысын дамытады.
Қазақ тілінің құндылығын арттыруда халық ауыз әдебиетінің орны ерекше. Сабақ барысында мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, өлеңдер мен халық ойындарын қолдану – оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда, грамматикалық құрылымын жетілдіруде, дыбыстық қателерді түзетуде таптырмас құрал болып табылады. Қорыта айтқанда, орыс тілді сыныптарда қазақ тілінде ой өрісін дамыту – жүйелі, жан-жақты жұмыс жүргізуді талап етеді. Халықтық мұраны сабақта тиімді қолдану арқылы баланың тілге деген қызығушылығын арттырып, оның тілді еркін меңгеруіне жол ашуға болады.

Айгуль ХАМИТБЕКОВА,
Тобыл мектеп-гимназиясының педагогі

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.