Қостанай қаласындағы №18 мектеп-гимназияда бастауыш сыныптар арасындағы «Ғажайып түстер» онкүндігі аясында «Тілден жүйрік, кім жүйрік?» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Оған қазақ тілінде білім алатын 3 және 4-сынып оқушылары белсене қатысты.
Біздің ұйымдастыруымызбен өткізілген зияткерлік сайысқа мектеп әкімшілігі мен ұстаздар да қатысып, жас тіл жүйріктерінің өнерін тамашалады. Сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәнінен алған білімдерін саралап, тілдік деңгейін көтеру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ел тарихына деген қызығушылығын арттыру және ана тілінде еркін, сауатты сөйлеуге тәрбиелеу болды.
Зияткерлік дода жеті кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Деген екен...» (үй тапсырмасы), «Білімді мыңды жығар», «Сөз болаты – мақал», «Келбет» айдары, «Тапқырлық» және «Эрудит». Әр кезең оқушылардың ойлау қабілетін, тілдік сауаттылығын, тапқырлығын және өнерін айқындай түсті. Іс-шарада оқушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құнды ақпараттарды бойына сіңіріп, білім көкжиегін кеңейтті. Зияткерлік сайысқа әр сыныптан екі командадан, барлығы төрт команда қатысты. Олар: «Зерделілер», «Зеректер», «Қырандар» және «Сұңқарлар» командалары.
Сайыс «Жігерлі болайық!» мотивациялық тренингімен басталып, оқушылардың бойына сенім мен серпін ұялатты. Әр команда капитаны топ мүшелерін таныстырып, команданың ұранымен жігерлендірді. Келесі «Деген екен...» бөлімінде оқушыларға алдын ала берілген үй тапсырмасын орындау ұсынылды. Бұл кезеңде олар Үш бидің аңыз-тарихынан үзінділерді сахналап, актёрлік шеберліктері мен тарихи танымдарын ұштастыра білді. Бірінші бөлімнен кейін, қатысушылар үй тапсырмасына дайындалып жатқанда, аудиториядағы жанкүйерлермен логикалық ойын өткізілді. Оған оқушылар қызығушылықпен қатысып, логикалық сұрақтарға жауап бере отырып, сан қилы логика сырларынан құлағдар болды.
Үшінші бөлімде топ мүшелері еліміздің жетістіктері, тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық тағамдар, бұйымдар, киімдер, ырым сөздер мен тыйым сөздер бойынша блиц-сұрақтарға жауап беріп, болашақта ұлтымыздың болмысын таныта алатын көзі ашық, көкірегі ояу ұрпағымыздың өсіп келе жатқанын байқатты. Бұл бөлім жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы мен білімін айқындады. Ал төртінші бөлімде қазақ әдебиетінің маңызды бөлігі – халық ауыз әдебиетінің бірі, мақал-мәтелдерге көз жүгіртіп, олардың мазмұнын ашудағы шеберлікке тәнті болдық. «Келбет» айдары кезеңінде қазақ әдебиеті мен тарихындағы ұлы ғұламалардың әртүрлі саладағы еңбегі талқыланды. «Естімеген елде көп» демекші, бұл бөлімде қатысушылар бір-бірінен тың ақпараттар алып, санасына тоқыды.
Бесінші бөлімде «Тапқырлық» деген атына сай, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану және жаратылыстану пәндерінен ақпараттар қамтылды. Оқушылар «Қазақ хандығы», «Салт-дәстүр», «Ұлттық құндылық», «Грамматика», «Жұмбақтар», «Желтоқсан оқиғасы» сынды бағыттардың бірін таңдап, сұраққа толық жауап беріп, оны дәлелдеуге тырысты. Ал «Эрудит» бөлімі бірнеше тапсырмадан тұрды. Бірінші тапсырмада оқушылар тұрақты сөз тіркесінің мағынасын бір сөзбен айтып, мысал келтірді. Келесі тапсырмасында ребус шешіп, 3-сыныптың топтары ребус шешімін тәуелдесе, 4-сыныптың топтары септеді. Соңғы тапсырмасында шағын эссе жазды. Онда әрине, ең алодымен эссе талаптары ескеріліп, оқушылар оларды орындау үшін қажетті кеңестер алды.
Әр бөлімді қазылар алқасы бағалап отырды. Бұл зияткерлік сайыста өзара бағалау, өзін-өзі бағалауға да мән берілгенін айта кеткен жөн. Сайыс нәтижесінде Бас жүлдені «Зеректер» тобы жеңіп алды. І орынды «Зерделілер» тобы, ІІ орынды «Сұңқарлар» тобы, ІІІ орынды «Қырандар» тобы иеленді. Осылайша, тағылымға толы зияткерлік сайысты 4-сынып оқушысы Әділет Сағи «Тепеңкөк» күйімен тәмамдады.
Айнагуль ЖУМАТОВА,
Гулбагдат БОЗЖИГИТОВА,
№18 мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімдері,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.