Бастауыш сыныпта қолданылатын тиімді және нәтижелі педагогикалық әдіс-тәсілдер өте көп. Солардың ішінде үлкен назар аударуға тұрарлық тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдыларына тоқталып өткім келеді.
Тілді оқытудың тәсілдері көп екені белгілі, алайда әлеуметтік-лингвистикалық тәсіл тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда қандай тіл орынды екенін түсіну маңызды (жазбаша және ауызша). Оқушылар тиісті әлеуметтік тілді, соның ішінде нақты жағдайға сәйкес келетін грамматиканы, құрылымды және лексиканы таңдай алу үшін мұғалімдер мәтіннің мақсатын және оның кімге, қандай аудиторияға арналғанын түсінуге көмектесу керек.
Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мән-мәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылады. Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп еңгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады.
Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, соданкейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін. Бастапқы кезеңдерде оқушылардың осыған дейін меңгерген білімін қазіргі кезде оқып жатқан көптеген жаңа түсініктерімен байланыстыру маңызды болып табылады.
Білім мен дағдыларды қарапайымнан бастап күрделіге қарай және нақтыдан абстрактіге қарай қалыптастырған маңызды. Ең алдымен, мұғалім қажетті түсініктерді оқушылар бір-бірімен сөйлескен кезде пайдаланатын тілдің көмегімен енгізу керек. Сонымен қатар, материалдардың табиғатымен байланысты тілді пайдаланған орынды болмақ. Оқушылар нақты тілді пайдаланып, нақты заттар арасында байланыс орнату үшін материалдарды пайдалануға немесе әрекеттерді іске асыруға қатыстырылуы керек. Оқушылар тақырыппен танысқаннан кейін ғана түсінікпен байланысты техникалық тіл немесе терминология оқытылуы тиіс. Жаратылыстану және математика сияқты пәндерде оқушылар ұғымдарды нақты түсінгеннен кейін ғана формулаларды ұсынуға болады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек.
Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы қажет. Шын мәнісінде, бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады. Бұны өзімнің тәжірибем барысында байқағандықтан, сенімді түрде айта аламын.
Гульжан ЕРМАГАМБЕТОВА,
Жамбыл орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы
Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».
Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.