Ұлттық құндылықты бала бойына сіңіру

Выпуск - №35(632)   :   05.09.2024
1527

1


Дәстүрлі тамыз конференциясы аясында Қостанай қаласындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің секциясында мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру бойынша тәжірибемізбен бөлістік.
Біздің секция «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мұрасы» педагогикалық идеялар панорамасы» деп аталды. Гульсум Саденовна қазақ халқының мәдениетін таныстыруға, білімді нақтылауға, жүйелеуге, тәжірибелік іс-әрекеттің әдіс-тәсілдерін меңгеруге, әлеуметтік ортаның заттары мен құбылыстарына адами қатынасты тәрбиелеуге бағытталған көлемді киізден жасалған дидактикалық ойындар жинағын ұсынды: «Кілемді әшекейле», «Үй бұйымдарын безендір» ою-өрнегі», «Ою-өрнекті ата» және т.б.

Ойын әрекетінің барлық түрлеріне – дидактикалық, рөлдік не басқа да ойын болсын – ұлттық нақыш беру ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіруде үлкен мәнге ие екендігін атап өтті. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің ішінде ұлттық ойындардың ерекше орын алатынын атап көрсетті. Олардың ішінде асық ойындары басты рөлге ие. Асықты – қазақ халқына ортақ ұлттық мұра деп батыл айтуға болады. 2017 жылдың желтоқсан айында қазақтың асық ойыны ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгеніне ерекше тоқталып өтсек лізім.

2

Сонымен, Гульсум Саденовна жалпы балабақшадағы «Асық жинайық» жобасына қатысып, танымдық ойындар жасауға арналған асықтардың үлкен жинағын жинады. Ол асық – балабақшада баланың танымдық қабілетін дамытуға ең қолайлы ойын түрі екенін атап өтті. Балалар асық ойнайтын көне ұлттық ойындардың ережелерімен танысады, сонымен қатар асықтар балалар іс-әрекетінің барлық түрлерінде тәрбешінің көмекшісі болады. Ұйымдастырылған іс-әрекетте «асық сүйегінің» көмегімен балалар геометриялық фигураларды санауды, өлшеуді, орналасуды үйренеді.

Асық ойыны баланың ұсақ моторикасын, қозғалысты үйлестіру деңгейін, кеңістіктік ойлауын, сенсорлық нормаларды және т.б. дамытуға ықпал етеді. Асықтарды пайдалана отырып, кішкентай балалармен санау ұғымдарын бекітуге болады. Тәрбиешінің нұсқауы бойынша балалар асықтарды көлемі, түсі (кемпірқосақтың негізгі түстерімен боялған) бойынша таңдап, оларды сымдар мен бауларға салады. Ересек және мектепалды даярлық топтарында асықтарды қолдану күрделене түседі. Мысалы, сауат ашу мен математика пәндлерін оқытуда қызыл, көк түске боялған асықтар қолданылады.

«Тәй Қазан», «Асық жина», «Кілемді асықпен безендір» дидактикалық ойындары танымдық белсенділікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Келесі кезекте Гульсум Саденовна секцияға қатысушыларды «Жас ұрпақ тәрбиесіндегі қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мұрасы» атты шеберлік сыныбына шақырып, балалардың рөліне кіруге мүмкіндік беріп, ұсынылған ойындарды ойнатты. Шеберлік сынып аяқталғаннан кейін секция қатысушылары өз сұрақтарына толық жауап алды.

Артынша Марияш Қожахметқызы мұғалімдермен QR-код арқылы «Мен Қазақстанның ұлттық құндылықтарын білемін бе» атты жедел сауалнамасын жүргізді. Тәрбиешілерге белгілі бір уақыт ішінде 20 сұраққа жауап беру және осы мәселе бойынша кәсіби құзыреттілігін бағалау ұсынылды. Осылайша, дәстүрлі тамыз конференциясы аясында ұсынған жұмыс тәжірибемізге қатысушы педагогтер жоғары бағасын берді.

Гульсум САКТАГАНОВА,
Мәрияш ЖАНУЛИНА,
№17 бөбекжай тәрбиешілері, Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.