Үзілістегі ойындардың пайдасы

Выпуск - №30-31(627-628)   :   16.08.2024
1021

image


Бәрімізге белгілі, ХХІ ғасыр – білімділер дәуірі. Сондықтан, заманымызға сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру – еліміздің алға қойған аса маңызды міндеті.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – бастауыш сыныпта беріледі. Ал, баланың денсаулығы, ой-өрісі жақсы дамуы үшін мектептегі үзіліс уақытында түрлі ойындарды өткізген тиімді. Үстел ойындары (ағылш. board – ағаш тақтай, ағылш. game – ойын) – үстел үстінде алдын ала дайындалған «ойын алаңын» пайдаланатын ойындар. Бұл ойындардың дәстүрлі түрлері: шахмат, дойбы, нарды және т.б. Аталған ойындарда белгілі қалыппен сызылған дайын ағаш тақтай қолданылады.
Ойын барысында ойын алаңымен бірге көбіне текшелер немесе карточкалар қолданады. Олар ойынның кезекті жүрісін немесе ұпайларды белгілейді. Үзіліс уақытында біз сыныпта үстел үсті дидактикалық ойындарды ойнатамыз. Ата-бабаларымыздан қалған өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын баланың сана-сезіміне құйып, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіру қажет.
Дидактикалық ойында балалар асық суреті бейнелеген кубикті лақтырып, қай асық түсі шықса, соған сай ұяшықты ашып, астындағы суреттегі ұлттық қиім, бұйымдар немесе тағам түрін атайды. Сол сөзбен сөйлем құрайды, сөзге дыбыстық талдау жасайды немесе оның дайындалу жолы туралы ойларын ортаға салып, талқылайды. Мұндай ойындар балалардың сөздік қорының кеңейіп, ойын еркін жеткізуіне септігін тигізеді деп ойлаймын.

Айгерим ТАЙКЕНОВА,
Абай негізгі орта мектебінің бастауыш
сынып мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.