Жаңаша оқыту – қазіргі заман талабы

Выпуск - №5(553)   :   03.02.2023
597

Жаңартылған білім аясында бастауыш сыныпта инновациялық технологиялар – білім сапасын арттырудың кепілі. Тәжірибемде оны өз дәрежесінде пайдалану – оқушыны шығармашылыққа төселдіруге ықпалы өте зор деген шешімге келдім.

Оқытудың тиімділігін арттыру үшін өз сабақтарымда жаңа технологияларды қолданамын. Жаңа технологиялардың ерекшелігі – оның оқушыға жан-жақты ықпал етуі. Яғни, тек білімді немесе оқу бағдарламасын меңгертіп қоймай, жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін: есту, көру, бекіту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, белсенді сөздік қорын дамытуға, өздігінен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасын жетілдіру, әрі жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жетелейді.

Заман талабына сай әрбір ұстаз сабақтарында оқушылардың біліктілігін арттыру үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін кеңінен пайдалану керек деп ойлаймын. Кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонда ғана өзін-өзі дамыта алатын, өзін-өзі жетілдіре алатын қоғамның белсенді, білімді жеке тұлғасын қалыптастыра алады.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау білім бағдарламасының негізгі мәселесі болып отыр. Ең басты нәрсе – жеке тұлғаның қабілетін ашу. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту арқылы олардың бойынан: адамгершілікті, ізгілікті, дүние танымды, белсенділікті, қабілетті тұлғаны, жоғары мәдениеттілікті көре аламыз. Ұлттың ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсарин: «Егер, бала бірдеңені түсінбесе, мұғалім кінәлі», – деген даналық сөзді педагогикалық ұстанымыма айналдырып алдым. Дегенмен, әлбетте, бастауыш сынып оқушыларының қабылдау мүмкіндіктері түрліше болып келетінін де естен шығармаған абзал.
Қазіргі таңда бірінші сыныпта сабақ беремін. Оқыту барысында шәкірттерімнің жас және жеке ерекшеліктеріне қарай оқу материалдарын жеткізудің сан түрлі әдіс-тәсілді қолданамын. Саналы түрде бағамдап қарасақ, қазіргі таңда оқытудың, білім берудің инновациялық технологиялары өте көп. Бастауыш білім – бар білімнің бастауы деп жатамыз. Осыған сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен білім-білік дағдыларын жетілдіре отырып,оларды жан-жақты дамыту – менің басты мақсатым деп білемін.

Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруда қолданылатын жаңа әдіскерлік тәсілдердің талабы қандай болмақ?» деген орынды сауал туындайды. Бұл: оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу, оқушылардың қызығушылығын дамыту, өз бетімен жұмыс істеп, шешімін қабылдауға мүмкіндіктер туғызу. Осы талаптарды жүзеге асыратын сын тұрғысынан ойлау және жазу әдістемелік жүйесі. Олай дейтін себебім: бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушыларды оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Осы орайда сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – педагогтің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді игеруі. Аталмыш әдістің нәтижесінде неғұрлым дамыған оқушының жеке тұлғасы қалыптасады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалуға үйретеді. Сондықтан өзім жетекшілік ететін сыныбымда осы технологияның стратегияларын тиімді қолданамын және ол оқушыларымның сабаққа қызығушылығын арттыруыма, білім сапасының артуына елеулі үлес қосты дей аламын. Оған бірнеше мысалдар келтіре кетейін.

Сабақты бастамас бұрын сол сабаққа баланың ойын, көңілін, пейілін бұрып алу керек. Сондықтан оқушының қызығушылығын ояту мақсатында ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: математика сабағында «Кім жылдам?» ойыны арқылы үйге берілген немесе өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтауды мақсат ете отырып, ойын барысында оқушының ынтасын арттырамын. Мұндайда сабаққа белсене қатысып, жауап беріп жатқан жанындағы балаларға қарап, сыныптағы момын, көп сөйлей қоймайтын баланың өзі ынталанып, пәнге қызығушылығы оянады.

Кейде қызығушылықтарын арттыруда сыныпты топқа бөліп жіберемін де, өмірмен байланысты өзекті тақырып беремін. Мысалы, ана тілі сабағында «Ара мен шыбын» тақырыбын өтпес бұрын «Ой шақыру» стратегиясын пайдаланып, бірінші және екінші топқа жауабы ара мен шыбын болатын жұмбақ жасырсам, үшінші топқа ребус шештірдім. Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатып, яғни бұл бұрынғыдай: «Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз...» деген дайын дүниені айтып беруден алыстадым.

Тақырыппен танысқан соң оның мағынасын ашу қажеттілігі туындайды. Мұнда «Венн диаграммасы» әдісін қолдандым. Біріншіден, мұнда сабақ аралық байланысты қалыптастырдым, бұларға ортақ қасиет ара да шыбын да жәндік бунақ дене. Енді «Ой ұштау» стратегиясы арқылы ара мен шыбынның өздері білетін ерекшеліктері туралы айтады. Мағынаны ашу барысында баланы жалықтырып алмас үшін әрі танымдық дағдыларын байыту мақсатында мен арнайы оқулықтан тыс ақпараттарды айтып өтемін.

Жаратылыстану сабағында «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы тақырыптағы негізі идеяның не екенін, егер бала кейіпкердің бірі болса не істер еді, автор жалпы нені жеткізгісі келгені жайлы талқылау жүргізіп, аталған мәселелерді шештік. Ана тілі сабағында «Рөлге бөліп оқыту» және «Сахналау» стратегиясы арқылы оқушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай жасай отырып, шығармашылық дағдысын шыңдай түсуге мүмкіндік туындаттым. «Топтастыру» стратегиясы арқылы ара мен шыбынға мінездеме беруге және сол арқылы автор адамдардың қандай қылығын сынағанын саралаттым.

«Ситуациялық жағдайды анықтау» стратегиясы арқылы қонақ күту, тазалық, қонаққа шақырудың да, қонақта болудың да мәдениеті бар екендігін сараптата келіп, оқушылардың ойын дамыттым, кейіпкердің орнында өзі болса қандай күйде болатындығы жайлы сұрап, сол арқылы өткен тақырып туралы ой толғаныс жасаттым. Осылайша автор ойы мен өз ойын сабақтастыра білуге, дұрыс сөйлей білуге, ой-пікірін дұрыс жеткізе білуге бағыттап, машықтандырдым, яғни осындай әдістердің көмегімен бала күрделі ойлау өнерін меңгерді.

Ал дарынды оқушылармен жеңілден күрделіге бағыттайтын тапсырмамен жұмыс істейміз. Олар үшін ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден-бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін-өзі тануына өзіндік «менін» қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау да ойландыратын тапсырмалар ұсынамын. Мен өзімнің тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін пайдалану арқылы неге қол жеткіздім. Ең бастысы, оқушыларымды тақырыпты талдай білуге машықтандырдым, шығарманы тек оқып қана қоймай, оның тәрбиелік мәнін ұқты.

Бұндай әдістер жоғарыда айтып өткенімдей, автор ойы мен өз ойын сабақтастыра білуге үйретеді және оқыған, естігендерінен ойларын тұжырымдай білуге дағдыландырады. Нәтижесінде сыныпта қатыспай қалған бала болмады. Олар өз пікірлерін дәлелдеп және өзінің ғана емес, өзгенің де ойын тыңдай білуге талпынды, оқушының тілдік қоры, сөйлеу дағдылары шыңдалды. Оқушы мен мұғалім арасында бірізділік қарым-қатынас қалыптасты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыта берейік дегім келеді.


Роза ЖАРКИМБЕКОВА,
М.Дулатов атындағы ЖББМ
бастауыш сынып мұғалімі,
Рудный қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.