Жарқын елдің шамшырағы

Выпуск - №20 (568)   :   27.05.2023
670

Қазақ мектебінің болашағы туралы Мағжан Жұмабаев: «Әр елдің келешегі мектебіне байланысты», – деп айтып кеткендей, еліміздің тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор.

Арқалық қаласындағы Б.Майлин атындағы №3 ЖББ мектебінде «Жарқын елдің шамшырағы – жас маман» атты жас мамандар байқауы өтті. Байқау жас педагогтердің әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және олардың беделін көтеріп, ұстаздық мамандығына деген жастардың қызығушылығын арттыруды көздеді. Байқауға 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 3 жас маман қатысып, бақ сынады.

Сайыс 4 бөлім бойынша өткізілді. Алғашқы «Таныстыру» кезеңінде байқау қатысушылары өзі туралы және өзінің қызметі, атқаратын ұжымын қызықты етіп таныстырулары керек болды. Ал «Өнерлінің өрісі кең» атты екінші кезеңде жас мамандар шығармашылық қабілетін, өнерге бейімділігін аша білді. Ал «Білікті маман – ел тірегі» кезеңі жекелеген мамандықтар негізінде сұрақ-жауап арқылы қатысушылардың білім деңгейін, кәсіби біліктілігін, ой-өрісін тексеру мақсатында өтті. «Мамандығым – мақтанышым» атты төртінші кезеңде әр қатысушы сабақтан үзінді көрсетіп, іс-тәжірибесін, қарым-қабілеттерін байқатты. Осылайша аталған кезеңдерден өту арқылы, жас мамандар өздерін таныстырып, жағдаяттық сұрақтарға жауап беріп, бойындағы өнері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, жаңа қырынан таныла білді.

Байқауға мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанатбек Кожиков Тургинбекұлы, кәсіподақ кеңесінің төрайымы Глебова Гулмира Николаевна, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жақсылықова Жұлдызай Балғабайқызы қазылық жасады. Қызықты да мағыналы, тартысты өткен байқаудың нәтижесі бойынша тарих пәнінің мұғалімі Мәлік Бақыт Амангелдіқызы«Үздік жас маман-2023» номинациясы мен I орынға, математика пәнінің мұғалімі Фазылжанов Айбек Қадырұлы «Жаңашыл жас маман» аталымы мен II орынға, бастауыш сынып мұғалімі Аида Жарқынбекқызы «Ізденімпаз жас маман» номинациясы мен ІІІ орынды иеленді. Байқау қорытындысы бойынша директор Ахатов Нұрдаулет Ахатұлы мен қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттап, кәсіподақ комитеті дайындаған арнайы сыйлықтарын табыстады.

Б.Майлин атындағы мектептің ұстаздар қауымы жас мамандарды жеңістерімен шын жүректен құттықтайды. Жүрегінде балаға деген мейірім шуағы бар жандар ғана ұстаз бола алады. Сондықтан біздің жас мамандарымыз оқушыларға жан-жақты білім беріп қана қоймай, оқушылардың өз бетінше ізденуіне дайындайды. Болашақ – жастардың қолында. «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», – деп Ахмет Байтұрсынов айтып кеткендей, ел ертеңі – ақылына білімі сай, тәуелсіз елдің жастары. Сондықтан жауапкершілікті терең сезініп, жас мамандарға әрқашан сенім биігінен табылуына тілектеспіз.


Индира БАЛТАБАЕВА,
Б.Майлин атындағы
№3 ЖББМ директорының
ғылыми-әдістемелік істер
жөніндегі орынбасары,
Арқалық қаласы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.