«Өнерлінің өрісі кең» деп бекер айтылмаса керек-ті. Өнерлі баланың дарыны жастайынан байқала бастайды. Ал қабілетін ары қарай дамытқысы келсе, өнер жолына түседі. Бұл бағытта шәкіртпен жиі жұмыс жүргізілуі керек.
Шағын концерттік бағдарлама – музыкалық оқу орындарында көпшілік алдында өнер көрсету және техникалық, академиялық сынақ, емтихандарда басталады. Ең қиыны мамандар алдында өнер көрсету, әр түрлі кәсіби байқауларда бақ сынау. Оқушы сахна төріне бір-екі шығармамен шықса да, алғашқы қадамы сәтті басталу үшін ұстаз алдында оны ыждаһатты дайындау міндеті тұрады. Әрбір сахнаға шыққан сәті ләззат алу мен мерекеге айналуы тиіс. Баланы жастайынан музыка мектебіне, алғаш сабаққа келгеннен бастап-ақ орындаушылық қағидаларды түсіндіріп, халық алдына шығуға сүйіспеншілік сезімін арттыру керек.
Сахна төріне шығып, өнерін әр түрлі байқауларда, концерттерде көрсету – өте жауапты іс. Оқушы сахнаға шығар алдында шығарма авторының, өзінің, ұстазының алдында жауапты екендігін, ол үшін өмірінің бір шартты кезеңі екендігін де әрдайым түсіндіріп отырғаны жөн. Сахна мәдениетіне, жүріс-тұрысына, шығарманы орындаудағы өзіндік сезіміне, эмоционалдық күйіне мән беріп, көпшілікпен қатынасын қалыптастырып, өзін жаттықтыру қажет. Үнемі дайындықта болып, концерттік, конкурстық шығарма пісуі керек. Ол үшін тыңғылықты дайындалып, тиянақты түрде бірнеше рет орындау, шығарманың әрбір қиын бөлшектерін жеке орындау өте жақсы көмектеседі және оқушының қалай демалып, қандай тағам жейтініне көңіл аударған жөн.
Концертке немесе байқауға шығар алдында орындалатын шығармаларды, бірінен кейін бірін бағдарлама бойынша тұтас қарап, уақыты, бастауы, аяқтауға да жаттықтырған дұрыс болады. Тіпті бір күн болса да кейбір ұстаздардың сыныптарында бір-екі шығармалар «шикі» аяқталған болады да, оқушы қалған шығармаға қызықпайды және өте нашар орындайды. Мұндай жолдардан арылу үшін алдын ала бағдарламаға жоспар құру қажет, ең қиын нөмір байқау алдында дайын болғаны абзал. Шығарма таңдауда оқушының қабілетіне, деңгейіне, талпынысына және мінез-құлқына мән берген жөн. Шығарманы басынан аяғына дейін бір дәрежеде орындау үшін талпыныс керек. Сондай-ақ өзін магнитофонға жазып, ұстазбен бірге тыңдап, жетістіктерін, кемшіліктерін саралау да өзіндік пайдасын бермей қоймайды. Ал ұстаз орындаушы шығарманың қыр-сырын толық қамтуына, оның формасын біріктіріп, мазмұндық бейнесін ашып, шығармадағы тұтастықты сездіруі және оқушының бойына сенімділік сезімін ұялата білуі қажет.
Сонымен қатар ұстазға оқушылардың орындаушылық мүмкіндігін өсіру үшін, сыныпта сол шығармаларды дайындап қана қоймай, бұрынғы өткен шығармаларды есіне түсіріп, жаттықтырып, бастағаны да пайдалы болмақ. «Қайталау – оқудың анасы» екенін әрбір ұстаз ұмытпағаны абзал. Оқушыны сахна өнеріне шыңдауға сайыстардың да атқаратын маңызы зор, сондықтан әрбір тәжірибелі ұстаз әрбір оқушысының қабілетін, дарынын көре біліп, шыңдау, сахна өнеріне тәрбиелеу қажет екенін мақсат қылып қоя білсе, ұстаздың да шеберлігі айқындала түспек.
Б.Белгибаева,
қобыз сыныбының оқытушысы,
А.Тоқмағамбетова,
домбыра сыныбының оқытушысы,
№1 музыкалық мектебі,
Қостанай қаласы
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!
Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.